17.08.2017
Ү.ж. 17 тамызда Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Болат Нүсіповтің қазақстандық БАҚ өкілдері үшін баспасөз маслихаты өтті. Өз баяндамасында Б.Нүсіпов Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынастарын орнатуының 25-жылдығы аясында қазақстан-герман ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен даму барысы туралы, сондай-ақ қазақстандық дипломаттардың Германиядағы жұмысы туралы айтып өтті. Брифингтің соңында жанды пікір-талас өтіп, БАҚ өкілдерінің қызығушылық тудыратын сұрақтарды қоюға және өздерінің пікірлерін айтуға мүмкіндіктері болды.