08.11.2017

Ү.ж. 8 қарашада Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Германия іскерлік тобының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

"WILO SE" компаниясының басқарма төрағасы Оливер Хермеспен келіссөздер барысында терең сорғыш жабдықтауды және сумен жабдықтау және су тарту озақ жүйелерді өндіру мен жеткізу саласындағы ынтымақтастықты орнату бойынша пікір-талас өтті.

 

"BASF SE" концернінің Еуропа мемлекеттері бойынша президенті Маркус Крамермен кездесу барысында компанияның Қазақстандағы өзекті және болашағы бар жобалар, атап айтқанда, мұнай-газ және мұнай-химия салалары үшін шапшандатқыштарды өндіру мәселелері талқыланды.