Туризм саласы
Қазақстандағы туризмнің мүмкіншіліктері туралы ақпарат веб-сайттарда жарияланған: www.visitkazakhstan.kz, www.kasachstan-tourismus.de

Қазақстандағы туризмнің дамуы туралы

Туризм саласы экономиканы дамыту көздерінің бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Тәуелсіздік алған соң мәдени және тарихи құндылықтарды жаңартуға бағытталған бұл саланы дамытуға алғышарттар жасалды. Сонымен қатар бұл өз кезегінде көліктік, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің дамудың ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі деп жариялады.  
1993 жылы егемен Қазақстан Дүниежүзілік туристік ұйымына мүше болып, туризмді дамытудың алғашқы бағдарламасын жасаған болатын. Ал 1997 жылы «1997-2003 жылдары аралығында Ұлы Жібек жолындағы тарихи орталықтарды қайта жаңарту, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және туристік инфрақұрылымдарды құру туралы» мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Қазақстан-2030 дамуының стратегиялық бағдарламасында да бұл саланың аса зор маңызы бар екені атап көрсетілген. Тиімді және бәсекеге қабілетті туристік бизнесті және осы мақсатқа сәйкес имиджді орнықтыру мақсатындағы 2003-2005 жылдарға арналған жоспарланған жоба табысты жүзеге асырылды.
ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасында туризм дамыту мәселесіне арнайы назар бөлінген. Бағдарламада қойылған мақсаттарға сәйкес, мемлекет іскер топтармен бірігіп еліміздің барлық облыстарында туристік инфрақұрылымды белсенді қалыптастыруда. Бұл орайда, халықаралық түристік орталықтарды, курорттарды және демалыс аймақтарын құрастыру саласындағы келесі үш ірі жобаны атап өтуге болады: Маңғыстау облысындағы «Кендерлі», Ақмола облысындағы «Бурабай» және Алматы облысы Қапшағай суқоймасы жағалауындағы «Жаңа Іле». Аймақ деңгейіндегі жобалардың ішінде Ақмоладағы «Шаржұм» демалыс аймағын, «Қатон Қарағай» емдеу-сауықтыру кешенін, «Шеберлер ауылы» этнографиялық кешенін және де Алматы облысындағы «Талхизді» секілді жобалар көзге түседі.
Сонымен қатар, «Батыс Европа – Батыс Қытай» көлік коридоры бойында дамып келе жатқан туристік кластерлердің маңызы зор. Жалпы алғанда, халықаралық стандарттарға сай 48 түристік орынның ашылуы көзделген. Қазіргі таңда жаңа түристік бағыттар, оның ішінде, қалалық туризм, белсенді және санаторийдегі демалыс, тарихи-мәдени туризм, сондай-ақ экотуризм.
Қазахстанда 9000 аса археологиялық және тарихи мұралар, 118 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, олардың арасында 11 мемлекеттік ұлттық табиғи парк ашылған. Елдегі ең танымал орындар Алматы облысындағы «Алтын Емел» мен «Іле-Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», Ақмола облысындағы «Көкшетау» мен «Бурабай» болып табылады. «Тамғалы Тастағы» жартасқа салынған суреттер, Шарын шатқалы, «Сыңғырлауық құмдар» және «Бесшатыр» сақ қорғандары аса көрнекті деп саналады. Экотуризмді көпшілік арасында тарату мақсатымен «Іле-Балхаш Регатасы» және «Ертіс меридианы» секілді шаралар үнемі ұйымдастырылады.
Қазақстанда тау шаңғысы спортымен шұғылдануға қажетті барлық жағдай жасалған, бұл тұрғыдан алғанда еліміз биік таулы елдерден кем емес. Әсіресе, Алматыдағы «Шымбұлақ» пен «Медеу» спорт кешендерін, Ақмола облысындағы Щучинск-Бурабай демалыс аумағын атап өтуге болады.
Қазақстан тұрақты даму мен беделі көтерілуінің арқасында бүкіл дүние жүзіне танылып отыр және осыған туризм өз үлесін қосады. Бұған дәлел ретінде Дүниежүзілік Туристік Ұйымның 18-ші Бас Ассамблеясы және Азиада-2011 секілді ірі халықаралық шаралардың Қазақстанда өткізілуі деп айтуға болады.
Қазақстандағы туризм туралы қосымша ақпарат келесі веб-сайттарда жарияланған: www.visitkazakhstan.kz, www.kasachstan-tourismus.de