|
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы ақпарат |
|
|
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы ақпарат (Құжаттарды тапсыру үшін азаматтар жеке өздері келулері қажет )
ҚР азаматының паспортын айырбастау үшін ҚР азаматы құжаттарды толық жинап, Консулдық бөлімге жеке өзі келуі қажет. Төмендегі құжаттардың бәрі екі данадан болуы тиіс:
1. Орнатылған үлгідегі жаңа паспортқа арыз – 2 дана;
2. Туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және көшірмесі – 2 дана.;
3. ҚР азаматының паспорты және оның көшірмелері (паспорттың жеке мәліметтер туралы парақтары, Германияға тұрғылықты тұруға кеткені туралы ҚР ІІМ-нің белгісі, консулдық тіркеу және де тұруға ықтиярхаты) – 2 дана;
4. Германия мекемелерінен Сізде неміс азаматтығы жоқтығын және неміс азаматтығын алуға арыз бермегеніңізді растайтын анықтама және оның көшірмесі (Negativebescheinigung) (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармаcымен- 2 дана)
5. Неке қию туралы куәлігінің төл нұсқасы және оның көшірмесі - 2 дана. Егер неке қию ГФР аумағында болса, неке қию туралы куәлігіне қоса фамилияңызды өзгерткенді растайтын отбасы кітабынан көшірменің төл нұсқасы мен көшірмесін қоса тапсыру қажет (қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен ) - 2 данадан;
6. 16 жасқа толмаған балалардың туу туралы куәлігінің төл нұсқасы және олардың көшірмелері (Егер балалар ГФР аумағында туса, туу туралы куәліктерінің қазақ немесе орыс тіліне растаулы аудармасымен) – 2 дана;
7. 3,5х4,5 фотосурет – 4 дана. Суреттер соңғы кезде түсірілген болу керек, тура алдынан, жарық фонда, күлкісіз түсірілген, суреттегі бейнеңіз 75%-тен кем болмау керек, сондай-ақ басыңыздың үсті мен суретіңіздің екі жанында ақ жиек қалдырылуы керек. 8. Есеп-шотқа 40,- Евро ақы төлегеніңізді растайтын түбіртегіңіздің төл нұсқасы және көшірмесі (Kontoauszug)
Берлин қаласындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің консулдық бөліміне, Елшіліктің Бонн қаласындағы бөлімшесіне, Ганновер қаласындағы Консулдық бөліміне немесе Мюнхен қаласындағы Консулдық бөліміне барсаңыз, ақшаны төмендегі есеп-шотқа аударуды сұраймыз:
Empf.: Botschaft von Kasachstan
KONTO 756970000
BLZ 10070000
Deutsche Bank Berlin |
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығына барсаңыз, ақшаны төмендегі есеп-шотқа аударуды сұраймыз:
Generalkonsulat der Republik Kasachstan
Konto-Nr.:0984873301
BLZ: 500800 00 Dresdner Bank Frankfurt/Main |
9. Сіздің мекен-жайыңыз жазылған маркалы конверт (0,55 ц.) - 1 дана.
Азаматтың жаңа паспорт алу туралы өтініші Қазақстанға жіберіледі. Құжаттарды қарастыру мерзімі орташа алғанда 3-6 ай. Назар аударыңыз: ГФР-ға уақытша (жеке сапар, туристік сапар) кеткен азаматтарға Паспорттары тек ГФР-дағы ҚР консулдық мекемелері арқылы ҚР құзырлы органдарына тұрақты тұруға қалдыру туралы арыз беріп, оң жауап алынғанда ғана ауыстырылады. ҚР Елшілігі Консулдық бөлімінің жұмыс уақыты: сәрсенбі, сенбі, жексенбі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Германия Федеративтік Республикасының мейрам күндерінен басқа күндері сағат 9.00-дан 12.00 сағатқа дейін.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын айырбастау туралы ақпарат
|
|
БАЛА АСЫРАП АЛУ |
|
|
|
БАЛА АСЫРАП АЛУ Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы бала асырап алу рәсіміне сәйкес, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алуға үміткер шетел азаматтары, ҚР уәкілетті органдарына (қамқоршы және қорғаншылық) ҚР дипломатиялық және консулдық мекемелері арқылы өтініш білдіреді және келесі қажетті құжаттарды ұсынады:
• баланы асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш; • қаржылық жағдайы туралы анықтама; • отбасылық жағдайы туралы анықтама; • денсаулық жағдайы туралы анықтама; • қамқоршылық және қорғаншылық органдары немесе мемлекеттік лицензия негізінде осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын агенттіктер беретін, ықтимал асырап алушылардың жеке адамгершілік сапалары туралы есеп. Қолдаухат материалдарын қарау барысында басқа да құжаттар талап етілуі мүмкін. Мәселен, асырап алуға кандидаттардың азаматтығы әр түрлі болған жағдайда, олар асырап алуға екі мемлекеттің құзырлы органдарынан қосымша рұқсат, сондай-ақ, ерлі-зайыптылар азаматы болып табылатын елдерге асырап алынған балаға келу және тұру рұқсатын алулары қажет. Сонымен қатар, егер, ҚР азаматы болып табылатын баланы асырап алу және де балаға келу мен тұру рұқсаты, бала асырап алу мәселесімен айналысатын мемлекеттік органның кепілдік хаты ретінде орындалатын болса, жеткілікті. Барлық аталған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылған және ресмилендірілген немесе апостильденген болулары қажет. ҚР азаматы болып табылатын балаларды (ұл немесе қыз баланы) асырап алуға ниет білдіруші шетел азаматтарын есепке алу туралы ережеге сәйкес, шет елдердегі ҚР консулдық мекемелерінде шетел азаматтарын арнайы есепке тұрғызу жүргізіледі. Қолдаухат материалдары қамқоршылық және қорғаншылық органдарға жіберіледі. Қамқоршылық және қорғаншылық органдарынан асырап алу мүмкіндігі туралы жауап алынған кезде, мемлекеттер арасында визалық режим болса, ҚР дипломатиялық немесе консулдық мекемесі шетелдікке елге келу үшін арнайы виза береді. Бұл виза тек ҚР Білім және ғылым министрлігінің немесе оның облыстық департаменттерінің шақыру хаттары негізінде берілуі мүмкін. Визалардың басқа санаттары бойынша (мысалы: туристік, іскерлік) асырап алу мақсатымен ҚР-ға келуге рұқсат етілмейді. ҚР-ға келгеннен кейін екі аптадан кем емес мерзім ішінде шетелдіктер баланы таңдап, онымен тікелей қатынас орнатуға міндетті (баламен және оның қылықтарымен жеке танысу). Баланы асырап алуға ниет білдірген тұлғалардың өтініштері бойынша, асырап алу сот арқылы жүргізіледі. Бала асырап алу жөніндегі істердің қаралуын, сот ерекше өндіріс тәртібінде, Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу заңнамасында көзделген ережелер бойынша жүргізеді. Соттың түпкілікті шешімі шыққаннан кейін, Қазақстанның АХАЖ және көші-қон органдарында асырап алынған балаға асырап алу және туу туралы куәліктер, сонымен бірге, ҚР ұлттық паспорты ресімделеді. Шетел азаматтары асырап алған бала ҚР заңнамасына сәйкес 18 жасқа толғанға дейін ҚР азаматтығын сақтайтынын есте сақтау қажет. Аталған баланың ҚР азаматтығынан шығуына, тек оның кәмелеттік жасқа толғаннан кейін және оның ниеті бойынша жол беріледі. Осыған сәйкес, баланың Қазақстанға келуі мен кетуі тек ҚР азаматының паспорты негізінде ғана жүзеге асырылуға тиіс. Баланың тұрақты тұру орны бойынша келгеннен кейін жақын арадағы ҚР өкілдігінде консулдық есепке тіркеу қажет. Бұл рәсім ҚР азаматы болып табылатын баланың қайда орналасқанын білу және қажетті жағдайда оған көмек көрсету үшін қажет. Мысалы: жоғалтылған құжатты қалпына келтіру, паспорт мерзімін ұзарту немесе жаңа паспорт беру және т.