18.10.2017
Ү.ж. 16-18 қазанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Ермек Көшербаев басқарған қазақстандық делегация жұмыс сапармен Германияда болды. Сапар барысында неміс компанияларының, атап айтқанда, «CLAAS» және «HORSCH» ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші компаниялардың өндірістік күштері зерттеліп, Қазақстанда жалғамалы және аспалы жабдықтауды жасау мәселелері талқыланды.