17.12.2009 PDF Печать
Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай

209 ж. 15 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 18 жылдығына арналған салтанатты жиында, Президент Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп «әлеуметтік сектордың шығын¬дары үнемі мемлекеттік бюджеттің бүкіл шығындарының жартысына жуығын құрап келеді. 2007 жылы Дүниежүзілік банк Қазақстанды ор¬таша табыс деңгейіндегі ел ретінде бағалады. 10 жылда еңбекақының ең төменгі мөлшері 5 еседен астамға, зейнетақының орташа мөлшері 5,5 есеге артты» деп атап өтті. Білім беру мен денсаулық сақ¬тау¬ға бөлінген мемлекеттік шы¬ғын¬дар соңғы 10 жылда 8 еседен астамға артты: білім беруде 85 мил¬лиард теңгеден 710 миллиард теңге, денсаулық сақтауда 54 мил¬лиард теңгеден 468 миллиард теңгеге өсті. Соның нәтижесінде осы кезеңде 641 мектеп, оның ішінде 85 мектеп «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы шеңберінде салынды. 10 жыл ішінде 124 аурухана мен емхана салынды. Бірегей сипаттағы медициналық холдинг құрылып, ол бүгінде қазақстандықтарға озық халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызметтер ұсынуда. Қазақстандық ғалымдар әлемде алғашқылардың бірі болып құс (A/H5N1) және шошқа (A/H1N1) тұмауларына қарсы отандық вакцина жасап шығарды.
Сонымен қатар Президент «20 интеллектуал¬дық мектеп», «Астананың жаңа университеті», Алматы қаласын¬да¬ғы халықаралық ақпараттық тех¬но¬логиялар университеті тәрізді ин¬новациялық білім беру орталық¬тары құрылғанын еске салды. «1993 жылдан бері біз жастарды «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік озық университеттерге оқуға жіберіп келеміз. Тек биылғы жылы ғана 763 адам оқуларын та-бысты аяқтады. Біз олардың еңбек¬ке орналасуына қамқорлық жа¬сауы¬мыз керек. «Болашақ» түлекте¬рі осы таяу уақыттардың өзінде-ақ елдегі біліктілігі жоғары кадр¬лар¬дың негізін құрайтын болады деп үміттенемін» деп Президент атап өтті.
Бірер жылға оза қазақстандық көлік стра¬тегиясының негізін қалайтын құны 3,4 млрд. долларлық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» алып транс¬еура¬зиялық магистралдың құрылысы басталды. Ұзындығы 1 800 шақырымдық «Түркіменстан - Қы¬тай» газ құбыры іске қосылды, оның 1 300 шақырымы Қазақ¬стан¬ның үлесіне тиеді, «Батыс Қазақстан - Батыс Қы¬тай» мұнай құбыры және ұзын¬дығы 1 100 шақырым «Солтүстік – Оңтүстік» электр жеткізіп берудің жоғары кернеулі желісі іске қосылды. «Жол картасы» атты тұрғын үй-ком¬муналдық шаруашылығы мен әлеу¬меттік сала инфрақұрылымдарын қалпына келтіру бойынша бағдарламаның іске асырылуы жалғастырылатын болады. 2009 жылы осы бағдарлама аясында біріккен жоба¬лар¬ды жүзеге асыру бойынша халық¬ара¬лық уағдаластықтардың ауқымы ша¬мамен 25 миллиард доллар инвес¬тициялар сомасына бағаланып отыр. Үстіміздегі жылы шамамен 260 өнеркәсіптік және инфрақұрылым¬дық нысандардың жүзеге асырылуы аяқталатын болады. Қазақстанның мыңдаған азаматта¬ры үшін жаңа жұмыс орын¬да¬ры ашылды.
Агроқнеркәсіптік сектор жал¬пы ішкі өнімнің 6% дерлігін, халықтың тұтыну қорының 70%-ға жуығын қалыптастырады және елдің азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Қазақстан бидай экспорты бойынша әлемде 7-ші орынды иеленіп отыр. Елдің Ұлттық қорының актив¬терін қоса алғанда алтын-валюта резерві 2008 жылдың соңында 46,7 миллиард долларға жетіп, 2000 жыл¬мен салыстырғанда 22 есе өсті, ал бүгінде ол 48 миллиард доллардан астамды құрайды.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін Қазақстанда 76 миллион тонна мұнай өндірілетін болады. Елбасы «Біз ұлттық экономиканың негі¬зін қалайтын мұнай-газ және кен-металлургия кешендерін жаңғырту ісін жалғастыра береміз. Көптеген шикізат қорлары бойынша Қазақ¬стан әлемде жетекші ұстанымдарға ие. Мұнай өндіруден біз Ресейден кейін ТМД-да екінші орындамыз. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 76 миллион тонна мұнай өндірілетін болады» деп атап өтті.
 

Елшінің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...

Пайдалы сілтемелер