Германиядағы қазақ диаспорасы

Германиядағы қазақ диаспорасының саны көп емес - 1000 адамнан сәл асады.  Олардың iшiнде: Кёльнде - 500, Мюнхенде - 380, Берлинде - 110, Гамбургта - 34, Майнцта - 11, Майндағы Франкфуртта - 7, Хайдельбергте – 7 адам. Диаспора өкiлдерiнің көбі өткен ғасырдың 50-60-шi жылдары Түркиядан ГФР-ға көшіп келген. ССРО-дан кейін эмигранттар ретінде келген аралас жанұялардың құрамындағы қазақтар бұл тізімге қосылмады.

Қазақтар Германияға 20-ғасырдың 20-шi, 40-шi және 60-шi жылдары үш толқынмен келген. Диаспораның негiзгi бөлiгi Шығыс Қазақстанның адамдары, 20-шi - 30-шi жылдары зорлықпен колхоздастыру, ашаршылық, озбырлықтың салдарынан немесе коммунистік режимнің қуғындаумен елін тастап кеткен.

Олар Тибет және Индия арқылы Пәкістанға келіп, 12 жылдан аса өмiр сүрген, кейін соғыс салдарынан 1953 жылы Түркияға көшкен.  Түрiк үкiметi оларды түсiнiстікпен қабылдап, қаржы және моралды қолдау көрсеттi, азаматтық бердi.

Қазақтардың Германиядағы келесі толқыны негізінен екiншi дуниежүзілік соғыстың әскери тұтқындары. Сол кезде Берлинде Мустафа Шоқайдың қолдаудымен «Ұлттық әдебиет - Әлемдiк әдебиет» журналы шығарылды. Журналдың бас редакторы Кобызшы Қорқыт деген бүркеншiк атпен Мажит Айтбайдың «Абылай дастаны» кiтабы жарық көріп, ол 1971 жылы Мюнхенде Қасен Оралтайдың алғысөзiмен қайта басылып шығарылды. Сонымен бiрге Берлинде «Түрiктердiң бiрлiгi» атты газет шығарылатын.

Қазақтардың үшiншi тобы өткен ғасырдың 60-шы жылдардың ортасында Түркиядан Германияға гастарбайтерлер ретiнде келген адамдар. Олардың балалары неміс мектептерінде оқыды, орташа ,ал кейбірі жоғары бiлiм алды. Ата ұрпақтың көп өкiлдерi осы уақытқа дейiн түрiк, ал жас ұрпақ өкiлдерi  - ГФР-дың азаматтары.

Диаспораның өзекті мәселелерiн шешу мақсатында олардың тығыз орналасқан жерлерде Қазақ мәдениет орталықтары (КМО) жұмыс iстейдi. КМО 1998 жылы Мюнхенде (2007 жылдың қазанынан бері төрағасы Әбдiрахман Уналан), 2001 жылы - Кёльнде КМО ашылды (2007 жылдың қазанынан бері төрағасы Абдулғани Макин). 2003 жылдың 2 наурызында Берлиннiң Қазақ қоғамы ұйымдастырылды (төрағасы - Жүнiсбек Тораман).

Германиядағы Қазақстан жылының қазақ диаспорасы үшiн бiр маңызды оқиғасы - Еуропаның Қазақ Қауымдастығы Федерациясының (Мюнхен қаласы ) тiркелуі, ол 8 еуропалық елдің қазақтарын бiрiктiреді.

2009 жылдың 5 қарашасында  Кёльн қаласында өткен қазақстан- герман форумының аясында Абдулкайым Кесиші Федерацияның ресми таныстырылуын өткізді.
Қазақ мәдени және ұлтаралық татулық қоғамының көмегiмен сәуiр айында Мюнхенде қазақ диаспорасының «Еуропаның немiс тiлдi елдеріндегi ұқсастық және қазақ диаспорасы жастарының кiрiгуi мәселелері» атты еуропалық конференция және қазақ диаспорасы жастарының бiрiншi форумы ұйымдастырылды.

