09.03.2017
Ү.ж. 6-8 наурыз кезеңінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.Уәлиев басқаран қазақстандық делегациясы ITB Berlin 2017 халықаралық туристтік көрмесіне қатысты. "Астана ЭКСПО-2017" АҚ, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының және отандық туристтік компанияларының өкілдерінен құрайтын делегация UNWTO Жібек жолы елдерінің туризм министрлерінің 7-ші кездесуіне, қазақстандтық стендтің ресми ашылуына және Бундестагта өткен "ЭКСПО-2017 қарсаңында туризмнің дамуы" тақырыбы бойынша роуд-шоуға қатысты. Германияның астанасы Берлинде жыл сайын өтетін ITB Berlin көрмесі туризм және туристтік қызметтер саласындағы ең ірі халықаралық көрмелердің бірі болып табылады.