Елшінің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Bolat Nussupov Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм. Себебі осы тараулардан олар Қазақстан экономикасы туралы маңызды деректерді ғана емес, сондай-ақ еліміздегі инвестициялық ахуал, бизнес келешегі, болашақта ықтимал іскерлік серіктестер туралы да мәліметтер де ала алады. Қазақстанға барғысы келетіндер үшін визалық тәртіп пен елімізде жүріп-тұруға қатысты басқа да мәселелер туралы бөлімдер пайдалы деп сенемін. Консулдық мәселелер бойынша ақпарат Германияға тұрақты тұруға көшіп келген көптеген бұрынғы қазақстандықтар үшін де пайдалы болар. Сіздерге көп жақсылық тілей отырып, Қазақстан Елшілігінің веб-сайтына келгендеріңіз үшін рахмет айтамын.

Болат Нүсіпов - Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі