13.11.2017

Ү.ж. шілдеде Астанада Қазақстан мен Германияның басшылықтары қол жеткізген сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кең-ауқымды кеңейту жөніндегі келісімдер аясында ү.ж. 13 қарашада Майндағы Франкфурт қаласында Қазақстанның Германиядағы экономика аптасы басталды.

 

ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев басқарған қазақстандық делегация түске дейін Possehl Spezialbau GmbH және Baumann компанияларының басқарушы директорлары Оттмар Ринхофф-Гембуспен және Райнер Бауманнмен кездесулер өткізіп, Қазақстанда ет өнімдерін шығару жөніндегі жобаларды іске асыру және неміс озат технологияларын енгізу арқылы инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ "Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері" тақырыбындағы Германияның іскерлік топтары өкілдерінің қатысуымен Дөңгелек үстелге қатысты.

Неміс бизнестің өкілдері Қазақстандағы қазіргі инвестициялық климатты жоғары бағалап, ҚР делегациясын өздерінің индустрияландыру бағдарламалар шеңберіндегі өзекті жобалары мен жаңа жоспарлары туралы хабардар етті.