 
Білім саласындағы ынтымақтастық

Екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық динамикалық түрде дамуда.

1999 жылдан бері Алматы қаласында мамандарды неміс стандарттары бойынша дайындайтын Қазақ-Неміс университеті жұмыс істейді.

Қазақстанда Гете институтының (1994 жылдан бері), Герман академиялық алмасу қызметінің (ДААД, 1989 жылдан бері) өкілдіктері ашылды. Әртүрлі германдық ЖОО-да оқу үшін Герман академиялық алмасу қызметінің шәкіртақы алушылары жыл сайын ГФР-ға шығып тұрады.

2009 жылы мамырда Германияда және континентальдық Еуропа елдерінде  «Болашақ» Халықаралық бағдарлама Орталығының (ХБО) ресми ашылуы болды.  Германиядағы және континентальдық Еуропа елдеріндегі  «Халықаралық бағдарлама Орталығы» (ХБО) АҚ өкілдігі  ҚР ГФР Елшілігінің қолдауымен жыл сайын қазақстандық жас студенттердің форумдарын өткізуде.

Аталған кездесулер шеңберінде әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырылуда. Германияның жоғары оқу орындарында оқып жүрген қазақстандық студенттер өздерінің ой-өрістерін және білгірліктерін, өнерлері мен ептіліктерін көрсетті, сондай-ақ шара шеңберінде өткізілген жастар спартакиадасында футбол, теннис, бадминтон, волейбол сияқты спорт түрлерінде шеберліктерімен көзге түсті. 2015ж. 30 қазанда Герман академиялық алмасу қызметінің (DAAD) ұйымдастырушылық қолдауымен Берлин қаласының Техникалық Университетінде  қазақстандық студенттердің 5 форумы  өтті. Қазақстан студенттері, атап айтқанда, әртүрлі мамандық бойынша неміс университеттерінде оқып жүрген «Болашақ» шәкіртақы алушылар  «Мәңгілік ел» отаншылдық актісінің негізгі қағидаларымен таныстырылды және олар өздерінің алған білімдері мен тәжірибелерін елдің игілігі үшін ары қарай жетілдіру керектігіне назар аударылды.

Білім саласындағы маңызды оқиға 2010 жылдың қазан айынан бастап өз жұмысын бастаған Берлин қ. Гумбольдт университетінің жанындағы «Қазақстан және қазақ тілі» Лектораты болып табылады.  Лектораттағы неміс студенттері де жеке мәдени-гуманитарлық іс-шараларға қатысады. 2014 жылы 29 сәуірде Берлиндегі Қазақстанның экономика және мәдени орталығында «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты неміс тілінде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы аталған кітапты әдеби оқу барысында, Гумбольдт атындағы Берлиндік университеттің жанындағы  қазақ тілі  Лекторатының   студенттері театрландырылған көрініс ұйымдастырып, ақынның өлеңдерін қазақ және неміс тілдерінде оқып берді.



 
Саяси ынтымақтастық

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін Германия Федеративтік Республикасы 1991 жылғы 31 желтоқсанда мойындады.

Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 11 ақпанда орнатылды.

Қазақстан-Германия қарым-қатынастарының негізі ГФР-на Президент Н. Назарбаевтың алғашқы ресми сапары және қатынастардың негізі туралы Бірлескен өтінішке, сондай-ақ әр салалар бойынша бірқатар шарттар мен келісімдерге қол қою барысында қаланды.

1992 жылы Қазақстанда ГФР Елшілігінің ашылуы және 1993 жылы Германияда Қазақстан Елшілігінің ашылуы бұдан арғы диалогтың жоғары деңгейде өрбуіне қосымша ынталандырма болды.

Дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған кезден бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Германияға 7 ресми сапары (1992, 1997, 2001, 2004, 2007, 2009, 2012 жылдары) болды. 2015 жылғы қаңтарда Елбасының Берлинге жұмыс сапары өтті.

ГФР Президенті Р. Херцог (1995ж), Федералдық канцлері Г.Шрёдер (2003 ж. желтоқсан), Президенті Х. Кёлер (2008 ж. қыркүйек), ГФР Федералдық канцлері А. Меркель (2010 ж. шілде, желтоқсан) Қазақстанға келді.

