22.11.2017

Жетекші еуропалық партиялармен партияаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында және Германияның Христиан-демократиялық одағының (ХДО) шақыруы бойынша ү.ж. 20-22 қарашада "Нұр Отан" партиясының хатшысы Наталья Годунова басқарған қазақстандық делегациясының Берлинге жұмыс сапары өтті.

 

Неміс астанасында болу кезінде делегация мүшелері Еуропарламентінің депутаты Эльмар Брокпен, Бундестаг депутаттары Манфред Грундпен және Танкред Шипанскимен, сондай-ақ ХДО партиясының Сыртқы істер қызметінің басшысы, Одақтың халықаралық хатшысы Бертил Вегнермен кездесіп, парламентаралық және партияаралық ынтымақтастықтың өзекті ахуалы мен оның келешек дамуы талқылады.