29.07.2017
Ү.ж. 25-29 шілде аралығында Бундестаг депутаты, Білім, зерттеу және техниканы бағалау комитетінің мүшесі Филип Ленгсфельд Астанаға жұмыс сапармен барды. Сапар барысында ол Байкоңыр ғарыш алаңы мен Арал ауданындағы Көкарал бөгетіне барып, Қызылорда облысы Әкімінің орынбасары-Байқоңыр алаңы бойынша ҚР Президентінің арнайы уәкілі Серік Қожаниязовпен және Арал ауданы Әкімдігінің басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Ф.Ленгсфельдің Regional Environmental Centre for Central Asia мен Аралды құтқару қорының басшылығымен келіссөздер, сондай-ақ Астанада "Болашақ энергия" тақырыбындағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне баруы көзделген болатын.