26.10.2017
Ү.ж. 26 қазанда Мангейм қаласында Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Райн-Неккар аймағы сауда-өнеркәсіп палатасының және Schneider Gruppe GmbH компаниясының шақырауы бойынша Германия мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарға және Еуразиялық экономикалық одағы шеңберіндегі ынтымақтастыққа арналған 16-шы экономикалық форумына қатысты. Форум алаңында Елші неміс компаниялары мен аймақтың ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Сол күні Реда-Виденбрюк қаласында Елші Болат Нүсіпов дайын ет өнімдерін ұқсатумен және шығарумен айналысатын Tönnies Lebensmittel GmbH компаниясына барды. Компанияның басқарушы директоры Йозеф Тильманмен сұхбат барысында өндірістік саласында ынтымақтастықты құру мәселелері талқыланды.