ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУ ТӘРТІБІ
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды.
Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз.
Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУ ТӘРТІБІ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 08-1/1, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесiн бекiту туралы
2002 жылғы 28 маусымдағы N 98 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы Уақытша Ережесiнiң 6 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса берiлiп отырған, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесiн бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік хатшысы -
Сыртқы істер министрі Қ К. Тоқаев
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Г.В. Ким
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысы Әділет министрінің
Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 28 маусымдағы
Сыртқы істер министрінің N 98 бұйрығымен бекітілген
2002 жылғы 22 мамырдағы
N 08-1/1 бұйрығымен
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің
мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының,
шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге
қатысты құжаттарды талап ету
Ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 \"Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы\" қаулысының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрленген және Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi, консулдық мекемелерi мен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Ережелер азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн әдiлет, прокуратура, сот органдары, әлеуметтiк қамтамасыз ету және денсаулық сақтау туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi, сондай-ақ өзiнiѕ құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Мұраәаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет), Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест Қазақ қоғамы сияқты Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерiне соңдай-ақ тiкелей анықтама жүргiзу мен құжаттар талап ету тәртiбiн жүзеге асыра алатын тұлғаларға қатысты емес және оны өзгертпейдi.
3. Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкілдіктерiнен, консулдық мекемелерiнен келiп түсiп жататын сұрау салуларды, Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету және Қазақстан Республикасында анықтама жүргiзудi орындау Консулдық қызмет департаментi арқылы:
1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi талап ету бойынша - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының АХАТ бөлiмдерi, сондай-ақ Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет;
2) Әлеуметтiк-құқықтық сипаттасы (еңбек стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуәын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және арнайы мемлекеттiк мұрағаттарында, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында жатқан құжаттар бойынша мәлiметтер талап етудi Мәдениет, ақпарат және келiсiм министрлiгiнің Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика мен ақпарат орталығы (Департаментi);
3) Ұйымдарда ведомстволық сақтауда жатқан құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi талап ету бойынша - тиiстi мемлекеттiк органдар мен олардың жүйесiндегi мекемелер;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң құзыретiне кiретiн құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;
5) Бiлiмi туралы құжаттарды, сондай-ақ жоғары бiлiм деңгейiн растайтын құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;
6) Саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан олармен байланыс үзiлген, оның iшiнде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркiнен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын iздестiру бойынша, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери iс-қимыл кезеңдерiнде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалар қабiрлерiнiң сақталғандығы туралы анықтама жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қазақ қоғамы;
7) Емделуде болғаны, кәсiби аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтердi талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет жүзеге асырады.
Мәлiметтер (мұрағаттық анықтамалар) азаматтарға олардың өздерi туралы және олардың асырауындағы немесе олардың қамқорлығындағы адамдар туралы берiлуi мүмкiн.
4. Әскери билеттер және қызметтiк жеке куәлiктердің түпнұсқалары мен көшiрмелерi шет елдерге жiберу, немесе әкету талап етуге жатпайды.
Шет елге тұрақты тұруға кетер кезде аталған құжаттар соңғы жұмыс орны (қызметi) бойынша тиiстi мекемелер мен ұйымдарға, кететiн азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алатын мекемелерге өткiзедi.
5. Құжаттарды талап ету туралы өтiнiштi беру кезiнде белгiленген тәртiпте талап етiлген консулдық алым төленедi.
Консулдық алым талап ету нәтижелерiне қатыссыз өндiрiлiп алынады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелiк билеттерiн талап ету тәртiбiн осы бiрлестiктер белгiлейдi.
2. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртiбi
7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдары, Қазақстан Республикасының азаматтарының, шет елдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды өтiнiшiн беру жолымен, егер ол осы Ережелердiң 2 тармағының қолданысына жатпайтын болса, шет елдерден Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап етедi.
8. Шет елдерден қўжаттарды талап ету туралы өтiнiштердi ресiмдеу кезiнде мүдделi тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар әр құжатқа белгiленген үлгiдегi сауалнамаларды 3 дана бойынша (Қосымша) Сыртқы iстер министрлiгiне ұсынады.
