27.07.2017
Ү.ж. 27 шілдеде Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бундестаг депутаты, Экономикалық ынтымақтастық және даму, сондай-ақ Туризм комитеттерінің мүшесі Юрген Климкемен кездесті. Неміс депутаты өзінің Астанаға сапары және неміс делегациясының жетекшісі ретінде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ресми ашылу рәсіміне қатысуы туралы хабардар етті. Тараптар көрменің инфрақұрылымы негізінде жұмыс істейтін АХҚО және "жасыл технологиялар" орталығы әрекеттері шеңберіндегі келешектегі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.