30 наурызда Берлин қаласында Елбасының Қазақстан халқына жолдауына арналған дөңгелек үстел өтті PDF Печать
Пікірталасқа қатысқан ГФР-дың Сыртқы істер министрлігінің, экономикалық құрылымдардың өкілдері, Орталық Азиямен айналысатын эксперттер, журналистер және кәсіпкерлер жолдаудың негізгі ұстанымдарымен, Үкіметтің экономикалық дағдарысқа қарсы жүргізіп жатқан іс-шаралары мен экономикалық даму стратегиясымен танысты.
    Кеңесші-уәкіл Әділбек Әлжанов әлем экономикасының жаһандануы байланысты қаржы дағдарысының салдарын бірігіп жою қажеттігін айтты. Экономикалық киындықтарға қарамастан Қазақстанда жұмыс істейтін неміс кәсіпорындарының бірде-бірі елден кетпегенін оң нәтиже деп санауға болады. Осындай ынтымақтастықтың арқасында жеткен өзара сенім мен жауапкершілік дағдарыстан кейінгі халықаралық қатынастардың негізгі принциптері болуы тиіс.
    Елшіліктің қызметкерлері өз баяндамаларында экономиканы әртараптандыру, салықты төмендету мен мамандардың біліктілігін көтеру арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізуге, еңбек нырығының тұрақтандыруға бағытталған ҚР Үкіметінің іс-шаралары туралы айтты.
    Неміс Экономикасы Шығыс  Комитетінің Аймақтық директоры Мартин Хоффманн неміс компанияларының машина жасау өнеркәсібінде озық тәжірибесі мол екеніне тоқталып, Қазақстан өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ экономикасы әртараптандыруға  өз үлесін қоса алатындығын баса айтты. М.Хофманның ойынша екі тарап отандық және шетел бизнесмендеріне еңбек алғышарттары жақсарту мақсатында жұмыс істеу керек.
    «Ost-West-Contact» экономикалық журналының бас редакторы Ютта Фалькнер ханым Қазақстандық экономикасына құйылған неміс инвестициялардың көлемі үлкен емес, ал неміс кәсіпкерлерінің негізгі мүддесі - өз заттарын қазақстан рыногына шығару екеніне назар аударды. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жағымдылығы және өзекті проектілерді іске асыруға берілетін мүмкіндіктер туралы Германияда кеңінен насихаттау қажет деп айтты.
СІМ-нің «Орталық Азия» бөлімнің кеңесшісі Хендрик Зелле Қазақстан мен Германия арасындағы достық қатынастарды атап өтіп, экономикалық ынтымақтастықтың әлеуетін әрі қарай пайдалануы қажет деген ойын білдірді. Осы бағытта Қазақстанның «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының нақ уақытында қабылданғандығына және пайдылылығына назар аударды. Сонымен қатар, 2009 жылы Германияда өткізілген Қазақстанның жылының табысты өткізілуі неміс-қазақ қатынастарының содан әрі тереңдеуіне серпін бергеніне тоқталып, 2010 ж. Қазақстанда Германия жылының өткізу бағдарламасы болашақтағы ынтымақтастыққа сөзсіз оң әсерін тигізеді деген сенімін білдірді.

 

Елшінің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...

Пайдалы сілтемелер