Салт-дәстур PDF Печать

Қазақстан – қазақ халқымен қатар жүзден аса этнос өмір сүретін мемлекет. Бұл ұлттардың әрқайсына да өз салт-дәстүрі тән. Аталмыш дәстүрлердің кейбірі бірегей болса, кейбірі өзге халықтардың дәстүрлерімен үндеседі; бірі мыңжылдықтарға созылса, бірі көз алдымызда қалыптасып жатады.

Аталмыш жағдай Қазақстанда әртүрлі этностардың дәстүрлеріне сыйластықпен қарау дәстүрінің қалыптасуына алып келді. Қазақстандықтар салт-дәстүрлердің көптүрлілігін ақиқат ретінде қабылдайды. Осылайша, қазақтар Наурыз бен Айт мерекелеріне өзге ұллты көршілеріне ет пен бауырсақтан дәм ұсынса, орыс мен украин халқының өкілдері Пасха мейрамында собалақтар мен боялған жұмыртқаларынан дәм тигізеді.

Толығымен...
 
Музыкалық аспаптар
Қазіргі таңда қазақтың музыкалық аспаптарының 20-дан астам түрі белгілі. Олардың қатарында үрмелі аспаптар (саз сырнай, сыбызғы, керней, бұғышақ), ішекті-шертпелі (домбыра, шертер, жетіген) және ұрмалы-соқпалы (дабыл, даңғыра), керілген қылмен ойналатын (кобыз), тілшелі аспаптар (шаңқобыз) бар.

Қазақтың ұлттық аспаптарына қызығушылық танытқандар Алматы қаласындағы Мемлекеттік қазақ халық музыкалық аспаптары музейін тамашалап, өзіне көп жаңалық аша алады Музейде бай жәдігерлермен танысып қана қоймай, әрбір аспаптың үні жазылған аудиожазбаларды тыңдай аласыз.

Толығымен...
 
Театрлар
Қазақстанның театрлық өмірі осы өнердің барлық түрін қамтиды: мұнда драма театрлары, опералық және балет театры да қызмет етеді, сонымен қатар қуыршақтар театры мен мюзиклдер театры бар. Қазақстанның театрлық өмірінде этникалық театрлардың маңызды бөлігі де қамтылған.

Театрды таңдай отырып, егер, әрине, сөз опера және балет театры туралы болып отырмаса, туындыны дәл қандай тілде тамашалағыңыз келетінін анықтап алғаныңыз жөн және осы таңдауға байланысты жанрды таңдаған дұрыс болады. Драмалық және музыкалық туындылар қазақ және орыс тілдерінен басқа ұйғыр, корей, өзбек, неміс тілдерінде мамандандырылған негізде қойылады.

Толығымен...
 
Ұлттық ойын түрлеры

Спорт және қимыл-қозғалыс ойындары

Өмірдің көшпелі салтына байланысты қазақ халқы шабандоздардың шеберлігі мен атты ұстай білу қабілеті өте жоғары бағалаған. Сол себепті қазақтың  спорттық және ойын мәдениетінде ат жарыстары маңызды орынға ие: олар шабандоздармен қатар, аттарды да ұзақ өткелдерге және төңіректе жылдам қозғалуды талап ететін кез келген жағдайларда жылдам әрі тиімді әрекет етуге дайындаған. Елде ат жарысының ұлттық түрлеріне қатысты сайыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Олардың арасындағы ең ірілері Президент Кубогына арналған жалпыұлттық жарыстар болып табылады.

Толығымен...
 
Фольклор
Халық ауыз әдебиеті, еш күмәнсіз, – қазақ мәдениетінің ең әлеуетті бағыттарының бірі, бұл өз алдына өмірдің көшпелі салтына байланысты. Өсиеттер, аңыздардың кең көлемін музыкалық аспаптардағы ойын арқылы әдемі жеткізе білу – ақындар, жыраулар, термешілер шығармашылығының өзегі.

