Білім саласындағы ынтымақтастық

Екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық динамикалық түрде дамуда.

1999 жылдан бері Алматы қаласында мамандарды неміс стандарттары бойынша дайындайтын Қазақ-Неміс университеті жұмыс істейді.

Қазақстанда Гете институтының (1994 жылдан бері), Герман академиялық алмасу қызметінің (ДААД, 1989 жылдан бері) өкілдіктері ашылды. Әртүрлі германдық ЖОО-да оқу үшін Герман академиялық алмасу қызметінің шәкіртақы алушылары жыл сайын ГФР-ға шығып тұрады.

2009 жылы мамырда Германияда және континентальдық Еуропа елдерінде  «Болашақ» Халықаралық бағдарлама Орталығының (ХБО) ресми ашылуы болды.  Германиядағы және континентальдық Еуропа елдеріндегі  «Халықаралық бағдарлама Орталығы» (ХБО) АҚ өкілдігі  ҚР ГФР Елшілігінің қолдауымен жыл сайын қазақстандық жас студенттердің форумдарын өткізуде.

Аталған кездесулер шеңберінде әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырылуда. Германияның жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақстандық студенттер өздерінің ой-өрістерін және білгірліктерін, өнерлері мен ептіліктерін көрсетті, сондай-ақ шара шеңберінде өткізілген жастар спартакиадасында футбол, теннис, бадминтон, волейбол сияқты спорт түрлерінде шеберліктерімен көзге түсті. 2015ж. 30 қазанда Герман академиялық алмасу қызметінің (DAAD) ұйымдастырушылық қолдауымен Берлин қаласының Техникалық Университетінде  қазақстандық студенттердің 5 форумы  өтті. Қазақстан студенттері, атап айтқанда, әртүрлі мамандық бойынша неміс университеттерінде оқып жүрген «Болашақ» шәкіртақы алушылар  «Мәңгілік ел» отаншылдық актісінің негізгі қағидаларымен таныстырылды және олар өздерінің алған білімдері мен тәжірибелерін елдің игілігі үшін ары қарай жетілдіру керектігіне назар аударылды.

Білім саласындағы маңызды оқиға 2010 жылдың қазан айынан бастап өз жұмысын бастаған Берлин қ. Гумбольдт университетінің жанындағы «Қазақстан және қазақ тілі» Лектораты болып табылады.  Лектораттағы неміс студенттері де жеке мәдени-гуманитарлық іс-шараларға қатысады. 2014 жылы 29 сәуірде Берлиндегі Қазақстанның экономика және мәдени орталығында «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты неміс тілінде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы аталған кітапты әдеби оқу барысында, Гумбольдт атындағы Берлиндік университеттің жанындағы  қазақ тілі  Лекторатының   студенттері театрландырылған көрініс ұйымдастырып, ақынның өлеңдерін қазақ және неміс тілдерінде оқып берді.