|
ҚР Парламенті Мәжілісіне cайлау |
|
|
|
ХАБАРЛАНДЫРУ ҚР Парламенті Мәжілісіне мерзімінен бұрын өтетін сайлауға дауыс беруге келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына
Құрметті сайлаушылар!
ҚР Президентінің 2011 жылы 16 қараша айындағы № 175 жарлығына сәйкес, 2012 жылғы 15 қаңтар айында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне мерзімінен бұрын сайлау өтеді. Cайлауға қатысуға ниет білдірген қазақстан азаматтарын осы жылғы 30 қараша айына дейін өз жеке мәліметтерін (Аты-жөні, әкесінің аты, туылған күні, ГФР-дағы мекен-жайы, телефоны) ГФР-дағы ҚР Елшілігіне келесі электрондық мекен-жайға жолдауын сұраймыз:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
,
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Құрметпен,
ГФР-дағы ҚР Елшілігінің №125 сайлау учаскелік комиссиясы, Nordendstr. 14-17, 13156 Berlin |
|
ҚР Парламенті Мәжілісіне мерзімінен ерте сайлауы туралы |
|
|
|
2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған ҚР Парламенті Мәжілісіне мерзімінен ерте сайлауы туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Конституциясының 63-бабына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 85, 87-баптарына сәйкес, ҚР Президенті Н.Назарбаев ҚР Парламенті Мәжілісін тарату және мерзімінен ерте сайлауды 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Шетел журналистерінің және корреспонденттерінің сайлауды бақылауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі беретін тұрғылықты немесе уақытша тіркеу туралы куәлігі болған жағдайда ғана құқығы бар. Құрметті Ханымдар мен Мырзалар, шетел бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тіркеу үшін өтініш беру мерзімі 2012 жылғы 5 қаңтарда аяқталатынын ескертеміз.
Сайлауды байқауға қатысу үшін Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің баспасөз-қызметіне Nordendstr. 14-17, 13156 Berlin мекенжайы бойынша немесе
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
электрондық поштаға келесі құжаттарды жолдау қажет: 1. Журналисті жолдаушы мекеменің хаты; 2. Паспортының көшірмесі; 3. Толтырылған тіркеу формасы (қосымшада); 4. Фото 3х4.
ГФР-дағы ҚР Елшілігінің баспасөз-қызметі
Тіркеу формасы
|
|
2011 ж. 23 желтоқсан |
|
|
|
ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаевтың Берлинге қызмет сапары туралы
Ү.ж. 23 желтоқсанда ҚР СІМ Жауапты хатшысы, EXPO-2017 жобасының ұлттық келістірушісі Рәпіл Жошыбаевтың Германияға қызметтік сапары өтіп, басты тақырып ретінде EXPO-2017 халықаралық көрмесін Астанада өткізу туралы Қазақстанның ұсынысын ілгерілету сұрақтары талқыланды. Сапар барысында Р.Жошыбаев ГФР Экономика және технологиялар Министрінің орынбасары, сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша қазақ-герман Үкіметаралық жұмыс тобының Тең-төрағасы Карл-Эрнст Браунером кездесті.
|
|
Толығымен...
|
|
2011 ж. 5 желтоқсан |
|
|
|
Е. Қазыхановтың Бонндағы кездесулерінің назарында – Екіжақты ынтымақтастық, Ауғанстанды тұрақтандырудың келешектері
5 желтоқсандағы Ауғанстан бойынша Халықаралық конференция шеңберінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов өзінің Германия, Ирак, Индонезия, Малазия, ҚХР, Түркменстан және т.б.елдердегі әріптестерімен бір қатар кездесулері болып өтті. Атап айтқанда, Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевичспен кездесуі барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуын, соның ішінде, транспорт және логистика саласындағы мәселелерін талқылады. Әңгімелесуші тараптар ынтымақтастық көлемі әлі өзінің толықтай әлеуетін көрсете алған жоқ деген ортақ ойларын жеткізді. Сондай ақ, кездесу алаңында саяси диологтың жоғары деңгейін және қазақстан-латвия үкіметаралық комиссиясының тиімді қызметін атай отырып, кең көлемдегі ынтымақтастықты ұлғайтудағы ниеттерін дәлелдеді. Қазақстанның Еуропалық Одақпен, Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қоса, Қазақстанның БҰҰ ҚК 2015-2016 жж. тұрақсыз мүшесі ретінде және ЭКСПО 2017 арнайы халықаралық көрмесін өткізу ұсынысы жайлы да аталып өтті.
|
|
Толығымен...
|
|
2011 ж. 1 желтоқсанда |
|
|
|
Берлинде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы тойланды
2011 жылы 1 желтоқсанда ГФР астанасы Берлин қаласының орталығындағы «Urania» конгресс-холында ҚР Германиядағы Елшілігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік концерт пен салтанатты қабылдау ұйымдастырды. Қазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтау үшін ГФР-дің көрнекті қоғам, мәдени және саяси қайраткерлері, Бундестаг пен Ландтагтар депутаттары, министрліктер мен ведомство басшылары, Берлинде тіркелген дипломатиялық корпус қызметкерлері, БАҚ, қазақ диаспорасы, Қазақстаннан Германияға көшіп келген неміс ұлты, студент жастар, сондай-ақ Германияның іскер топтар өкілдері, бас-аяғы 1000 жуық, қонақтар келді.
|
|
Толығымен...
|
|
<< Басынан бастап < Алдыңғы бет 1 2 3 4 5 6 7 Келесі бет > Соңғы бет >>
|
|
1 беттен 7 бетке дейін |
Елшінің алғы сөзі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
 Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...
Пайдалы сілтемелер
|