10.02.2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫН ОРНАТУЫНЫҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ КОММЮНИКЕ

2017 жылдың 11 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғандығына 25 жыл толады.

Ынтымақтастықтың ширек ғасырында Қазақстан-Германия қарым-қатынастары дамуыдың жоғары деңгейіне жетті, екі ел арасында сенімді және сындарлы диалог құрылды. Тиісті деңгейде құқықтық-шарттық база құрылды, бірқатар диалог алаңдар мен институттар жұмысын атқаруда – Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы, Қазақстан-Герман іскерлік кеңесі, Неміс экономикасының Орталық Азиядағы өкілдігі, Берлин Еуразиялық Клубы және т.б.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылдың ақпан айында Берлинге және Германия канцлері А.Меркельдің 2010 жылы Астанаға жасаған сапарлары екіжақты ынтымақтастыққа жаңа серпін берді.

Қазақ-неміс сауда-экономикалық қарым-қатынастары үдемелі нығайып, экономикалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздестіруде. Бүгінгі күнде, Еуропа елдерінің ішінде Германия Қазақстан экономикасының он жетекші шетелдік инвесторлары қатарына, сондай-ақ біздің еліміздің сауда әріптестерінің бестігіне кіреді.

Соңғы жылдары, Қазақстандағы неміс компанияларымен бірге құрылыс, сауда, өндіріс, өндірістік өнеркәсібі, тау-кен және  т.б. салаларында 19 ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылды. Ірі серіктестер ретінде Siemens, Кnauf, MetroCash & Carry, Heidelberg Cement, Quaesta Capital, Linde AG және басқа неміс компаниялары болып табылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамыуында Қазақстан мен Германия арасындағы Шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімді бірлесіп іске асыруы маңызды рөл атқарады.

Баламалы энергетика саласындағы жаңа әзірлемелерді ұсыну арқылы Қазақстанда өтетін ЭКСПО – 2017-ге дайындыққа және оны өткізуге Германия белсенді қатысады.

2012 жылдан бастап Қазақстанда қосарлы кәсіби-техникалық білімнің неміс үлгісін енгізу бойынша «Нарарбаев-Меркель» бастамашылығы белсенді іске асырылуда. Бастаманың мақсаты – кәсіптік-техникалық білім беру қолөнер неміс палаталарының ең үздік тәжірибелерін қолдану. Осы бастаманың бөлігі ретінде, Қазақстан мен Германия басшылары халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Неміс қоғамы арқылы Қазақстандағы менеджмент оқыту бағдарламасын іске асырып жатыр.

Экономикалық ынтымақтастықтан басқа біз екі ел арасындағы «байланыстыратын көпір» ретіндегі Германияға Қазақстаннан қоныс аударғанмен бірге Қазақстанда тұратын этникалық немістердің мәселелері бойынша ынтымақтастыққа үлкен саяси және практикалық мән береміз. Бұл фактор біздің ынтымақтастығымыздың маңызды бөлігі болып қала береді.

Бұл мәселеде 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Берлинде  кезекті отырысы өткен Үкіметаралық комиссия қызметінің рөлі маңызды болып табылады.
Қазақстан-герман келісім қағидаттары мен рухын негізге ала, Қазақстан мен Германия өзара іс-қимылды және практикалық ынтымақтастықты бірлесіп тереңдету мен өркендеуіне ықпал етуді жалғастырады.