14.09.2017
Ү.ж. 14 қыркүйекте Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бременнің жергілікті үкіметінің шақыруы бойынша "Ғарыш, OHB SE компаниясы мен Қазақстан" тақырыбындағы 45-ші ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Өз баяндамасында қазақстандық дипломат Қазақстанның негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуын атап өтіп, тыңдаушыларды мемлекетімізде өткізіліп жатқан реформалары және өзекті қазақстан-герман ынтымақтастық туралы хабардар етті. Неміс тарапынан Бремен еркін кемежай қаласының экономика, еңбек және кемежайлар мәселелері жөніндегі сенаторы Мартин Гюнтнер, Бремен университетінің ректоры Карин Лукай және басқа ресми тұлғалар сөз сөйледі. Іс-шара шеңберінде Қазақстанның Бремендегі Құрметті консулы болып табылатын OHB SE компаниясы қадағалау кеңесінің төрағасы Криста Фукске оның кәсіптік табыстары мен аймақты дамытуға қосып отырған мол үлесі үшін салтанатты түрде 15-ші AMW премиясы тапсырылды.