Елшінің өмірбайяны PDF Печать

der Botschafter НҰРЛАН БАЙМОЛДАҰЛЫ ОНЖАНОВ
Қазақстан Республикасының
Германия Федеративтік Республикасындағы
Төтенше және Өкілетті Елшісі



Жеке мәліметтер
1960 жылы Қазақстан Республикасында дүниеге келген,
үйленген, екі баласы бар.

Білімі
Германистика мамандығы бойынша Гумбольдт атындағы Берлин Университетінің филология факультетін бітірген, Филология ғылымдарының кандидаты.

Кәсіптік қызметі
1983-1986 - Алматы қаласында филология доценті;
1986-1992 - Мәскеу қаласында ғылыми қызмет;
1992-1994 - ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің бөлім бастығы және министрдің кеңесшісі;
1994-1996 - Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты, Халықаралық бөлімінің аға референті;
1996-1997 - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы кейін кеңесшісі;
1997-2001 - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі;
2001-2002 - ҚР Сыртқы істер министрлігі,  Экономикалық саясат департаментінің директоры;
2002-2003 - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы;
2003-2004 - ҚР Сыртқы істер вице-министрі, ТМД істері комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі;
2004-2007 - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2007-2008 - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;
2008 ж. наурыздан бері - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

Неміс тілін меңгерген.

 

Елшінің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...

Пайдалы сілтемелер