б. Шетел азаматтары ҚР-дан баланы асырап алғанда, оның болашағы үшін өздеріне үлкен жуапкершілік алады. Асырап алынған бала ҚР азаматы болып табылатынын біле тұра, шетел азаматтары өз мемлекетінің заңнамасына және Қазақстанның заңнамасына құрметен қараулары қажет және аталған заңнамада белгіленген барлық талаптарды орындаулары тиіс. Назар аударыңыздар: Қосымша сұрақтар пайда болатын жағдайда, жақын орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық немесе консулдық мекемесіне өтініш білдірулеріңізді сұраймыз. |
|
Оралман мәртебесін алу |
|
|
|
Оралман мәртебесін алу Көші-қон туралы заңының 1 бап 11) тармақшасы бойынша, мына адамдар оралмандар болып саналады: шетелдіктер немесе ұлты қазақ, азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының егемендігін алған уақытта шетелде тұрақты және Қазақстанға тұрақты тіркелу мақсатымен көшіп келген тұлғалар. Бұл ретте 1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін алған күні деп анықталынады. Көші-қон заңының 14-ші бабына сәйкес тұлғаның оралмандар танылу үшін құжаттарын отбасы құрамынан кәмелетке толғандардың біреуі немесе дипломатиялық өкілеттіке уәкілетті тұлға арқылы, шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне немесе уәкілетті органға тапсырады. Қазақстан Республикасының көші-қон үдерісін реттеу саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы үкімет 2004 жылғы 29 қазандағы бастап № 1132 қаулысына сәйкес. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, яғни Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті болып табылады. Оралман деген атақ алу үшін және отбасыны иммиграциялық оралмандар квотасына жатқызу үшін құжаттарды қарастыру, сонымен қатар берілген сұрақтар бойынша шешімдер жергілікті қызмет көрсететін уәкілетті органға тіркелген күнінен бастап екі ай ішінде қабылданады. Оралмандар иммиграцияның квотасы, яғни оралмандар отбасы саны Қазақстан Республикасының аумағына жыл сайын көшіп келеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне Көші-қон туралы заңына сәйкес оралмандарға жәрдемақы және өтемақы бекітеді. Оралман деп танылған тұлғаларға үлгімен бекітілген куәлік беріледі. Оралман куәлігі қатаң есептілік құжат және Көші-қон туралы заңына сәйкес жәрдемақы және өтемақы алуға негіз болып табылады. Тұлғаның оралман танылуына немесе миграциялық квотаға кіруге рұқсат берілмеген жағдайда бір ай уақыт ішінде шешім қабылдаған хаттама ескертпе көшірмесі беріледі. Оралман деп танылу үшін өтініш берген тұлғалардың Көші-қон туралы заңының 15 бабында құқықтарымен міндеттері көрсетілген. Қазақстан Республикасының аумағына көшіп келген, оралмандар деп танылу үшін құжаттарын тапсырған тұлғалар, шетелдіктер және азаматтығын жоқ тұлғаларға арнаиға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген құқықтарды пайдалануы және міндеттерді орындау тиіс. Шетелдегі Қазақстан Республикасының консулдық мекемесіне немесе дипломатиялық өкілдігіне оралман деп тану жағдайында және Қазақстан Республикасының аумағына көшіп келу жағдайында осы тұлғаларға мыналар міндеттелінеді: - алған бағыттама бойынша үш күн уақыт ішінде уақытша орналастыру орталығына көшу; - Қазақстан Республикасының заңды құқықтарына сәйкес ішкі істер органынан тіркеуден өтіп, жергілікті көші-қон кызметіне тұратын мекені бойынша хабардар ету; - уақытша орналастыру орталығындағы тұлғалар қабылданған ережелерді сақтау; - дендаулық сақтау органының талабы бойынша медициналық тексерістен өтіп, емделу, егілу, сонымен қатар денсаулық сақтау органының жазғандарын орындау. - құжаттарды қарастыруға қажетті мәліметтермен көші-қон қызметін хабардар ету. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, яғни оралман деген атақты алған тұлғалар үшін жәрдемақы тізбесі қолданады. Сонымен қатар оралмандар үшін Қазақстан Республикасының заңдарының талаптары кең таралмаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру заң бойынша бес жыл немесе Қазақстан Республикасының азаматымен үш жыл шамасында некеде болуы қажет (азаматтық заңының екінші азат жолы, 1) тармақша, бірінші бөлім, 16 бап). Көші-қон туралы заңы бойынша 24 бап, бірінші бөлім, 4) тармақшада оралмандардың шетелдіктермен және азаматтығы жоқ тұлғалардан айырмашылығы Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны болу үшін Қазақстан Республикасына көшіп келген уақытындағы төлем қабілеттілігі жайлы мәлімет талап етілмейді. Оралмандарды Қазақстан Республикасына көшіп келу жөнінде міндеттемелерді заңдастыру тәртібі Қазақстан Республикасына квотадан тыс тұрақты тұруға ниет білдірген Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасы өкілдері Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне тұрақты тұру визасын беру туралы өтінішпен арызданады, сонымен қатар нотариуста расталған және ҚР мемлекеттік мекемелерінде келісілген кепілдік хатын тапсырады. Аталған кепілдік хатының (міндеттеменің) үлгісі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы депаратаменті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп қабылданған. Облыстық (қалалық) әкімшілікте және көші-қон полициясының облыстық (қалалық) басқармасында келісілгеннен кейін нотариалды куәландырылған кепілдік хаты (міндеттеме) орнатылған тәртіпте ҚР СІМ КҚД-не консулдық мақсатында ұсынылады. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 17 тамыздағы N 70-ө бұйрығы "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы бекітілсін. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді. 3. Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасы міндетін атқарушының "Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы" 2003 жылғы 08 тамыздағы N 60-Б бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Құртаев Әлімжан Сейітжанұлына жүктелсін. Төраға А. Жағанова Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының "Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы" 2004 жылғы 17 тамыздағы N 70-ө бұйрығымен Бекітілген Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Нұсқаулық "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін айқындауды және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді. 2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) оралмандар - ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген азаматтығы жоқ адамдар; 2) оралмандардың көшіп келу квотасы - Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударуға жыл сайын жол берілетін, Заңға сәйкес жеңілдіктер мен өтем берілетін оралмандар отбасыларының саны; 3) аумақтық орган - Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің оралмандар отбасыларын іріктеуді және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді жүзеге асыратын аумақтық органы (бұдан әрі - аумақтық орган); 4) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - халықтың көші-қоны саласындағы саясатты іске асырушы және жұмысты үйлестіруші орталық атқарушы орган (бұдан әрі - уәкілетті орган). 3. Осы Нұсқаулықтың күші ұлты қазақ шетелдіктер немесе Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және мақсаты Қазақстан Республикасында тұрақты тұру болып табылатын азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Бұл кезең 1991 жылғы 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні деп белгіленсін. 2. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу үшін қажетті құжаттар 4. Оралман мәртебесін беру туралы өтініш беруші адамдар мына құжаттарды табыс етеді: 1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш; 2) қысқаша өмірбаян; 3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің көшірмесі). 5. Көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш беруші оралмандар әрбір күнтізбелік жылға мына құжаттарды табыс етеді: 1) көшіп келу квотасына енгізу туралы өтініш; 2) қысқаша өмірбаян; 3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (паспорттарының, жеке куәліктерінің, туу туралы куәліктерінің, аттестаттарының, дипломдарының, әскери билеттерінің көшірмесі); 4) Қазақстандағы тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама; 5) Үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама. 3. Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу шарттары 6. Оралман мәртебесін беру және өздерін оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе тікелей уәкілетті органға тапсырады. 7. Оралмандардың отбасыларын көшіп келу квотасына енгізу тәртібі: 1) өтініш берушілердің құжаттарын мәліметтерінің дұрыстығын тексеру (бағалау) мақсатымен зерделеуді; 2) оралман мәртебесін беруді; 3) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуді көздейді. 8. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды. 9. Оралман мәртебесін беру және көшіп келу квотасына енгізу туралы шешімді аумақтық органның басшысы құрған комиссия шешеді. 10. Адамның оралман мәртебесін беру туралы өтініші және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу уәкілетті органда тіркелген күннен бастап кезектілік тәртібімен қаралады. 11. Оралман деп танылған және жыл сайынғы оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі және оралмандардың есеп карточкасы толтырылады. 12. Адамды оралман деп танудан немесе көшіп келу квотасына енгізуден бас тартылған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзім ішінде өтініш берушіге шешімнің көшірмесі түрінде жазбаша хабарлама беріледі. 13. Аумақтық қызметтердің шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады. 14. Оралман мәртебесін беру және отбасын оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы аумақтық қызметтердің шешімдерін, сонымен қатар оралмандардың арыз шағымдарымен талап-тілектерін қарау үшін уәкілетті органның басшысымен комиссия құрылады. |
|
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУ ТӘРТІБІ |
|
|
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды. Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз. Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУ ТӘРТІБІ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 22 мамырдағы N 08-1/1, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесiн бекiту туралы 2002 жылғы 28 маусымдағы N 98 бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы Уақытша Ережесiнiң 6 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса берiлiп отырған, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесiн бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қ К. Тоқаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі Г.В. Ким Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Әділет министрінің Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 28 маусымдағы Сыртқы істер министрінің N 98 бұйрығымен бекітілген 2002 жылғы 22 мамырдағы N 08-1/1 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 \"Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы\" қаулысының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрленген және Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi, консулдық мекемелерi мен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiн айқындайды. 2. Осы Ережелер азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн әдiлет, прокуратура, сот органдары, әлеуметтiк қамтамасыз ету және денсаулық сақтау туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгi, сондай-ақ өзiнiѕ құзыретi шеңберiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Мұраәаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет), Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест Қазақ қоғамы сияқты Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мекемелерiне соңдай-ақ тiкелей анықтама жүргiзу мен құжаттар талап ету тәртiбiн жүзеге асыра алатын тұлғаларға қатысты емес және оны өзгертпейдi. 3. Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкілдіктерiнен, консулдық мекемелерiнен келiп түсiп жататын сұрау салуларды, Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету және Қазақстан Республикасында анықтама жүргiзудi орындау Консулдық қызмет департаментi арқылы: 1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi талап ету бойынша - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының АХАТ бөлiмдерi, сондай-ақ Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет; 2) Әлеуметтiк-құқықтық сипаттасы (еңбек стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуәын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және арнайы мемлекеттiк мұрағаттарында, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында жатқан құжаттар бойынша мәлiметтер талап етудi Мәдениет, ақпарат және келiсiм министрлiгiнің Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика мен ақпарат орталығы (Департаментi); 3) Ұйымдарда ведомстволық сақтауда жатқан құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi талап ету бойынша - тиiстi мемлекеттiк органдар мен олардың жүйесiндегi мекемелер; 4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң құзыретiне кiретiн құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi; 5) Бiлiмi туралы құжаттарды, сондай-ақ жоғары бiлiм деңгейiн растайтын құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi; 6) Саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан олармен байланыс үзiлген, оның iшiнде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркiнен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын iздестiру бойынша, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери iс-қимыл кезеңдерiнде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалар қабiрлерiнiң сақталғандығы туралы анықтама жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қазақ қоғамы; 7) Емделуде болғаны, кәсiби аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтердi талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет жүзеге асырады. Мәлiметтер (мұрағаттық анықтамалар) азаматтарға олардың өздерi туралы және олардың асырауындағы немесе олардың қамқорлығындағы адамдар туралы берiлуi мүмкiн. 4. Әскери билеттер және қызметтiк жеке куәлiктердің түпнұсқалары мен көшiрмелерi шет елдерге жiберу, немесе әкету талап етуге жатпайды. Шет елге тұрақты тұруға кетер кезде аталған құжаттар соңғы жұмыс орны (қызметi) бойынша тиiстi мекемелер мен ұйымдарға, кететiн азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алатын мекемелерге өткiзедi. 5. Құжаттарды талап ету туралы өтiнiштi беру кезiнде белгiленген тәртiпте талап етiлген консулдық алым төленедi. Консулдық алым талап ету нәтижелерiне қатыссыз өндiрiлiп алынады. 6. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелiк билеттерiн талап ету тәртiбiн осы бiрлестiктер белгiлейдi. 2. Шет елдерден құжаттарды талап ету тәртiбi 7. Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен өзге де ұйымдары, Қазақстан Республикасының азаматтарының, шет елдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды өтiнiшiн беру жолымен, егер ол осы Ережелердiң 2 тармағының қолданысына жатпайтын болса, шет елдерден Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап етедi. 8. Шет елдерден қўжаттарды талап ету туралы өтiнiштердi ресiмдеу кезiнде мүдделi тұлғалар, мекемелер мен ұйымдар әр құжатқа белгiленген үлгiдегi сауалнамаларды 3 дана бойынша (Қосымша) Сыртқы iстер министрлiгiне ұсынады. 9. Сыртқы iстер министрлiгi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде толтырылған сауалнаманың екi данадағы қосымшасымен құжаттарды талап ету туралы сұрауды Қазақстан Республикасының шет елдердегi тиiстi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне жiбередi. Сауалнамаға талап етiлетiн құжаттар туралы қосымша мәлiметтер мазмұндалған барлық материалдар қоса берiледi. Yшiншi данасы Сыртқы iстер министрлiгiнде бақылауда қалады. 10. Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi, егер ол қажет болған жағдайда құжаттарды талап ету және оларды ресмилендiру мәселелерi бойынша болу елдерiнiң тиiстi органдарына сұрау салады және Сыртқы iстер министрлiгiнiң сұрауларын жеделдетiп орындауға барлық қажеттi шаралар қабылдайды. 11. Болу елдерiнiң органдарынан алынған құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте заңдастырылады. Олардың сұрауларына терiс жауап алған жағдайда Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi бұл туралы Сыртқы iстер министрлiгiн хабардар етедi. 12. Сыртқы iстер министрлiгi шет елдерде орналасқан Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнен алынған құжаттарды арыз берушiлерге жiбередi немесе егер құжаттар сол елдiң органдарынан алынбаған болса, оларға терiс жауаптарды хабарлайды. 13. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатпаған және оның мүдделерi басқа мемлекеттер арқылы көрсетiлмеген елдерде құжаттарды талап ету iргелес жатқан мемлекеттердiң бiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы жүзеге асырылады. 3. Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету тәртiбi 14. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар олардың тұрақты мекенi немесе азаматтығы бар елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық мекемелерiне өтiнiш беру жолымен Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап етедi. 15. Шет елдерде тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарынан, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық мекемелерiне келiп түскен құжаттарды талап ету туралы өтiнiштер дипломатиялық поштамен Сыртқы iстер министрлiгiне жiберiледi. Сонымен бiрге талап етiлген әрбiр құжатқа үш данадан белгiленген үлгiдегi сауалнама қоса берiлуi керек. Сауалнаманың көшiрме нұсқасы шетелдiк мекемелердiң iс қағаздарында қалады. 16. Талап ету жөнiндегi жеке тұлғалардың мынадай өтiнiштерi қанағаттандырылуға жатпайды: 1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiгi, егер олар арызданушыға емес, басқа тұләаларға ресiмделсе; 2) Егер неке бұзылған болса, неке құру туралы куәлiгi (тиiстi анықтама берілуi мүмкiн); 3) қайтыс болғандардың туу туралы куәлiгi. Қайтыс болғаны туралы куәлiктердi марқұмның туыстары немесе заңды тұлғалар ресми мақсаттарда талап ете алады. 