20.11.2017

Ү.ж. 20 қарашада Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Берлинде жетекші неміс компаниялар мен ғылыми-зерттеу институттарының қатысуымен өткен Герман энергетикалық агенттігінің (DENA) "Біріктірілген энергетикалық айналысқа арналған іс-шаралар жоспары" тақырыбында жыл сайынғы конференциясына қатысты.

 

Өз баяндамасында DENA басқармасының төрағасы Андреас Кульманн өзге тақырыптармен бірге Агенттіктің Қазақстанмен жүргізіп жатқан ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, ү.ж. шілдеде Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердың қатысуымен өткен "Неміс энергетикалық диалог" атты конференциясының табысты ұйымдастыруына назарын аударды. Герман энергетикалық агенттігі Қазақстанның энерготиімділігі мен энергияны сақтау мәселелерінде стратегиялық серіктесі болып табылады.