19.02.2017
17-19 ақпанда 53-ші Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысу мақсатында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегацияның Германияға сапары өтті. Іс-шара барысында Қ-Т.Тоқаев МҚК негізгі пленарлық сессиясына және бірқатар ең маңызды панельдік отырыстарға, оның ішінде "Еуразияның шекаралық желісі" тақырыбындағы пікірталасқа қатысып, халықаралық күн тәртібінің бірқатар мәселелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымын белгіледі, сондай-ақ Қазақстанда өтіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларының негізгі ережелерін түсіндірді. Форум аясында ҚР делегациясының басшысы Мюнхен қауіпсіздік конференциясының жұмысына қатысқан шетелдік делегациялардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.