Тәуелсіздік алған мерзім аралығында Вице-канцлерлер мен Федералдық сыртқы істер министрлер Х.-Д.Геншер, К.Кинкель және Г.Вестервелле Қазақстанға ресми сапармен барды.

Тұрақты екіжақты саяси және сауда-экономикалық диалог ГФР Федералдық сыртқы істер министрі Ф.-В.Штайнмайердің 2014 жылы Астана қаласына жасаған ресми сапары аясында, сондай-ақ ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Б.Сағынтаевтың 2015 жылы Германияға жасаған екі сапары барысында жалғасты.

Қазақстан-Германия қарым-қатынасындағы маңызды оқиға Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 7-8 ақпандағы Германияға сапары болды, сапар барысында саясат және экономика саласындағы өзара іс-әрекетті жандандыру бойынша маңызды екіжақты құжаттарға қол қойылды. Сапар шеңберінде Берлин Еуразиялық Клубының ашылуы өтті. Клубтың отырыстары тұрақты түрде Астана, Берлин және Брюссель қалаларында өтеді.

 

Парламентаралық қарым-қатынастар

 

Қазақстан-германия қарым-қатынастары тарихында Бундестаг Президенті Н.Ламмерттің 2010 жылғы 12 қазандағы Қазақстанға бірінші ресми сапары айрықша маңызға ие болды.

2012 жылғы 20-22 қарашада ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.Нығматуллин Германияда ресми сапармен болып, Бундестаг президенті Н.Ламмертпен, сондай-ақ ГФР СІМ-де, Кербер атындағы қорында, жергілікті қоғамдық-саяси және іскерлік топтармен кездесулер өткізді.

Бундестаг Президентінің орынбасары Й.Зингхаммердің және бірқатар неміс депутаттарының 2014-2015 жж. ішінде Қазақстанға жасаған сапарлары, сондай-ақ ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.-Ж.Тоқаевтың (2015 ж.), ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақсыз өкіл ретінде Қазақстанның кандидатурасын жылжыту мәселелері бойынша арнайы өкілі Д.Назарбаеваның (2015 ж.), ҚР Парламенты Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы И.Адырбековтың (2016 ж.) және қазақстандық парламентариялардың Германияға сапарлары екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың нығаюына әсерін тигізді.

Екі елдің заң органдары арасында тұрақты байланыс орнатылған. Қазақстандық Сенат пен Мәжіліс депутаттарының Бундестагтағы «Германия және Орталық Азия»  парламенттік тобы мүшелерімен кездесулері үнемі болып тұрады.



 
сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы

Сауда-экономикалық қанытастар

Германияния Қазақстанның беделді сауда әріптестердің қатарына кіреді, екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастар тұрақты динамикасының нығаюмен және федералдық, аймақтық деңгейде жаңа мүмкіндіктерді іздестірумен сипатталуда.

Герман статистикасына сәйкес, ҚР мен ГФР арасындағы тауар айналымы 2014 ж. 6.2 млрд. евро құрады, соның ішінде экспорт – 1,7 млрд., импорт – 4,45 млрд. евро.  (2013 ж. – 6.5 млрд. евро, экспорт – 2,1 млрд., импорт – 4,4 млрд. евро, 2012 ж. - 5,9 млрд. евро, экспорт – 1,97 млрд., импорт – 3,93 млрд. евро).