16 жасқа дейiнгi балаларға туу туралы куәлiктердi әке-шешелерi, асырап алушылары, қамқоршылары мен кәмелетке толмағандарды тәрбиелейтiн балалар мекемелерiнiң әкiмшiлiктерi талап ете алады. 17. Бұрынғы Советтiк Социалистiк Республикалар Одағының консулдық мекемелерiнде бұрын осындай куәлiктер алған Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктерiн Сыртқы iстер министрлiгi Ресей Федерациясының дипломатиялық өкілдiктерi немесе консулдық мекемелерi арқылы талап етедi. 18. Шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерi мен консулдық қызметтерiнiң, сондай-ақ шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкілдiктерi мен консулдық қызметтерiнiң сұрауларын орындай отырып, Сыртқы iстер министрлiгi әрбiр талап етiлген құжаттарға арналған белгiленген үлгiдегi сауалнаманың екi данасын АХАЖ органдарына, мұрағаттық мекемелерге және тиiстi ұйымдарға жiбередi. 19. Олардың құзырына жататын қазақстандық мекемелер мен мемлекеттiк мұрағаттарға тiкелей келiп түскен Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлалардың арыздары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте, сондай-ақ халықаралық шарттарәа сәйкес орындалады. 20. Шетел мемлекеттерiнiң ресми құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте заңдастырылады. Қазақстан Республикасының шет елдердегi өкілдiктерi мен консулдық мекемелерi тiкелей Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiнде келiп түскен шетелдiк ресми құжаттарын заңдастыру талабын жоятын Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын елдердiң құжаттарын заңдастырады және оларды белгiленген тәртiппен арызданушыларға бередi. Шетелге әкетуге немесе жiберуге арналған жеке құжаттардың түпнұсқалары немесе мемлекеттiк нотариалды кеңселерi куәландырған көшiрме нұсқалары (онда заңдастыру талап етiлетiн елдер үшiн) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде заңдастырылады. Құжаттарды талап ету үшін қонсулдық алым ставкасы 24 евро Елшіліктің есеп шоты: Botschaft von Kasachstan Konto-Nr.: 756 970 000 BLZ: 100 700 00 Deutsche Bank Berlin |
|
КОНСУЛДЫҚ ЗАҢДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРI |
|
|
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды. Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз. Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты Қазақстан Республикасы Президентiнiѕ 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасыныѕ Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi. Министр
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 бұрығымен бекiтiлдi Консулдық заңдастыру Ережелері 1. Жалпы ережелер 1. Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiѕ қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады. Консулдық заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес. 2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету консулдық заңдастырудың мақсаты болып табылады. 3. Консулдық заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады: 1) шетелде - Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi; 2) Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi). 4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Косулдың тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады. Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығаран құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды. 5. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт бойынша өґзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шетелдiк мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi қарауына қабылдайды. 6. Төмендегi операцияларды жүргiзуге уәкiлеттi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнiң атынан шетелде кез келген түрдегi iс-қимылдарды жасауға сенiмхаттарды, сондай-ақ аталған ұйымдар мен мекемелердiң қызметiне байланысты басқа да құжаттарды заңдастыруды Консулдық қызмет департаментi ғана жүргiзедi. 7. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiѕ мазмұны бойынша Қазақстан Республикасыныѕ мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды. 2. Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық мекемелерiмен құжаттар мен актiлердi заңдастыру 8. Құжаттар мен актiлердi заңдастыруды жүзеге асыру үшiн болатын мемлекеттiң ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi растауға уәкiлеттi консулдық аймақтағы билiк орындары лауазымды адамдарының қолтаңбалары мен мөрлерiнiң үлгiлерi консулдың қол астында болуы тиiс. 9. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңдарына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды. 10. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер консулға келiп түскен жағдайларда, сонымен қатар болатын мемлекеттiң заңдары бойынша ондай құжаттар мен актiлердi заңдастыру қажет етiлсе, консул оларды заңдастыра отырып, мүдделi адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге бередi. 11. Қазақстан Республикасының аумғында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады. 12. Қажеттi жағдайларда, консул үшiншi мемлекеттiң аумағында қолданылуға арналған құжаттар мен актiлердi заңдастыра алады. 13. Болатын мемлекеттен азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшiн сұратыләан құжаттар мен актiлердi консул осы Ережелерде көзделген тәртiпке сүйене отырып заңдастырады. 3. Құжаттар мен актiлердi Қазақстан Республикасында заңдастыру 14. Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң консулдық мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, заңдастырады. 15. Шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шыққан құжат немесе акт осы Ережелерде белгiленген тәртiпте заңдастыруға жатпайтын жағдайларда, Консулдық қызмет департаментi осы құжатты қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының ресми мекемелерiнiң қарауына қарсылықтың болмауы туралы белгiнi құжатқа немесе актiге қоюға құқылы. Бұл жағдайда, осындай құжаттар мен актiлердiң заңдық күшiн тану iстiң мән-жайларының жиынтығы бойынша оларды қабылдайтын органдарға толық жүктеледi. 16. Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша мiндеттемелердi орындайтын лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгiлерi консулдық қызмет департаментiнiң қолында болуы тиiс. 17. Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады. 18. Заңдастыруға жататын құжаттарды растау жөнiнде iс-қимылдар жасауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарындағы лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгілерi Консулдық қызмет департаментiнде болуы тиiс. 4. Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге қойылатын талаптар. Заңдастыру жазбасын жасау 19. Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады. 20. Заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттары, олар Қазақстан Республикасынңѕ уәкiлеттi мемлекеттiк органдарында тiркеуден өткен және тiркелгенi туралы оларда тиiстi белгілерi мен мөрлерi болған, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк ұсынылған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады. 21. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе консулдық мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi. Аударма бiр беттiң оң жағында немесе жеке парақта болуы мүмкiн. Соңғы жағдайда аударма құжатқа қоса тiркеледi. 22. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын нотариалдық куәландыру заңдастыруға теңестiрiлмейдi. 23. Заңдастыру үшiн ұсынылатын құжаттар мен актiлер анық және дәлме-дәл жазылуы тиiс. Лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердiң көрiнiсi анық көрiнуi тиiс. Құжаттар мен актілердегi ашық жерлер сызылуы тиiс. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар құжатқа қол қойған адамдардың қол қоюы алдында ескертiлуi тиiс және де оларды мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда шет тiлiнде жасалған заңдастыру жазбасында қайта көрсету керек. Осы қоса жазылатын жолдар мен түзетулер жасалғандығы, қате жазылып, кейiн түзетiлiп өшiрiлгеннiң барлығын алғашқы күйiнде оқи алуды қажет етедi. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар заңдастыру жазбасында жасалған жағдайда, олар ескерiледi және заңдастыруды жасайтын лауазымды адамдар ғана оларға қол қояды. 24. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады. 25. Құжаттыѕ немесе актiнiң осы Нұсқаудың талаптарына сәйкес заңдастыруға заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады. 26. Консулдық мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi белгiленген нысанға сәйкес жүргiзедi. 27. Осы Ережелерге сйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсуiмен бекiткен Қазақстан Республикасының консулдық алымдар Тарифiмен белгiленген консулдық алым алынады, сонымен қатар осы iс-қимылды жасағанға байланысты iс жүзiндегi шығындар өтелуi тиiс. 28. Қазақстан Республикасының консулы осы Ережелердiң 7 тармағында аталған жағдайларда өтiнiш жасаушының құжатын заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бас тартуға байланысты жоғары сатыдағы лауазымды адамға, Консулдық қызмет департаментiне немесе сотқа ҚР заңында белгiленген тәртiпте шағым арыз жазуға болады. Консулдық заңдастыру үшін консулдық алым ставкасы 40 евро Елшіліктің есеп шоты: Botschaft von Kasachstan Konto-Nr.: 756 970 000 BLZ: 100 700 00 Deutsche Bank Berlin |
|
КОНСУЛДЫҚ ЗАҢДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРI |
|
|
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды. Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз. Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.
КОНСУЛДЫҚ ЗАҢДАСТЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРI Қазақстан Республикасы Президентiнiѕ 1999 жылғы 27 қыркүйектегi N 217 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 45-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берiлiп отырған Консулдық заңдастыру Ережелерi бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасыныѕ Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу күнiнен күшiне енедi. Министр Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер Министрiнiң 2000 жылғы 21 қарашадағы N 264 бұрығымен бекiтiлдi Консулдық заңдастыру Ережелері 1. Жалпы ережелер 1. Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiѕ қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады. Консулдық заңдастыру халықаралық қатынастардағы құжаттар мен актiлердiң құқықтық күшiн растайды. Құжаттың мазмұнына консул жауапты емес. 2. Құжаттың түпнұсқалығы және тиiстi түрде ресiмделгендiгi жайында оның қолданылуы жүретiн елдiң органдарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету консулдық заңдастырудың мақсаты болып табылады. 3. Консулдық заңдастыру бойынша функцияларды мыналар атқарады: 1) шетелде - Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi; 2) Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi (бұдан әрi - Консулдық қызмет департаментi). 4. Шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Косулдың тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады. Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығаран құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды. 5. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт бойынша өґзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шетелдiк мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi қарауына қабылдайды. 6. Төмендегi операцияларды жүргiзуге уәкiлеттi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнiң атынан шетелде кез келген түрдегi iс-қимылдарды жасауға сенiмхаттарды, сондай-ақ аталған ұйымдар мен мекемелердiң қызметiне байланысты басқа да құжаттарды заңдастыруды Консулдық қызмет департаментi ғана жүргiзедi. 7. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiѕ мазмұны бойынша Қазақстан Республикасыныѕ мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды. 2. Қазақстан Республикасының шетелдегі консулдық мекемелерiмен құжаттар мен актiлердi заңдастыру 8. Құжаттар мен актiлердi заңдастыруды жүзеге асыру үшiн болатын мемлекеттiң ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi растауға уәкiлеттi консулдық аймақтағы билiк орындары лауазымды адамдарының қолтаңбалары мен мөрлерiнiң үлгiлерi консулдың қол астында болуы тиiс. 9. Заңдастыруға ұсынылған құжаттар мен актiлердiң болатын мемлекеттiң заңдарына iс жүзiндегi сәйкестiгi жөнiнде күдiк туындаған жағдайда, консул ресми түсiндiрудi алу үшiн консулдық аймақтың билiк орындарына сұрау салу жасайды. 