9. Сыртқы iстер министрлiгi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде толтырылған сауалнаманың екi данадағы қосымшасымен құжаттарды талап ету туралы сұрауды Қазақстан Республикасының шет елдердегi тиiстi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне жiбередi. Сауалнамаға талап етiлетiн құжаттар туралы қосымша мәлiметтер мазмұндалған барлық материалдар қоса берiледi. Yшiншi данасы Сыртқы iстер министрлiгiнде бақылауда қалады.
10. Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi, егер ол қажет болған жағдайда құжаттарды талап ету және оларды ресмилендiру мәселелерi бойынша болу елдерiнiң тиiстi органдарына сұрау салады және Сыртқы iстер министрлiгiнiң сұрауларын жеделдетiп орындауға барлық қажеттi шаралар қабылдайды.
11. Болу елдерiнiң органдарынан алынған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте заңдастырылады. Олардың сұрауларына терiс жауап алған жағдайда Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi бұл туралы Сыртқы iстер министрлiгiн хабардар етедi.
12. Сыртқы iстер министрлiгi шет елдерде орналасқан Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнен алынған құжаттарды арыз берушiлерге жiбередi немесе егер құжаттар сол елдiң органдарынан алынбаған болса, оларға терiс жауаптарды хабарлайды.
13. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатпаған және оның мүдделерi басқа мемлекеттер арқылы көрсетiлмеген елдерде құжаттарды талап ету iргелес жатқан мемлекеттердiң бiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасынан құжаттарды
талап ету тәртiбi
14. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар олардың тұрақты мекенi немесе азаматтығы бар елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне өтiнiш беру жолымен Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап етедi.
15. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық мекемелерiне келiп түскен құжаттарды талап ету туралы өтiнiштер дипломатиялық поштамен Сыртқы iстер министрлiгiне жiберiледi. Сонымен бiрге талап етiлген әрбiр құжатқа үш данадан белгiленген үлгiдегi сауалнама қоса берiлуi керек. Сауалнаманың көшiрме нұсқасы шетелдiк мекемелердiң iс қағаздарында қалады.
16. Талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылуға жатпайды:
1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiгi, егер олар арызданушыға емес, басқа тұләаларға ресiмделсе;
2) Егер неке бұзылған болса, неке құру туралы куәлiгi (тиiстi анықтама берілуi мүмкiн);
3) қайтыс болғандардың туу туралы куәлiгi.
Қайтыс болғаны туралы куәлiктердi марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсаттарда талап ете алады.
16 жасқа дейiнгi балаларға туу туралы куәлiктердi әке-шешелерi, асырап алушылары, қамқоршылары мен кәмелетке толмағандарды тәрбиелейтiн балалар мекемелерiнiң әкiмшiлiктерi талап ете алады.
17. Бұрынғы Советтiк Социалистiк Республикалар Одағының консулдық мекемелерiнде бұрын осындай куәлiктер алған Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктерiн Сыртқы iстер министрлiгi Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдiктерi немесе консулдық мекемелерi арқылы талап етедi.
18. Шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық қызметтерiнiң, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық қызметтерiнiң сұрауларын орындай отырып, Сыртқы iстер министрлiгi әрбiр талап етiлген құжаттарға арналған белгiленген үлгiдегi сауалнаманың екi данасын АХАЖ органдарына, мұрағаттық мекемелерге және тиiстi ұйымдарға жiбередi.
19. Олардың құзырына жататын қазақстандық мекемелер мен мемлекеттiк мұрағаттарға тiкелей келiп түскен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлалардың арыздары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте, сондай-ақ халықаралық шарттарәа сәйкес орындалады.
20. Шетел мемлекеттерiнiң ресми құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте заңдастырылады.
Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi тiкелей Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiнде келiп түскен шетелдiк ресми құжаттарын заңдастыру талабын жоятын Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын елдердiң құжаттарын заңдастырады және оларды белгiленген тәртiппен арызданушыларға бередi.
Шетелге әкетуге немесе жiберуге арналған жеке құжаттардың түпнұсқалары немесе мемлекеттiк нотариалды кеңселерi куәландырған көшiрме нұсқалары (онда заңдастыру талап етiлетiн елдер үшiн) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде заңдастырылады.

Құжаттарды талап ету үшін қонсулдық алым ставкасы 40 евро
Елшіліктің есеп шоты:
Botschaft von Kasachstan
Konto-Nr.: 756 970 000
BLZ: 100 700 00
Deutsche Bank Berlin