09.11.2017

Ү.ж. 8-9 қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Берлинде жұмыс сапармен болды.

ГФР Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия және Солтүстік Кавказ мемлекеттерімен ынтымақтастық жөніндегі бөлімінің басшысы Михаэль Зибертпен және "Transparency International" халықаралық ұйымының зерттеу бағдарламалар директоры Корали Прингпен кездесулер барысында А.Шпекбаев сұхбаттастарды Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарымен, атап айтқанда сыбайлас жемқорлықты алдын ала болдырмауға және оған қарсы күреске арналған іс-шаралармен таныстырды.

 

Аталған ұйымның бұрынғы вице-президенті Вирджини Куллудонмен келіссөздер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте шетелдік тәжірибені қолдану мәселелері бойынша пікір-талас өтті. Келіссөздерге сонымен қатар Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов пен "Transparency International" ұйымының Қазақстандағы аймақтық өкілі Наталья Ковалева қатысты.