20.09.2017

Ү.ж. 20 қыркүйекте Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов 20-22 қыркүйек аралығында Берлинде өтіп жатқан Халықаралық стандартизация ұйымы (ISO) Бас Ассамблеясының ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Қазақстандық делегацияны ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов басқарды.

 

Ұйымның жаңа тағайындалған Бас хатшысы Серджио Маиикамен екіжақты кездесу барысында Қазақстанда өтіп жатқан стандартизация жүйесі мен техникалық реттеу жүйесін жаңғыру бойынша практикалық шаралар туралы ақпарат ұсынылып, халықаралық ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

International Organization for Standardization (ISO) халықаралық стандарттарды шығарарумен, сертификаттау проблемаларымен, сондай-ақ халықаралық тауар мен қызмет айналымды және зияткерлік, ғылыми-техникалық және экономикалық салаларында ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында бір-бірімен байланысты әрекеттерді дамытумен айналысатын халықаралық ұйым болып табылады.