Саяси ынтымақтастық

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін Германия Федеративтік Республикасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда мойындады.

Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 11 ақпанда орнатылды.

Қазақстан-Германия қарым-қатынастарының негізі ГФР-на Президент Н. Назарбаевтың алғашқы ресми сапары және қатынастардың негізі туралы Бірлескен өтінішке, сондай-ақ әр салалар бойынша бірқатар шарттар мен келісімдерге қол қою барысында қаланды.

1992 жылы Қазақстанда ГФР Елшілігінің ашылуы және 1993 жылы Германияда Қазақстан Елшілігінің ашылуы бұдан арғы диалогтың жоғары деңгейде өрбуіне қосымша ынталандырма болды.

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған кезден бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Германияға 7 ресми сапары (1992, 1997, 2001, 2004, 2007, 2009, 2012 жылдары) болды. 2015 жылғы қаңтарда Елбасының Берлинге жұмыс сапары өтті.

ГФР Президенті Р. Херцог (1995ж), Федералдық канцлері Г.Шрёдер (2003 ж. желтоқсан), Президенті Х. Кёлер (2008 ж. қыркүйек), ГФР Федералдық канцлері А. Меркель (2010 ж. шілде, желтоқсан) Қазақстанға келді.

Тәуелсіздік алған мерзім аралығында Вице-канцлерлер мен Федералдық сыртқы істер министрлер Х.-Д.Геншер, К.Кинкель және Г.Вестервелле Қазақстанға ресми сапармен барды.

Тұрақты екіжақты саяси және сауда-экономикалық диалог ГФР Федералдық сыртқы істер министрі Ф.-В.Штайнмайердің 2014 жылы Астана қаласына жасаған ресми сапары аясында, сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың 2015 жылы Германияға жасаған екі сапары барысында жалғасты.

Қазақстан-Германия қарым-қатынасындағы маңызды оқиға Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 7-8 ақпандағы Германияға сапары болды, сапар барысында саясат және экономика саласындағы өзара іс-әрекетті жандандыру бойынша маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылды. Сапар шеңберінде Берлин Еуразиялық Клубының ашылуы өтті. Клубтың отырыстары тұрақты түрде Астана, Берлин және Брюссель қалаларында өтеді.

 

Парламентаралық қарым-қатынастар

 

Қазақстан-германия қарым-қатынастары тарихында Бундестаг Президенті Н.Ламмерттің 2010 жылғы 12 қазандағы Қазақстанға бірінші ресми сапары айрықша маңызға ие болды.

2012 жылғы 20-22 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллин Германияда ресми сапармен болып, Бундестаг президенті Н.Ламмертпен, сондай-ақ ГФР СІМ-де, Кербер атындағы қорында, жергілікті қоғамдық-саяси және іскерлік топтармен кездесулер өткізді.

Бундестаг Президентінің орынбасары Й.Зингхаммердің және бірқатар неміс депутаттарының 2014-2015 жж. ішінде Қазақстанға жасаған сапарлары, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.-Ж.Тоқаевтың (2015 ж.), ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақсыз өкіл ретінде Қазақстанның кандидатурасын жылжыту мәселелері бойынша арнайы өкілі Д.Назарбаеваның (2015 ж.), ҚР Парламенты Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбековтың (2016 ж.) және қазақстандық парламентариялардың Германияға сапарлары екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың нығаюына әсерін тигізді.

Екі елдің заң органдары арасында тұрақты байланыс орнатылған. Қазақстандық Сенат пен Мәжіліс депутаттарының Бундестагтағы «Германия және Орталық Азия»  парламенттік тобы мүшелерімен кездесулері үнемі болып тұрады.