13.07.2017
11-13 шілдеде өткен Астанаға ресми сапары барысында Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, онымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Қазақстан мен Германияның павильондарына барды. Германияның президенті сонымен қатар "Неміс энергетикалық диалог" конференциясы мен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен ЭКСПО-дағы Германияның ұлттық күніне арналған ресми қабылдауда сөз сөйледі.