11.02.2017
2017 ж. 10 ақпанында қазақстан-герман дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатуының 25-жылдығы қарсаңында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов ГФР СІМ Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия мемлекеттері бойынша уәкілі Андреас Пешкемен кездесті.
Тараптар біріккен жұмыстың 25 жылы ішінде қол жеткізген екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен табыстарын атап өтіп, қазақстан-герман өзара әрекеттесудің өзекті мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Қазақстанның Елшісі А.Пешкеге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияның қазақстан-герман дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатуының 25-жылдығына орай Федералдық канцлері А.Меркельге жолдаған құттықтау хатын табыстады.