14.11.2017

Ү.ж. 14 қарашада Бавария астанасы - Мюнхенде Қазақстан экономика аптасы шеңберінде ҚР делегациясы "Шығыс Еуропаға назар - экономика талқылауда" тақырыбындағы халықаралық конференциясының жұмысына қатысты.

Германия мен Шығыс Еуропа мемлекеттерден 300-ден астам кәсіпорындар қатысқан іс-шараны Герман экономикасының Шығыс комитеті Allianz сақтандыру компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Форум алаңында делегация мүшелері бірқатар неміс компанияларының басшылығымен екіжақты келіссөздер өткізіп, Германияның президенті Ф.-В.Штайнмайердың ү.ж. шілдеде Астанаға сапары барысында қол қойылған бірлескен жобаларды практикалық іске асыру мәселелерін талқылады.