10. Қазақстан Республикасынан құжат сұрату тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер консулға келiп түскен жағдайларда, сонымен қатар болатын мемлекеттiң заңдары бойынша ондай құжаттар мен актiлердi заңдастыру қажет етiлсе, консул оларды заңдастыра отырып, мүдделi адамдарға, ұйымдарға және мекемелерге бередi. 11. Қазақстан Республикасының аумғында әзiрленген, бiрақ консулдық қызмет департаментiнде заңдастырудан өткiзiлмеген құжаттар мен актiлер жекелеген азаматтардан, ұйымдардан және мекемелерден келiп түскен жағдайларда, консул ондай құжаттар мен актiлердi олардың түпнұсқалығын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жiберуге тиiстi. Ойдағыдай жауап берiлген жағдайда, консул аталған құжаттар мен актiлердi жалпы тәртiпке жүгiне отырып заңдастырады. 12. Қажеттi жағдайларда, консул үшiншi мемлекеттiң аумағында қолданылуға арналған құжаттар мен актiлердi заңдастыра алады. 13. Болатын мемлекеттен азаматтар, ұйымдар және мекемелер үшiн сұратыләан құжаттар мен актiлердi консул осы Ережелерде көзделген тәртiпке сүйене отырып заңдастырады. 3. Құжаттар мен актiлердi Қазақстан Республикасында заңдастыру 14. Консулдық қызмет департаментi шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шығатын құжаттар мен актiлердi, егер олар құжат шыққан шетел мемлекетiнiң консулдық мекемесiнде алдын ала заңдастырылған болса, заңдастырады. 15. Шетелдiк ұйымдар мен мекемелерден шыққан құжат немесе акт осы Ережелерде белгiленген тәртiпте заңдастыруға жатпайтын жағдайларда, Консулдық қызмет департаментi осы құжатты қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының ресми мекемелерiнiң қарауына қарсылықтың болмауы туралы белгiнi құжатқа немесе актiге қоюға құқылы. Бұл жағдайда, осындай құжаттар мен актiлердiң заңдық күшiн тану iстiң мән-жайларының жиынтығы бойынша оларды қабылдайтын органдарға толық жүктеледi. 16. Шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктерде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша мiндеттемелердi орындайтын лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгiлерi консулдық қызмет департаментiнiң қолында болуы тиiс. 17. Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады. 18. Заңдастыруға жататын құжаттарды растау жөнiнде iс-қимылдар жасауға уәкiлеттi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарындағы лауазымды адамдар қолтаңбаларының және мөрлерiнiң үлгілерi Консулдық қызмет департаментiнде болуы тиiс. 4. Заңдастырылатын құжаттар мен актiлерге қойылатын талаптар. Заңдастыру жазбасын жасау 19. Құжаттар түпнұсқалы түрде де, сондай-ақ нотариалдық куәландырылған түрде де заңдастыру үшiн қабылданады. 20. Заңды тұлғалардың құрылтайшылық құжаттары, олар Қазақстан Республикасынңѕ уәкiлеттi мемлекеттiк органдарында тiркеуден өткен және тiркелгенi туралы оларда тиiстi белгілерi мен мөрлерi болған, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiк ұсынылған жағдайда нотариалдық куәландырылған көшiрмелер түрiнде заңдастырылады. 21. Егер шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктегi немесе консулдық мекемедегi заңдастыру құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын берудi қажет етсе, консулдық қызмет департаментiндегi нотариалдық куәландырылған көшiрменi заңдастыру оның аудармасымен бiрге жүргiзiледi. Аударма бiр беттiң оң жағында немесе жеке парақта болуы мүмкiн. Соңғы жағдайда аударма құжатқа қоса тiркеледi. 22. Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiнде құжаттың мемлекеттiк тiлден немесе орыс тiлiнен шет тiлiне аудармасын нотариалдық куәландыру заңдастыруға теңестiрiлмейдi. 23. Заңдастыру үшiн ұсынылатын құжаттар мен актiлер анық және дәлме-дәл жазылуы тиiс. Лауазымды адамдардың қолтаңбалары мен мөрлердiң көрiнiсi анық көрiнуi тиiс. Құжаттар мен актілердегi ашық жерлер сызылуы тиiс. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар құжатқа қол қойған адамдардың қол қоюы алдында ескертiлуi тиiс және де оларды мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда шет тiлiнде жасалған заңдастыру жазбасында қайта көрсету керек. Осы қоса жазылатын жолдар мен түзетулер жасалғандығы, қате жазылып, кейiн түзетiлiп өшiрiлгеннiң барлығын алғашқы күйiнде оқи алуды қажет етедi. Түзетулер мен қоса жазылатын жолдар заңдастыру жазбасында жасалған жағдайда, олар ескерiледi және заңдастыруды жасайтын лауазымды адамдар ғана оларға қол қояды. 24. Заңдастыру жазбасына орын болмаған жағдайларда, ол жазба құжатқа немесе актiге қоса тiркелетiн және заңдастыруды жасаған адамның мөрi мен қолы қойылып жеке парақта жасалады. 25. Құжаттыѕ немесе актiнiң осы Нұсқаудың талаптарына сәйкес заңдастыруға заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады. 26. Консулдық мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi белгiленген нысанға сәйкес жүргiзедi. 27. Осы Ережелерге сйкес құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша iс-қимылдар жасаған үшiн мүдделi жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң келiсуiмен бекiткен Қазақстан Республикасының консулдық алымдар Тарифiмен белгiленген консулдық алым алынады, сонымен қатар осы iс-қимылды жасағанға байланысты iс жүзiндегi шығындар өтелуi тиiс. 28. Қазақстан Республикасының консулы осы Ережелердiң 7 тармағында аталған жағдайларда өтiнiш жасаушының құжатын заңдастырудан бас тартуға құқылы. Бас тартуға байланысты жоғары сатыдағы лауазымды адамға, Консулдық қызмет департаментiне немесе сотқа ҚР заңында белгiленген тәртiпте шағым арыз жазуға болады. Консулдық заңдастыру үшін консулдық алым ставкасы 40 евро Елшіліктің есеп шоты: Botschaft von Kasachstan Konto-Nr.: 756 970 000 BLZ: 100 700 00 Deutsche Bank Berlin |
|
ҚР МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН ВЕДОМСТВОЛАРЫ ТАРАПЫНАН ҚҰЖАТТАРҒА |
|
|
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды. Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз. Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.
