02.08.2017
Ү.ж. 2 тамызда Қазақстандық музыканттарының қатысуымен Байройт қаласы фестивалінің 67-ші Жас дарындары фестивалінің ресми ашылуы өтті. Алғы сөзі барысында Елші Болат Нүсіпов Байройт фестивалінің басшылығына шақыруы үшін алғысын айтып, мәдени дипломатияның, әсіресе жастарға қатысты, маңыздылығын атап өтті. Қазақстандық дипломат жас дарындарды осы мерейлі байқаудың басталуымен құттықтап, оларға өнерпаздық табыстар тіледі. Сонымен қатар, алғы сөздерін Байройт қаласының мэрі Бригитте Мерк-Эрбе және Жас дарындарының Байройт қаласындағы фестивалінің директоры Сиси Таммер айтып, қазақстандық музыканттарының алғашқы қатысуын қолдап олардың шеберлігін жоғары бағалап өтті.