26.07.2017
Сол күні Елші Болат Нүсіпов бірқатар неміс компанияларының басшылығымен, атап айтқанда, Liebherr-Werk Biberach GmbH басқарушы директоры Доминик Ташпен, Ed. Züblin AG басшысы Штефан Кейнатпен, Axel Springer SE вице-президенті Кристоф Кееземен және Kerkhoff иесі Герд Керкхофпен кездесті. Тараптар неміс компанияларының Қазақстанда Жекешелендіру және Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде келешегі бар инвестициялық жобаларды талқылады.