19.09.2017
Ү.ж. 19 қыркүйекте Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Герман экономикасы шығыс комитетінің басқарушы директоры Михаэль Хармспен және Equipe Marketing GmbH компаниясының басқарма төрағасы Эберхард Ахамен кездесті. М.Хармспен кездесу барысында Елшілік пен Шығыс комитеті арасындағы келешек жоспарлар мәселесі мен экономика және инвестициялар саласындағы екіжақты жобалар талқыланды. Неміс компаниясының басшылығымен келіссөздер барысында озат неміс технологияларының Қазақстанға трансферті талқыланды.