2015 ж. 12 ай ішінде тауар айналымның көрсеткіші 4,069 млрд. евро (өткен жылдың ұқсас мерзімдерге қарағанда -34% кем), оның ішінде экспорт – 1,246 млн. евро, импорт – 2,823 млрд. евро (2014 ж. - 6,166 млрд. евро, экспорт – 1,722 млрд., импорт – 4,444 млрд. евро) құрады. Бір қатар объективті себептерге қарамастан, ағымдағы жылы тауар айналымы өседі деген үміт бар.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2005 ж. – 2015 ж. 2 тоқсан аралығында Германияның Қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың көлемі 3,558 млрд. АҚШ долл. құрады (2015 ж. І-ші жартыжылдықта - 252,5 млн., 2014 ж. - 443 млн. АҚШ долл.). 2005 ж. – 2015 ж. 2 тоқсанға дейін Қазақстанға құйылған жалпы тікелей шетел инвестициялардың көлемі ішінде 1,6% құрады (2014 ж. 1,9%). Өз кезегінде ҚР инвестициялық орны Германияға қарағанда 2015 ж. 1 жартыжылдықта (міндеттерді қоса алғанда) 4,5 млрд. АҚШ долл. (2014 ж. 4,3 млрд.) құрады.

Өткізілген белсенді жұмыс арқасында 3 жыл ішінде Қазақстан мен Германия арасында 4 млрд. евро. жалпы сомма құрайтын 72 инвестициялық және сауда келісімдерге қол қойылды. Қазіргі уақытта шамамен 390 млн. евро көлемінде инвестициялық жобалар жүзеге асырылды және 2016 жылы ішінде 4 млрд 464 млн. евро сомма көлемде бірқатар жобалар кол қойылуға дайын. Шамамен 90% герман инвестициялары ҚР шикізат емес салаларға құйылуда.

Қазақстанда герман капиталы бар 1500 экономикалық құрылымдар, бірлескен кәсіпорындарды, неміс компаниялардың және банктердің өкілдіктерін қоса алған тіркелген, олардың ішінде 845 герман кәсіпорындары белсенді қызмет атқаруда. Қазақстанда «Сименс», «Даймлер», «Фольксваген», «Ман», «РВЕ», «Кнауф», «Байер», «БАСФ», «Бош», «МЕТРО» және т.б. әйгілі концерндер өкілдік етеді.

2015 ж. ішінде екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көптеген маңызды іс-шаралар өткізілді. 2015 ж. Елшілік ГФР әртүрлі федералдық жерлерде 8 Қазақстан экономика күндерін, 7 бизнес-форум, ҚР және ФРГ-ға 20 бизнес-делегациялардың сапарлары ұйымдастырылды (барлығы 44 экономикалық іс-шара), сондай-ақ: «Grüne Woche - 2015» (15-21 қаңтар) 80-ші халықаралық ауыл шаруашылық көрмесіне, ITB (3-5 наурыз) 49-шы халықаралық туристік көрмесіне,  «East Forum Berlin» (22 сәуірде) 3-ші халықаралық конференциясына, Қарағанды қаласында өткен (9 маусымда) экономика және сауда бойынша қазақ-герман ҮЖТ 9-шы отырысына, Берлинде өткен (8 шілдеде) қазақ-герман іскер кеңесінің 8-ші отырысына, «Орталық Азиядағы: су және көршілес қарым-қатынастар» атты халықаралық конференциясына (7 қыркүйекте), 5-ші Оңтүстік Еуропа және Неміс өнеркәсіб күндеріне (2 қарашада) қазақстандық делегациялардың қатысуы ұйымдастырылды.

Жалпы барлық экономикалық іс-шаралар және сапарлардың нәтижелері көрсеткендей, Қазақстан мен Германия екіжақты байланыстардың жоғары деңгейі мен ұзақ уақтылы сипаттын растады. Байланыстарды іс жүзінде тереңдетуге деген ниет және өзара ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздестіруі көрсетілді.

 

Инвестициялық жеңілдіктер

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестор келесі жеілдіктерге ие бола алады:

1. Жобаларды жүзеге асыруға жеңілдіктер (соның ішінде мүдделері басым инвестициялық жобалар):

•        Құрал-жабдықтар, шикізат пен материалдар, құрамдас бөлшектер мен қосалқы бөлшектер енгізуде кедендік салықтардан босату;

•        Мемлекеттік заттай гранттар – тиянақталған активтерге бөлінген инвестиция көлемінің 30%-н аспайтын мемлекеттік жер учаскелерін, ғимараттарды, құрылыстарды, машина мен құрал-жабдықтарды, есептеу техникаларын, өлшеу және реттеу құрылғыларын, транспорттық құралдарды, өндірістік және шаруашылық бұйымдарды жекеменшікке беру.

