Германиядағы қазақ диаспорасы

Германиядағы қазақ диаспорасының саны көп емес - 1000 адамнан сәл асады.  Олардың iшiнде: Кёльнде - 500, Мюнхенде - 380, Берлинде - 110, Гамбургта - 34, Майнцта - 11, Майндағы Франкфуртта - 7, Хайдельбергте – 7 адам. Диаспора өкiлдерiнің көбі өткен ғасырдың 50-60-шi жылдары Түркиядан ГФР-ға көшіп келген. ССРО-дан кейін эмигранттар ретінде келген аралас жанұялардың құрамындағы қазақтар бұл тізімге қосылмады.

Қазақтар Германияға 20-ғасырдың 20-шi, 40-шi және 60-шi жылдары үш толқынмен келген. Диаспораның негiзгi бөлiгi Шығыс Қазақстанның адамдары, 20-шi - 30-шi жылдары зорлықпен колхоздастыру, ашаршылық, озбырлықтың салдарынан немесе коммунистік режимнің қуғындаумен елін тастап кеткен.

Олар Тибет және Индия арқылы Пәкістанға келіп, 12 жылдан аса өмiр сүрген, кейін соғыс салдарынан 1953 жылы Түркияға көшкен.  Түрiк үкiметi оларды түсiнiстікпен қабылдап, қаржы және моралды қолдау көрсеттi, азаматтық бердi.

Қазақтардың Германиядағы келесі толқыны негізінен екiншi дуниежүзілік соғыстың әскери тұтқындары. Сол кезде Берлинде Мустафа Шоқайдың қолдаудымен «Ұлттық әдебиет - Әлемдiк әдебиет» журналы шығарылды. Журналдың бас редакторы Кобызшы Қорқыт деген бүркеншiк атпен Мажит Айтбайдың «Абылай дастаны» кiтабы жарық көріп, ол 1971 жылы Мюнхенде Қасен Оралтайдың алғысөзiмен қайта басылып шығарылды. Сонымен бiрге Берлинде «Түрiктердiң бiрлiгi» атты газет шығарылатын.

Қазақтардың үшiншi тобы өткен ғасырдың 60-шы жылдардың ортасында Түркиядан Германияға гастарбайтерлер ретiнде келген адамдар. Олардың балалары неміс мектептерінде оқыды, орташа ,ал кейбірі жоғары бiлiм алды. Ата ұрпақтың көп өкiлдерi осы уақытқа дейiн түрiк, ал жас ұрпақ өкiлдерi  - ГФР-дың азаматтары.

Диаспораның өзекті мәселелерiн шешу мақсатында олардың тығыз орналасқан жерлерде Қазақ мәдениет орталықтары (КМО) жұмыс iстейдi. КМО 1998 жылы Мюнхенде (2007 жылдың қазанынан бері төрағасы Әбдiрахман Уналан), 2001 жылы - Кёльнде КМО ашылды (2007 жылдың қазанынан бері төрағасы Абдулғани Макин). 2003 жылдың 2 наурызында Берлиннiң Қазақ қоғамы ұйымдастырылды (төрағасы - Жүнiсбек Тораман).

Германиядағы Қазақстан жылының қазақ диаспорасы үшiн бiр маңызды оқиғасы - Еуропаның Қазақ Қауымдастығы Федерациясының (Мюнхен қаласы ) тiркелуі, ол 8 еуропалық елдің қазақтарын бiрiктiреді.

2009 жылдың 5 қарашасында  Кёльн қаласында өткен қазақстан- герман форумының аясында Абдулкайым Кесиші Федерацияның ресми таныстырылуын өткізді.
Қазақ мәдени және ұлтаралық татулық қоғамының көмегiмен сәуiр айында Мюнхенде қазақ диаспорасының «Еуропаның немiс тiлдi елдеріндегi ұқсастық және қазақ диаспорасы жастарының кiрiгуi мәселелері» атты еуропалық конференция және қазақ диаспорасы жастарының бiрiншi форумы ұйымдастырылды.