09.03.2017
Берлинде болу кезінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.Уәлиев UNWTO Бас хатшысы Т.Рифаимен, Түрік кеңесінің Бас хатшысы Р.Гасановпен, Messe Berlin көрмесінің басқарушы директоры Д.Рютцпен, Гумбольдт университетінің вице-президенті Т.Лоймен және Неміс ат спорты федерациясының мүшесі Ф.Байермен екіжақты кездесулер өткізді.