2. Маңыздылығы басым инвестициялық жобаларға жеңілдіктер беру:

•        Салықтық жеңілдіктер: корпоративтік табыс салығы – 10 жылға 0%; жер салығы – 10 жылға 0%; мүлік салығы – 8 жылға 0%;

•        Құрал-жабдықтарды сатып алу мен құрылыс-монтаж жұмыстарына шығарған инвестор шығынының 30% қайтаруға арналған инвестициялық субсидиялар;

•        Заң шығару тұрақтылығына кепілдіктер: шетелдік еңбек күшін тартуда және салықтық;

•        ҚР ИСМ инвестиция Комитеті негізінде «бір әйнек» принципі; (құжаттарды жинау мен дайындауда келісімшартқа қол қойған инвесторлардың қатысуын азайту, сонымен қатар олардың мемлекеттік қызмет көрсету субъектілерімен тікелей қатынасын шектеу. Осылайша, жобаларды жүзеге асыруға қажетті рұқсат беретін және де өзге құжаттар «бір әйнектен» берілетін болады);

•        Квотадан тыс және рұқсатсыз инвестициялық қызмет объектісін пайдалануға бергенге дейін бір жыл және бергеннен кейін бір жыл аумағында шет елдік еңбек күшін тарту;

 

* Маңыздылығы басым инвестициялық жобалардың критерийлері:

•        Басымдылығы жоғары қызмет Тізіміне сәйкес келуі;

•        2 млн. АЕК-тен астам инвестиция көлемінде жаңадан құрылған заңдық тұлға (АЕК – Республикалық бюджет туралы заңда белгілінген айлық есептік көрсеткіш).

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес Инвестициялық институт омбутсмені қарастырылған, ол:

•        Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын инвесторлар тарапынан өтініштерді қарастырады және  мемлекеттік ұйымдармен әрекеттесе отырып ұсыныстар жасайды;

•        Соттық және соттан тыс туындаған сұрақтарды шешуде инвесторларға көмек көрсетеді;

•        Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметіне ұсыныстар дайындап, енгізеді.

Инвестициялық жеңілдіктер жасау бойынша барлық сұрақтармен Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму Министрлігінің инвестиция Комитетіне жүгінуге болады.

 
Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық ыңтымақтастық дәйекті түрде және өзара мүдделіктің негізінде дамуда. Қазақстанның Германиядағы жылы (2009) мен Германияның Қазақстандағы жылы (2010) екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі тереңдеуіне үлкен серпін берді.

2006 жылдан бері Қазақстанның Германияда бай мәдени мұрасын жылжытуға бағытталған «Қазақ кітапханасы» жобасы жүзеге асырылуда. 10 жыл ішінде атақты қазақ жазушыларының 25 әдеби туындысы неміс тіліне қайта басылып шығарылды.

2014 жылғы 26 қарашада Берлин-Бранденбург ғылым академиясында М.Қасымбековтің неміс тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты  кітабының тұсаукесері болып өтті. Іс-шараға белгілі неміс саясаткерлері қатысты. Шара шеңберінде М.Қасымбеков неміс БАҚ-на сұхбат беріп, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары аралығындағы дамуының негізгі бағыттарын хабарлап, егеменді Қазақстанның қалыптасуы мен өркендеуіндегі Елбасының көшбасшылық рөлін ерекше атап өтті.

Неміс аудиториясын қазақтардың дәстүрлерімен таныстыру мақсатында Елшілік мәдені-гуманитарлық шараларды жүйелі түрде өткізуде. Ата айтқанда, 2014 ж. 23 наурызда Берлин қаласындағы Өнер университетінің үлкен концерттік залында Дина Нүрпейісова атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің концерті болып өтті. Онда неміс көрермендерінің назарына 30-дан аса қазақ халық және халықаралық туындылары ұсынылды.

