БАЛА АСЫРАП АЛУ

БАЛА АСЫРАП АЛУ


Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел азаматтары, ҚР уәкілетті органдарына (қамқоршы және қорғаншылық) ҚР дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі қажетті құжаттарды ұсынады:

• баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш;
• қаржылық жағдайы туралы анықтама;
• отбасылық жағдайы туралы анықтама;
• денсаулық жағдайы туралы анықтама;
• қамқоршылық және қорғаншылық органдары немесе мемлекеттік лицензия негізінде осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер беретін, ықтимал асырап алушылардың жеке адамгершілік сапалары туралы есеп.

Қолдаухат материалдарын қарау барысында басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін.

Мәселен, асырап алуға кандидаттардың азаматтығы әр түрлі болған жағдайда, олар асырап алуға екі мемлекеттің құзырлы органдарынан қосымша рұқсат, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар азаматы болып табылатын елдерге асырап алынған балаға келу және тұру рұқсатын алулары қажет. Сонымен қатар, егер, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алу және де балаға келу мен тұру рұқсаты, бала асырап алу мәселесімен айналысатын мемлекеттік органның кепілдік хаты ретінде орындалатын болса, жеткілікті.

Барлық аталған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған және ресмилендірілген немесе апостильденген болулары қажет.

ҚР азаматы болып табылатын балаларды (ұл немесе қыз баланы) асырап алуға ниет білдіруші шетел азаматтарын есепке алу туралы ережеге сәйкес, шет елдердегі ҚР консулдық мекемелерінде шетел азаматтарын арнайы есепке тұрғызу жүргізіледі.

Қолдаухат материалдары қамқоршылық және қорғаншылық органдарға жіберіледі. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, мемлекеттер арасында визалық режим болса, ҚР дипломатиялық немесе консулдық мекемесі шетелдікке елге келу үшін арнайы виза береді. Бұл виза тек ҚР Білім және ғылым министрлігінің немесе оның облыстық департаменттерінің шақыру хаттары негізінде берілуі мүмкін. Визалардың басқа санаттары бойынша (мысалы: туристік, іскерлік) асырап алу мақсатымен ҚР-ға келуге рұқсат етілмейді.

ҚР-ға келгеннен кейін екі аптадан кем емес мерзім ішінде шетелдіктер баланы таңдап, онымен тікелей қатынас орнатуға міндетті (баламен және оның қылықтарымен жеке танысу).

Баланы асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері бойынша, асырап алу сот арқылы жүргізіледі. Бала асырап алу жөніндегі істердің қаралуын, сот ерекше өндіріс тәртібінде, Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу заңнамасында көзделген ережелер бойынша жүргізеді.

Соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін, Қазақстанның АХАЖ және көші-қон органдарында асырап алынған балаға асырап алу және туу туралы куәліктер, сонымен бірге, ҚР ұлттық паспорты ресімделеді.

Шетел азаматтары асырап алған бала ҚР заңнамасына сәйкес 18 жасқа толғанға дейін ҚР азаматтығын сақтайтынын есте сақтау қажет. Аталған баланың ҚР азаматтығынан шығуына, тек оның кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және оның ниеті бойынша жол беріледі. Осыған сәйкес, баланың Қазақстанға келуі мен кетуі тек ҚР азаматының паспорты негізінде ғана жүзеге асырылуға тиіс.

Баланың тұрақты тұру орны бойынша келгеннен кейін жақын арадағы ҚР өкілдігінде консулдық есепке тіркеу қажет. Бұл рәсім ҚР азаматы болып табылатын баланың қайда орналасқанын білу және қажетті жағдайда оған көмек көрсету үшін қажет. Мысалы: жоғалтылған құжатты қалпына келтіру, паспорт мерзімін ұзарту немесе жаңа паспорт беру және т.б.

Шетел азаматтары ҚР-дан баланы асырап алғанда, оның болашағы үшін өздеріне үлкен жуапкершілік алады. Асырап алынған бала ҚР азаматы болып табылатынын біле тұра, шетел азаматтары өз мемлекетінің заңнамасына және Қазақстанның заңнамасына құрметен қараулары қажет және аталған заңнамада белгіленген барлық талаптарды орындаулары тиіс.

Назар аударыңыздар: Қосымша сұрақтар пайда болатын жағдайда, жақын орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық мекемесіне өтініш білдірулеріңізді сұраймыз.