ITB Берлин- 2010 туристік көрмесінде Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды PDF Печать
14.03.2010

Ү.ж. 10-14 наурыз аралығында Берлин қаласында дүниежүзіндегі ең көлемді туристік форум болып табылатын және осы саланың даму үрдістерін белгілейтін «ITB Berlin- 2010» Халықаралық туристік көрмесі өтті.

Биылғы жылы Месседамм Берлин (Messedamm Berlin) атты 160 000 шаршы  метрді құрайтын кешенінде 180 елден 11 000 қатысушы өз стендтерін ашты. Көрмені 180 000 адам тамашалап, соның ішінде 108 000 маман мен туристік бизнестің барлық салаларының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, туризм саласындағы мемлекеттік органдардың мамандары, туроператорлар, брондық жүйе, іс-сапарда бірге жүру, әуежолдарды таңдау, қонақ үйлер мен көліктерді жалға алу/беру қызметімен айналысатын фирмалар және т.б.

Қазақстан Республикасының ресми делегациясын ҚР Туризм және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қобыланды Мусин басқарып, оның құрамында республикамыздың облыстық, қалалық әкімдіктерінің тиісті мамандары болды. Делегация басшысы Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Талеб Рифаимен және туризм сұрақтарымен айналысатын ГФР Үкіметінің уәкілі, экономика және технология министрлігінің парламенттік  мемлекеттік хатшысы Эрнст Бургбахермен кездесулер өткізді.

Аталған көрменің шеңберінде ү.ж. 11 наурызында ҚР Туризм және спорт министрлігі мен ҚР-ның ГФР-дағы ҚР-сы елшілігі  Қазақстанның стендін салтанатты түрде ашып, қатысушыларды мемлекетіміздің қазіргі заманға сай туристік мүмкіндіктермен және еліміздің болашақ жобаларымен таныстырды.

Герман тарапынан қазақ-герман қоғамының басқарма мүшесі П.Пёппер, неміс журналист және Экотуризмнің қазақ ақпараттық ресурстік орталығының қызметкері Д. Шрайбер, көрме әкімшілігінің өкілі  Р.Фрайтаг сөз сөйледі. Олар Қазақстанға барған кезде алған ұмытылмас әсерлері мен қонақжайлы еліміз туралы айтып өтті. Олар неміс туристерін Қазақстанмен  барынша жақын танысуға шақырды.

Көрмеге және тұсаукесерге қатысқан мамандар мен неміс жұртшылығына ұлттық аспаптарда шеберлікпен ойнаған  «Белес»  атты этнотобының өнері үлкен әсер етті.
Аталған көрменің нәтижесі бойынша Қазақстанның стенді Азия, Океания және Австралия мемлекеттері арасында бірінші орынға ие болды.

 

Елшінің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...

Пайдалы сілтемелер