2015 ж. 20 наурыз күні «Наурыз» мерекесі аясында Берлин қаласы филармониясының үлкен концерттік залында Айман Мусаходжаеваның басқаруымен Қазақ ұлттық өнер университеті оркестрінің Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған концерті ұйымдастырылды.

2015 ж. 18 қазандаБерлин филармониясының үлкен консерттік залында  Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген өнер қайраткері Марат Бисенғалиевтің жеке концерті ұйымдастырылып, соның аясында оркестрдің сүйемелдеуінде қазақ классиктерінің шығармалары орындалды.

Екіжақты ыңтымақтастастықтағы маңызды оқиғалардың бірі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Исекешев пен Германдық экономика Шығыс Комитетінің төрағасы Э.Кордестің қатысуымен 2014 ж. 5 наурызда Берлин қ. Қазақстан Республикасының Экономикалық және мәдени орталығының ашылуы болып табылды.

Бұл Орталықтағы бірінші шара «Қазақ кітапханасы» жобасының аясындағы Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты неміс тілінде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі болды.

2015ж. 2 қарашада ҚР ГФР-дағы Елшілігінде «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» атты неміс тіліндегі 2 томдық роман-дәуірнамасының тұсаукесерімен бірге «Қазақ хандығының 550 жылдығы: қайнар көзден бастап қазіргі заманға дейін» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Елшілік тұрақты түрде Германияда тұратын бұрынғы қазақстандықтармен – Ұлы Отан Соғысы ардагерлерімен байланыс ұстайды. Атап айтсақ,  2015 ж. 9 мамырда Елшіліктің ғимаратында ҚР ГФР Елшісі Б.Нүсіпов Жеңіс күніне орай  Қазақстаннан шыққан соғыс және тыл ардагерлерімен кездесті. Құрмет көрсету аясында қазақстандық дипломат ардагерлерді шуақты мерекемен  құттықтап, зор алғыс білдірді және Қазақстан басшылығы атынан  ТМД елдері мемлекет басшылары  кеңесінің шешімі бойынша «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің 70 жылдығына» арналған мерекелік медальдарды тапсырды.

Елшіліктің осы бағыттағы жұмыстарының бөлек аспектісі Қазақ диаспорасымен бірлескен іс-шаралар өткізу болып табылады. 2014 ж. 7-8 маусымында ҚР ГФР-дағы Елшілігінің және Еуропа қазақтары Еуропалық қоғамдастығының қолдауымен Берлинде Ұлыбритания, Франция, Германия, Венгрия, Австрия, Швейцария, Швеция, Дания, Норвегия, Нидерландия, Түркия сынды он елдегі этникалық диаспораның үш жүзге жуық өкілдерінің басын қосқан Еуропа қазақтарының кезекті Кіші Құрылтайы өтті.  Тарихи Отанынан алыста тұрып жатқан қазақтар үшін мұндай іс-шаралардың аса маңызы бар. Сонымен қатар, құрылтай қандастарымыздың өзекті мәселелерді көтеріп және соны талқылау орны болып табылады.  Келесі Құрылтайды 2016 ж. мамыр айында Кельн қаласында өткізу жоспарланған.

ҚР мен ГФР арасындағы «тірі көпір» ретіндегі неміс ұлтты Қазақстан азаматтарын қолдау сұрақтары жөніндегі ынтымақтастыққа аса көңіл бөлінеді.  Қазіргі уақытта ҚР-да тұратын этникалық немістерді қолдау жөніндегі Үкіметаралық комиссиясы белсенді түрде жұмыс істеуде. Оның  кезекті отырысы 2015 ж. 6 қазанда Астана қаласында өтті.

Отырыс аясында 2014-2015 жылдардағы мәдени-гуманитарлық, білім және әлеуметтік салалардағы бірлескен шаралардың қорытындылары мен «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық бірлестігінің жоспарларын жүзеге асыру сұрақтары талқыланып, 2016 жылға осы бағыттағы басымдылықтар белгіленді. Келесі отырыс 2016 ж. қыркүйек айында Берлин қаласында өтеді.