01.03.2017
1 наурызда - Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күні Қазақстанда кең мерекелейтін Алғыс күніне орай Қазақстанның Германиядағы Елшілігінде "Кездесу жері - Берлин" атты алғашқы халықаралық өнер фестивалінің ашылуы өтті. Іс-шараға Қазақстаннан, Әзірбайжаннан, Германиядан, Грузиядан, Франциядан, Ресейден, Эстониядан, Украинадан және Өзбекстаннан келген суретшілер, музыканттар, жазушылар, әдебиетшілер мен композиторлар қатысты. Белгілі халық және халықаралық композиторлардың шығармалары мерекелік кешке ерекше интернационалдық айқын көрініс берді. Қонақтар әзірленген қазақ ұлттық тағамдарының шеберлігін құнына қарай бағалай алды.