08.12.2009 PDF Печать
Берлинде Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасы таныстырылды

2009 жылғы 7-8 желтоқсанда Берлин қаласында «Қазақстанның Германиядағы жылы барысында» «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы: құқықтық және сот реформасы саласындағы орнықты даму» атты халықаралық коллоквиум өтуде. Оған Қазақстан тарапынан  құрамында Конституциялық Кеңес төрағасы И.Рогов, Парламент Сенатының Заңнама және құқық мәселелері комитетінің төрағасы Б.Имашев, Жоғарғы Сот төрағасы М.Әлімбеков және Бас прокурордың бірінші орынбасары И.Меркель, сондай-ақ ҚР Заң шығару институтының, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Қазақстанның аймақтық заң құрылымдарының өкілдері бар беделді делегация қатысты. Коллоквиумның күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Қазақстанның одан әрі құқықтық дамуының негіздерін айқындайтын Қазақстанның құқықтық саясат тұжырымдамасын неміс әріптестерге таныстыру. Қазақстан үшін, саяси және мемлекеттік құрылысты жетілдіру, басқару тиімділігін арттыру, елдің саяси өмірін ырықтандыру жолында институционалдық-құқықтық реформалар жүргізу қажеттілігіне орай,  «Еуропаға жол» бағдарламасын сәттілікпен жүзеге асыру мақсатында Германиямен осы салада өзара іс-әрекет жасасу және еуропалық тәжірибені үйрену және Қазақстанды әлемдегі үздік дәстүрлерге жақындастыру өте маңызды.
Демократияландыруды және республиканың қарыштап алға басуын құқықтық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда жүргізіліп жатқан заңнаманы және демократиялық институттарды реформалау туралы пікірталасқа Герман тарапынан Германияның Федералдық сотының, Әкімшілік сотының, Гейдельберг қаласындағы Макс Планк атындағы Салыстырмалы жария және халықаралық құқық  институтының, Бремен университетінің, Бремен қаласы учаскелік сотының судьялары және сарапшылары қатысты.
Қазақстандық және германдық заңгерлердің кездесуін Техникалық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GTZ) Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Одан тыс, қазақстандық делегацияның сапар бағдарламасына сәйкес Германияның Федералдық сотының және Конституциялық сотының басшылығымен Карлсруэ қаласында келіссөз жүргізілді. Ал ҚР Жоғарғы Сотының судьялары өздерінің неміс әріптестерімен азаматтық іс жүргізу саласындағы өзекті мәселелерді талқылайды. Техникалық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы сондай-ақ қазақстандық делегацияның Берлин қаласының әкімшілік сотындағы сот процесін барып көруін ұйымдастырды.
9 желтоқсанда Берлин қаласының Бас прокуратурасында Қазақстан Бас прокуратурасының қызметкерлерімен «Дөңгелек үстел» өтеді.  
 

Елшінің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...

Пайдалы сілтемелер