Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық ыңтымақтастық дәйекті түрде және өзара мүдделіктің негізінде дамуда. Қазақстанның Германиядағы жылы (2009) мен Германияның Қазақстандағы жылы (2010) екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуіне үлкен серпін берді.

2006 жылдан бері Қазақстанның Германияда бай мәдени мұрасын жылжытуға бағытталған «Қазақ кітапханасы» жобасы жүзеге асырылуда. 10 жыл ішінде атақты қазақ жазушыларының 25 әдеби туындысы неміс тіліне қайта басылып шығарылды.

2014 жылғы 26 қарашада Берлин-Бранденбург ғылым академиясында М.Қасымбековтің неміс тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты  кітабының тұсаукесері болып өтті. Іс-шараға белгілі неміс саясаткерлері қатысты. Шара шеңберінде М.Қасымбеков неміс БАҚ-на сұхбат беріп, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары аралығындағы дамуының негізгі бағыттарын хабарлап, егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі Елбасының көшбасшылық рөлін ерекше атап өтті.

Неміс аудиториясын қазақтардың дәстүрлерімен таныстыру мақсатында Елшілік мәдені-гуманитарлық шараларды жүйелі түрде өткізуде. Ата айтқанда, 2014 ж. 23 наурызда Берлин қаласындағы Өнер университетінің үлкен концерттік залында Дина Нүрпейісова атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің концерті болып өтті. Онда неміс көрермендерінің назарына 30-дан аса қазақ халық және халықаралық туындылары ұсынылды.

2015 ж. 20 наурыз күні «Наурыз» мерекесі аясында Берлин қаласы филармониясының үлкен концерттік залында Айман Мусаходжаеваның басқаруымен Қазақ ұлттық өнер университеті оркестрінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған концерті ұйымдастырылды.

2015 ж. 18 қазандаБерлин филармониясының үлкен консерттік залында  Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері Марат Бисенғалиевтің жеке концерті ұйымдастырылып, соның аясында оркестрдің сүйемелдеуінде қазақ классиктерінің шығармалары орындалды.

Екіжақты ыңтымақтастастықтағы маңызды оқиғалардың бірі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев пен Германдық экономика Шығыс Комитетінің төрағасы Э.Кордестің қатысуымен 2014 ж. 5 наурызда Берлин қ. Қазақстан Республикасының Экономикалық және мәдени орталығының ашылуы болып табылды.

Бұл Орталықтағы бірінші шара «Қазақ кітапханасы» жобасының аясындағы Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты неміс тілінде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі болды.

2015ж. 2 қарашада ҚР ГФР-дағы Елшілігінде «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» атты неміс тіліндегі 2 томдық роман-дәуірнамасының тұсаукесерімен бірге «Қазақ хандығының 550 жылдығы: қайнар көзден бастап қазіргі заманға дейін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Елшілік тұрақты түрде Германияда тұратын бұрынғы қазақстандықтармен – Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен байланыс ұстайды. Атап айтсақ,  2015 ж. 9 мамырда Елшіліктің ғимаратында ҚР ГФР Елшісі Б.Нүсіпов Жеңіс күніне орай  Қазақстаннан шыққан соғыс және тыл ардагерлерімен кездесті. Құрмет көрсету аясында қазақстандық дипломат ардагерлерді шуақты мерекемен  құттықтап, зор алғыс білдірді және Қазақстан басшылығы атынан  ТМД елдері мемлекет басшылары  кеңесінің шешімі бойынша «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің 70 жылдығына» арналған мерекелік медальдарды тапсырды.

Елшіліктің осы бағыттағы жұмыстарының бөлек аспектісі Қазақ диаспорасымен бірлескен іс-шаралар өткізу болып табылады. 2014 ж. 7-8 маусымында ҚР ГФР-дағы Елшілігінің және Еуропа қазақтары Еуропалық қоғамдастығының қолдауымен Берлинде Ұлыбритания, Франция, Германия, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерландия, Түркия сынды он елдегі этникалық диаспораның үш жүзге жуық өкілдерінің басын қосқан Еуропа қазақтарының кезекті Кіші Құрылтайы өтті.  Тарихи Отанынан алыста тұрып жатқан қазақтар үшін мұндай іс-шаралардың аса маңызы бар. Сонымен қатар, құрылтай қандастарымыздың өзекті мәселелерді көтеріп және соны талқылау орны болып табылады.  Келесі Құрылтайды 2016 ж. мамыр айында Кельн қаласында өткізу жоспарланған.

ҚР мен ГФР арасындағы «тірі көпір» ретіндегі неміс ұлтты Қазақстан азаматтарын қолдау сұрақтары жөніндегі ынтымақтастыққа аса көңіл бөлінеді.  Қазіргі уақытта ҚР-да тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы белсенді түрде жұмыс істеуде. Оның  кезекті отырысы 2015 ж. 6 қазанда Астана қаласында өтті.

Отырыс аясында 2014-2015 жылдардағы мәдени-гуманитарлық, білім және әлеуметтік салалардағы бірлескен шаралардың қорытындылары мен «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің жоспарларын жүзеге асыру сұрақтары талқыланып, 2016 жылға осы бағыттағы басымдылықтар белгіленді. Келесі отырыс 2016 ж. қыркүйек айында Берлин қаласында өтеді.