26.07.2017
Ү.ж. 26 шілдеде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Фридрих Вильгельм атындағы Бонн университетінің География институтының директоры Штефан Курцманмен кездесу өткізді. Кездесу барысында неміс тарапы Оңтүстік Қазақстанда ЖЭК дамыту бойынша жобаны іске асыру жөнінде хабарлады. Атап айтқанда, күн сәулелік энергетика мен Оңтүстік Қазақстанда су ресурстарын басқару бағдарламаларды дамыту саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобалар. Бұл келісімдерге неміс делегациясы ү.ж. мамырда облыстық Әкімдікпен және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университінің басшылығымен келіссөздер барысында қол жеткізді.