13.09.2017
Ү.ж. 13 қыркүйекте Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердың шақыруы бойынша және оның қатысуымен Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Германияда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылықтары үшін жыл сайын ұйымдастырылатын Саксония-Анхальт федералдық жеріне дәстүрлі ақпараттық сапарға барды. Сапар барысында Биттерфельд-Вольфен химиялық паркке бару, сондай-ақ аймақтың қоғамдық-саяси және іскерлік топтарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.