28.09.2017

Ү.ж. 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігінде ГФР СІМ-нің "Willkommen in Berlin" ("Берлинге қош келдіңіз") атты дипломатиялық клубы жанындағы Орталық Азия, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттері елшілері жұбайларының тобы ұйымдастырған Diplomatic Charity Event атты қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Атап айтқанда, ұйымдастырушылар ретінде Әзірбайжан, Беларусь, Босния және Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Молдавия, Түркия, Түрікменстан, Украина және Черногория елшіліктері болып табылды.

 

150-ден астам қонақтар шинаған іс-шара барысында өз алғы сөзін "SOS Kinderdorf e.V." балалар үйінің ресми өкілі Барбара Винтер айтты. Қайырымдылық кездесуде мәдени бағдарлама мен қатысушылар мемлекеттерінің ұлттық тағамдары ұсынылды. Барлық жиналған қаражат "SOS Kinderdorf e.V." қорына тапсырылды.

"Willkommen in Berlin" клубына 100-ден астам мемлекеттерден 400-ден астам мүшелер, оның ішінде Германияда тіркелген дипломаттар мен олардың отбасы мүшелері кіреді. Клуб халықтар арасында достық, төзімділік және өзара түсінтістік рухында шетелдік дипломаттардың Германия азаматтарымен байланысуға арналған ерекше форум болып табылады.