18.10.2017

Ү.ж. 18 қазанда Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Германияның католикалық епископтар хатшылығының Берлиндегі католикалық бюросы директорының орынбасары Катарина Йештедтпен кездесіп, неміс тарапының 2018 жылғы 10-11 қазанда Астанада өтетін VI Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысу мәселелерін талқылады.

 

Елші сонымен қатар сұхбаттасына Қазақстанда өткізіліп жатқан ұлтаралық және конфессияаралық татулық саясаты мен Қазақстан халқы ассамблеясы туралы хабардар етті.