24.10.2017
Ү.ж. 24 қазанда Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіповтің Lufthansa Group компаниясының аға басқарушы директоры Рональд Шульцпен кездесуі өтті. Күн тәртібінде Қазақстан мен Германия арасындағы Lufthansa әуекомпаниясының жолаушылар және жүк тасымалы бойынша ынтымақтастықты жандандыру, сондай-ақ Р.Шульцтың ү.ж. қазанда Астанаға жұмыс сапарының мазмұндық аспектілері болды.