01.08.2017

Ү.ж. 1 тамызда Майндағы Франкфурт қаласында Қазақстан Республикасының ұлттық әртісі Айман Мұсаходжаева басқарған Еуразиялық симфоникалық оркестрінің Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатуының 25-жылдығына арналған мерейлі концерті өтті.

 

Алғы сөздермен Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов, ГФР СІМ Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ мемлекеттері бойынша бөлімшесінің басшысы Михаэль Зиберт және Қазақстан Республикасының Франкфурт қаласындағы Бас консулы Дәурен Кәріпов баяндама жасады.