25.10.2017
Ү.ж. 25 қазанда Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов "Жаңа ойлау - цифрлік өмір" тақырыбында Жалпыгермандық логистика конгрессіне қатысты. Іс-шараны Неміс Logistik қауымдастығы 40 мемлекеттен келген 3 мыңнан астам делегаттардың қатысуымен ұйымдастырды. Форум шеңберінде қазақстандық дипломат бірқатар неміс компанияларының басшылығымен кездесулер өткізді.
Сол кұні Елші Б.Нүсіпов "M&G Invest" компаниясының басқарушы директоры Экхард Мизерамен кездесу өткізіп, келіссөздер барысында неміс компанияларының келешегі бар инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ 2018-2020 жылдарға арналған Қазақстанның квази-мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылады.