Қазақстан PDF Печать

Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.

Download This is Astana 34Mb, Copyright: Marston-Nicholson

Подробнее...
 
Саясат PDF Печать

Саясат

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы мына елдермен дипломатиялық қатынастар орнатқан: Австралия, Ауғанстан, Армения, Австрия, Канада, Қытай, Куба, Египет, Франция, Грузия, Германия , Ұлыбритания, Венгрия, Индия, Индонезия, Иран, Италия, Испания, Жапония, Израиль, Қырғызстан, Кувейт, Ливия, Мексика, Монғолия, Біріккен Араб Эмираттары, Оман, Пакистан, Палестина, Румыния, Қасиетті тақ (Ватикан), Солтүстік Корея, Швейцария, Швеция, Тәжікстан, Түркия, Ресей, АҚШ, Өзбекстан, Украина, Финляндия, ОАР және басқа да көптеген мемлекеттер. Бүгін Қазақстан 120 елмен дипломатиялық қатынастарын дамытуда. Республикада 68 елшілік және халықаралық ұйымдардың өкілдіктері тіркелген. 38 мемлекетте Қазақстанның дипломатиялық миссиялары жұмыс істейді.

Подробнее...
 
Білім PDF Печать
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы Жалпы ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы, 2005 жылғы Елбасымыздың бүкіл халыққа арнаған жолдауын жүзеге асыру мен жыл сайын халықаралық «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің санын 3000 адамға дейін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің №301 жарлығымен 2005 жылы 4 сәуірде құрылды. Орталықтың акционері Білім және Ғылым Министрлігі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Міндеті Мемлекеттің экономикалық және саяси даму деңгейін арттыратын технократтардың жаңа буынын құру. Тапсырмалары - Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы негізінде, мамандардың шетелде дайындықтары, қайта дайындықтары мен біліктіліктерін дамыту, сонымен қатар, халықаралық бағдарламаны іске асыру мақсатында кешенді шараларды жүзеге асыру. - Ұлттық және жалпыадамдық құндылық негізінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуына, тәжірибе жинақтауы мен ғылымға қол жеткізуіне, білім алуларына қолайлы жағдай тудыру. - Әлемнің беделді оқу орындарында академиялық дәреже алуға үміттенген азаматтарға қолдау көрсету.
Подробнее...
 
Мәдениет PDF Печать

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап мәдени өмірде үлкен, сапалы өзгерістер басталды. Біріншіден, тарихи мәдени мұраларымыздың өзіндік орны мен қажеттілігі айқындалды, халықаралық қатынастар дами бастады.
Бұл саланың күрделі мақсаттарының бірі - мәдениетті ұлттың рухани байлығы ретінде дамыту және жандандыру.

Подробнее...
 
Экономика PDF Печать

 Қазақстан экономикасы 2009

Әлемдік экономикалық дағдарыс туындағалы Үкімет отандық шағын және орта кәсіпкерлік саласын қолдауды басым бағыттарының бірі ретінде қарастырып келеді. Бұлай болуы заңдылық та. Өйткені, жұмыспен қамту, әлеуметтік саланы ойсыратпау, сондай ақ қалыпты бәсекелестік ортаны дамыту үшін де жеке меншік сектордың берері мол. 

2009 ж. нәтижелері бойынша Қазақстан экономикасы өзінің қалпына келуі мен тұрақтану белгілерін көрсетуді жалғастыруда. 2008 жылдың осы кезенімен салыстырғанда бір қатар салаларда көрсеткіштердің едәуір өсуі байқалуда: жалпы өнеркәсіптік өндіру - 0,7%, тау-кен өнеркәсібінде - 5,7%, газ конденсаты мен мүнай өндірісінде - 8,0%, табиғи газ өндірісінде - 9,0%, ауыл шаруашылығында - 10,6%.

Сондықтан да экономикалық дағдарыс кезеңінде тұрақтылықты сақтау, тіпті экономикалық қауіпсіздікті күшейту тұрғысынан алып қарағанда, отандық кәсіпкерлікті жанын сала қолдау биліктің ізгі амалдарының біріне айналғаны рас. Әрине, нарық өз заңдылығымен өмір сүреді. Дегенмен, қазіргі дүниедегі орын алған күйзеліс көп нәрсе бойынша өзгерістер өрнегін салды. Бірқатар мемлекеттер алпауыт компаниялардың құлдырауынан болатын салдардың алдын алу үшін ондайларды мемлекеттендірді. Сөйтіп, әлеуметтің амалын шешу үшін мемлекет бизнеске араласып та кетті. Қазақстан да қаржы секторын қалыпты ұстау үшін банктерге араласты. Бұл уақытша болса да дағдарыстық кезеңнің әуресі. Яғни әрбір мемлекет алпауыт компаниялардан, ірі қаржы құрылымдарынан бастап, шағын бизнесті құтқаруға дейінгі жәрдемді өз хәлінше жүргізді.

2009 жылғы кыркүйек айында инфляция деңгейі 2008 жылғы желтоқсан айына қарағанда 4,7% құрады, бұл былтырғы жылдың осы кезенімен (8,1%) салыстырғанда 3,4% төмен. Ү.ж. кыркүйек айының нәтижелері бойынша, жылдық есеппен инфляция 6,0% құрады, бұл 2003 жылдың кыркүйегінен бері ең төмен деңгей болып есептеледі (2008 жылғы желтоқсанда - 9,5%). Бұл инфляция деңгейі 2008 жылдың жаз айларында байқалынған соңғы жылдардағы инфляция деңгейінің ең жоғарғы көрсеткішінен үш еседен аса төмен.

Жұмыссыздықпен күресуде белгілі бір табыстарға қол жеткізу мүмкін болды. 2009 ж. 3 тоқаснында жұмыссыздық деңгейі 6,3% құрады және 2008 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 0,1% төмендеді. Республика экономикасында 2009 ж. тамыз айында 8,1 млн. адам жұмыс істеді, ол былтырғы жылдың осы кезенімен салыстырғанда 186,7 мың адамға, немесе 2,4% көп.

2009 ж. қаңтар-тамыз айларында сыртқы сауда айналымы 43090,1 млн. АҚШ долларын құрады, 2008 ж. қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда 41,9% төмендеді. Экспорт 25180,8 млн. АҚШ долларын, импорт - 17909,3 млн. АҚШ долларын құрады.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2009 ж. қаңтар-қыркүйек айларында 2008 ж. қаңтар-қыркүйек айларына қарсы 96,8% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатордың есептелуі жылдамдықты қамтамасыз ету үшін жүзеге асырылады және оған ЖІӨ-нің 67-68% құрайтын негізгі (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс) салаларындағы өнім шығару индексінің өзгеруі ықпал етеді.

Тұтынушылық бағалардың индексі 2009 ж. кыркүйек айында 104,7% құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына 2,4%, өнеркәсіп тауарларына - 6,9%, ақылы қызметтерге - 5,8% өсті. Өнеркәсіптік өнімдер шығаратын өндіріс кәсіпорындарының бағалары 2009 ж. кыркүйек айында 2008 ж. кыркүйек айымен салыстырғанда 22,4% көтерілді.

Жедел мәліметтерге сәйкес жалпы ішкі өнім көлемі 2009 ж. қаңтар-маусым айларында ағымдағы бағалармен 6446,3 млрд. теңге құрады. Нақты ЖІӨ-нің төмендеуі 2008 ж. осы кезенімен салыстырғанда 2,3% құрды. ЖІӨ құрылымындағы тауарлар өндірісінің үлесі 39%, қызметтер үлесі - 61,3% болды.

Негізгі капиталға жасалған инвестициялар көлемі 2009 ж. қаңтар-кыркүйек айларында 3025,6 млрд. теңге құрады, бұл көрсеткіш былтырға жылдың осы кезендегі көрсеткіштерден 2,2% көп.

Қазақстан Үкіметі де бизнеске ғана емес, барша қоғамға ауыртпалық түсіп отырған кезеңде шағын кәсіпкерлікті қолдады. Салықтық жеңілдіктер қамтылды, тексерістерге мораторийлар сценарийі жүзеге асты. Екінші деңгейлі банктердің бұрынғы екпіні қайтып, олар бизнеске кредит ұсыну қауқарынан айырылғанда, билік қаржы құралдарының ғана емес, солар арқылы кәсіпкерліктің де жағдайын ойлады. Қолжетімді несие жолдарын ашты. 

2008-2009 жылдары Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде мемлекет тарапынан 127 млрд. теңге бөлінді.  Былтырғы қазан айындағы жағдайға сәйкес, екінші деңгейлі банктер 2 мың 565 тапсырыс беруші арқылы 123 млрд. теңгеге қаржыландыру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде он мыңға жуық жұмыс орындары ашылыпты. Бизнес жүргізу үшін орын алып жүрген кедергілерді, әкімшілік, тексеруге қатысты тосқауылдарды жоюды қолға алды. Қазақстан Үкіметі жақын арада рұқсатнамалық рәсімдердің 35 пайызға жуық көлемін жоюды көздеп отыр. Бұл 340-тан астам әртүрлі рұқсатнама және 100-ден астам лицензия. Лицензиялық-рұқсатнамалық құжат айналымы жылына шамасы 880 бірлікке азаяды деп күтілуде. Аталмыш рәсімдерді қысқарту мен оңайлатуға бағытталған заң жобасы Үкіметке 2010 жылдың ақпан айында енгізілетін болады.

Осындай жүйелі шаралар нәтижесінде  кәсіпкерлік секторында дағдарыс кезеңінде тиімді нәтижелерге қол жеткізілді, шағын бизнес саласында «қан жүгірді». Жұртшылықтың жұмыспен қамтылуынан бастап, отандық тауар өндірушілер арасында өзара бәсекелестік те жандана бастады. Шағын және орта бизнес саласында жайлы жағдай қалыптастыру, іскерлік ортаны жақсартау шаралары Қазақстанның түрлі халықаралық рейтингтегі позициясының да нығаюына септігін тигізіпті. Мәселен,  Дүниежүзілік банктің жүргізген  жыл сайынғы «Doing Business - 2010» рейтингі нәтижесі  бойынша Қазақстан 183 елдің ішінде 70-тен 63-ші орынға көтерілген.  Ал Халықаралық менеджментті дамыту институтының Швейцарияда орналасқан Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы елдердің бәсекеге қабілеттілігінің жыл сайынғы рейтингісінің 2009 жылғы қорытындысы бойынша Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда 3 позицияға көтеріліп, 36 - орынға жайғасыпты. Айта кетерлігі, Қазақстанның осы позициясы Ресейді (49 орын) 13 тармаққа, Украинаны (56 орын) 20 тармаққа артқа тастап, жетекші позицияға көтерген. Сондай ақ  Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингі бойынша, Қазақстан  алдыңғы жылдың нәтижелерімен салыстырғанда бар-жоғы бір позициясын жоғалтып, 67- орынға тұрақтаған. Дағдарыс кезеңіндегі жағдайдың салқыны болғандықтан бұндай рейтингте Ресей бірден 12 позицияға құлдырап, 51-ден 63 орынға төмендесе, Украина он позицияға сырғып, 72-ден 82- орынға дейін кеткен. Осындай халықаралық рейтинг көрсеткіштерінің өзі ақ дағдарысқа қарсы шаралардың қаншалықты тиімді болғанын, кәсіпкерлік ортаны қолдаудың жемісті атқарылғанын білдірсе керек. Бұндай жүйелі шаралардың нәтижесінде Үкімет былтырғы жылды оң қорытындымен өткерді десе болады. Яғни, дағдарысқа қарсы шара аясында шағын және орта бизнесті қолдауда түпкілікті нәтижелер орын алды. Ал ендігі жағдай қалай болмақ?!

Жалпы, шағын және орта бизнес үшін ахуалды жақсарту Үкіметтің алдағы уақыттағы басым міндеттердің бірі болып қала береді. Дегенмен, бұған дейін Үкімет дағдарыстың кезеңінде бизнесті құлдыраудан, қызметін тоқтатып қалудан сақтау амалдары арқылы қолдаса, ендігі қолдаудың түрі де, мәні де басқа бағытта өрбитіні сөзсіз. Яғни былтыр, алдыңғы жылдары биліктің мойнында бизнесті құрдымға кетірмеу міндеті көбірек болса, ендігі күні бәсекелестік үшін сол бизнестің өзінің жауапкершілігі де арта түседі.

Сондықтан да, бизнесті үкіметтік қолдаудың шарасы    бәсекелестікті арттыра түсу мен өнімдердің экспортқа бағдарын арттыруға бағытталатыны сөзсіз. Өйткені, біріншіден Қазақстанның дағдарыс қаупін сейілтіп, Кедендік одақ секілді экономикалық қатынастың жаңа деңгейіне қадам басуы   қазақстандық тауар өндірушілерден соны талап етеді.
Екіншіден, соңғы уақытта баса назар аударылған  қазақстандық қамту шарасының өзі отандық бизнестен сапалы ғана емес, бағасы, қызметі бойынша тұтынушы көңілінен шығатын өнім үшін бәсекелестікті сұранады. 

Үшіншіден, өңдеу кәсіпорындарын құруға, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы биснесті қаржыландыруда биліктің қолдауы бұрынғыдан да арта түседі. Бұның өзі бизнестің қосымша мүмкіндіктерін қарастыруға ынталандыру болып табылады. 

Төртіншіден, Үдетілген индустриялық инновациялық бағдарламасы   ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнестің өркендеуіне жол ашады. Бизнесті қолдаудың бұдан басқа шаралары жергілікті жерлерде жүзеге асуын жалғастырады. Мәселен, былтыр басталған «Жол картасы» бағдарламасы да өңірлерде тың бағдарға ие болады. Ендеше бұл да өңірлік кәсіпкерлік үшін үлкен мүмкіндік болып қала беретіні шындық. Түйіндей келгенде, алдағы уақытта шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа құралдары жүзеге асып, кәсіпкерлік сектор да өз жауапкершілігін көрсету үшін бәсекелестіктің жаңа деңгейіне қол соза бастайды.


Қазақстан Республикасының 2008 жылдың қаңтар-мамыры аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Экономиканың нақты секторы


2008 жылдың қаңтар-мамырында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 4243,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткіштен 3,8% артық. Өндіріс көлемі 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 6,7%, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 7,9% өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 0,7% төмендеді.

2008 жылдың қаңтар-мамырында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 213,5 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,9%-ға өсті. 2008 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 778,0 млн. тоннаны құрап, 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға өсті. Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 880,5 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 2,2% артты.

2008 жылдың қаңтар-мамыры аралығында негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 1158,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы қаңтар-мамырдағыдан 16,1% көп.
2008 жылғы 1 маусымындағы жағдай бойынша республикада 275606 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, олардың 186471 жұмыс істеп тұр. Жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамға дейінгі кәсіпорындар – 260489. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 172331, олардан шағын бизнес кәсіпорындары - 126044.
Сыртқы сауда. 2008 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің деректері бойынша, ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 31593,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2007 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 41,3%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 21515,6 млн. АҚШ доллары (60,3%-ға өсті), импорт – 10077,4 млн. АҚШ доллары (12,7%-ға өсті).
Бағалар. 2008 жылдың мамырында тұтыну бағасының индексі 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,5%-ды құрады. Бағалар мен тарифтер азық-түлік тауарларына – 6,2%, азық-түлік емес тауарларға – 3,0%, ақылы қызметтерге – 3,3% өсті. 2008 жылдың мамырында өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,8% өсті.
Қаржы. 2008 жылдың 1 мамырында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен түсімдер көлемі 1008,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылғы 1 мамырдағыдан 25,5% артық, шығыстар мен кредит беру – 912,0 млрд. теңге (24,9% артық). 2008 жылдың 1 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 7259,0 млрд. теңгені құрады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі 80,4%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 42,6% құрады. 2008 жылдың 1 мамырында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 4133,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2007 жылдың 1 мамырына қарағанда 26,1% көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) тиісінше 1490,2 млрд. теңге болды, бұл 2007 жылғы 1 мамырдағыға қарағанда 25,2% көп.
Халықаралық резервтер және ақша базасы. 2008 жылғы маусымның бірінші жартысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резвервтері төмендеді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағамен 0,5%-ға (немесе 105,9 млн. долл.) төмендеді.
Тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағамен), Ұлттық қордың ақшасын қосқанда (алдын ала деректер бойынша 25 168,7 млн. долл.) 46 538,2 млн. долл. құрады. Өткен айға қарағанда 2,2% өсті. 2008 жылғы маусымның бірінші жартысында Ұлттық Банктің таза ішкі активтерінің өсуі ақша базасының 8,1%-ға (немесе 137,9 млрд. теңгеге) кеңеюіне себепші болды.
Еңбек рыногы. 2008 жылдың мамырында сараптық бағалау бойынша жұмыссыздар саны 568,9 мың адам болды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 6,7%-ды құрады, соның ішінде жұмыспен қамту органдарында мамырдың аяғында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны - 69,6 мың адам, экономикалық белсенді халық санындағы олардың үлесі – 0,8%.
Халық табысы. 2008 жылдың сәуірінде, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 28552 теңгені құрап, 2007 жылғы сәуірмен салыстырғанда – 22,3%-ға, ал нақты ақшалай табысы – 2,7%-ға өсті. 2008 жылдың сәуірінде қызметкерлерге бөлінген орташа айлық атаулы жалақы 57897 теңгені құрап, 2007 жылғы сәуірмен салыстырғанда 17,2%-ға өсті. Нақты жалақы 1,6%-ға төмендеді.

 
Фотогалерея PDF Печать


Подробнее...
 


Елшінің алғы сөзі

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...

Пайдалы сілтемелер