Қазақ фольклорының 40-тан астам түрі белгілі: батырлық жырлар, лиро-эпостық поэмалар, өсиеттер, аңыздар, өтірік өлеңдер, ғашықтық және салт-дәстүр әндері, философиялық ойлар, арнаулар, ертегілер, мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.

Қазақ фольклорында батырлардың ерлігін жырлайтын батырлық – Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Қамбар батыр және қаһармандардың батыл махаббаттарын сипаттайтын лирикалық – Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Қыз Жібек және т.б. жырлардың орны ерекше.

Толығымен...
 
Дәстурлі музыка

Қазақтың музыкалық өнерi – аспапты бағытта да, вокалдық - жеке орындау бағытында да дамыған. Қазақ дәстүрлi музыкасының тағы бiр ерекшелiлігі олардың жазбаша нұсқаларының жоқтығы болып табылады. Музыкалық шығармалардың әуендері, мәтіндері атадан балаға, мұғалімнен оқушыға, бiр музыканттан басқаға ауызша жетіп отырған.

Халық аңыздарына сәйкес, қазақ музыкалық дәстүрiнің ата-тегі аты аңызға айналған жыршы, музыкалық орындаушы Қорқытпен байланыстырылады. Оны ең әйгiлi халық аспаптарының бiрi – қобызды ойлап тапқан деп есептейді.

Толығымен...
 
Әдебиет PDF Печать
Қазақ әдебиеті ауыз әдебиеттің ерекше рөлімен ерекшеленеді. Қазақтың халық ауыз әдебиеті көнеден бастау алған. Ал жазба әдебиет жаңа түрде шамамен  ХІХ ғасырдың ортасына қарай қарқынды дами бастады.

Қазақ халқының ауыз әдебиет дәстүрі өздiгiнше ерекше.  Қандай да бір бірнеше сағатқа созылатын эпикалық әдеби шығармаларды еш жазбаға қарамай орындау – үлкен өнер мен керемет есте сақтау қабілетін керек еткен болатын. Ақындардың шығармалары ғасырдан ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырды.

Толығымен...
 
Ұлттық тағам PDF Печать
Қазақстанның қазіргі тағамдары еліміздің кейінгі жүз жарым жыл ішіндегі тарихының бірегей көрінісі болып табылады. Ол өзіне тек қазақ мәдениетінде көне заманнан келе жатқан ұлттық тағамдарын ғана емес, сонымен қатар отандастарымыз ұнатып қалған өзбек, ұйғыр, орыс, украин, татар және корей тағамдарын да қамтиды.
Толығымен...
 
Мұражайлар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы – Орталық Азиядағы ең үлкен мұражай. Ол 2014 жылдың 2 шілдесінде «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының негізінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің бастамасымен ашылған болатын.

Мұражай еліміздің басты алаңында – Тәуелсіздік алаңында «Қазақ елі» монументімен, Тәуелсіздік Сарайымен, Бейбітшілік және келісім Сарайымен, «Хазрет Сұлтан» мешітімен және Ұлттық өнер университетімен сәулет жарасымдылығын үйлесімді түрде құрып орналасқан.

Толығымен...
 
Бейнелеу өнерi
Қазақ мәдениетiнде бейнелеу өнерi көшпелi тұрмыс ерекшелiктеріне және өзiндiк табиғат жағдайларына байланысты ұзақ уақыт бойы декоративтi-қол өнерi түрінде дамыды. Шынында да, XIX ғасырға дейiн қазақтардың өмiрлiк жағдайы кескін немесе мүсін секілді бейнелеу өнерiнiң дамуына мүмкіндік бермеді, сондықтан қоршаған ортаны бейнелеудегі шығармашылықтың негiзгi объектiлерi – күнделiктi тұрмыстық объектiлер болды. Сол уақыттарда қазақ шеберлері мен қолөнершiлерiнің көркемөнер туындылары дүниеге келді.
Толығымен...