ҚР МИНИСТРЛІКТЕРІ МЕН ВЕДОМСТВОЛАРЫ ТАРАПЫНАН ҚҰЖАТТАРҒА АПОСТИЛЬ ҚОЮ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 желтоқсандағы № 11-ІІ Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы шетелдік ресми құжаттарды заңдастырудың сұраныстарын жою туралы Конвенциясына қосылды (1961 ж.10.05. Гаага қаласы). Аталған конвенция Қазақстан үшін 2001 жылы 30 қаңтарда күшіне енді. Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ, аталған Конвенцияға қатысты мемлекеттердегі аккредитациядан өткен ҚР–дың дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері консулдық заңдастыруды жүзеге асыру сұраныстарынан босатылады. Ресми құжаттарға «апостиль» мөрі қою жолымен куәландырады. Қазіргі кезде Конвенцияға қатысушы ретінде 68 мемлекет кіреді. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметі Қаулысына сәйкес құжаттарды апостилдеу ҚР өкілетті органдарына келесі мекемелер жатады: 1. ҚР Әділет министрлігі: әділет және басқа да мемлекеттік органдары, сондай-ақ нотариустардан шыққан ресми құжаттарға. 2. ҚР Білім және ғылым министрлігі: білім, ғылым және мемлекеттік оқу орындардан шыққан ресми құжаттарға. 3. ҚР Ішкі істер министрлігі: қоші-қон полициясының құрылымдық бөлімшелернен шыққан ресми құжаттарға. 4. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті: мемлекеттік мұрағаттардан шыққан мүрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне. 5. ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет: тыңғылықты іс жүргізу сот органдардан шыққан ресми құжаттарға. 6. ҚР Қаржы министрлігі: ҚР Қаржы министрігінің құрылыстық және өлкелік бөлімшелерден шыққан ресми құжаттарға. 7. ҚР Бас прокуратурасы: прокуратура органдардан, тергеу және анықтама органдардан шыққан ресми құжаттарға. 8. ҚР Қорғаныс министрлігі: ҚР Қорғаныс министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатынан шыққан мұрағаттық анықтамаларға және мұрағат құжаттардың көшірмелеріне. 9. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитет: ҚР ҰҚК-ның арнайы мемлекеттік мұрағатынан шыққан мұрағаттық анықтамаларға және мұрағат құжаттардың көшірмелеріне. Құжаттарды «апостиль» мөрімен бекіту үшін қонсулдық алым ставкасы 40 евро
Елшіліктің есеп шоты: Botschaft von Kasachstan Konto-Nr.: 756 970 000 BLZ: 100 700 00 Deutsche Bank Berlin |
|
ШЕТ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛУ, КЕТУ ЖӘНЕ МЕКЕНДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ |
|
|
ШЕТ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛУ, КЕТУ ЖӘНЕ МЕКЕНДЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 28 қаңтардағы № 136 қаулысы Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында болуын құқықтық реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуiнiң және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) бекiтiлсiн. ҚР Үкіметінің 27.06.00 ж. № 956 қаулысына сәйкес 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі, Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегі агенттiгі Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша заңдарда белгіленген тәртiппен 2000 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзiмде: 1) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы Yкiметінiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгізсiн; 2) осы қаулымен бекiтiлген Тәртiптiң ережелерiн iске асыру мақсатында нормативтi құқықтық актілердi әзiрлеудi, келiсудi және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеудi қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі осы қаулының 2-тармағының iске асырылуына жәрдем көрсетсiн. 4. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) \"Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу тәртiбi туралы\" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., N 7, 87-құжат); 2) \"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 наурыздағы N 186 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы\" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 30 желтоқсандағы №1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 50, 465-құжат). 5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап бiр ай мерзiм өткен соң күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қ. Токаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысымен бекітілген Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің Тәртібі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының Конституциясына, \"Халықтың көші-қоны туралы\" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің \"Шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының құқықтық ережесі туралы\" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және: 1) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасына келуінің және Қазақстан Республикасынан кетуінің; 2) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында уақытша болуы және тұрақты тұруы құқығына арналған құжаттарды ресімдеудің; 3) шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруінің және транзиттік өтуінің; 4) шетелдік азаматтардың болуы мерзімдерін ұзартудың және қысқартудың, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасынан кетірудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Тәртіптің күші, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады. 3. Шетелдік азаматтарды жеке істері бойынша Қазақстан республикасына шақырған қабылдаушы ұйымдар мен адамдар шетелдік азаматтарға Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Тәртіпте көзделген құқықтар мен міндеттерді уақытылы түсіндіруді, шетелдік азаматтарға қатысты белгіленген құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болуы, елдің аумағы бойынша жүріп-тұруы құқығына арналған және оларға белгіленген болудың мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасынан кетуіне арналған құжаттардың уақытылы ресімделуі үшін заңдарда белгіленген жауаптылықта болады. Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды тұлғалары мен азаматтарының осы Тәртiптiң талаптарын сақтауын бақылауды ұлттық қауiпсiздiк органдарымен өзара iс-қимылда iшкi iстер органдары жүзеге асырады. 2. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 4-тармақ толықтырылды 4. Шетелдiк азаматтар, егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өзгеше тәртiп белгiленбесе, Қазақстан Республикасының визасы болған жағдайда, төлқұжаты немесе оны алмастыратын құжаттар (бұдан әрi - төлқұжат) бойынша мемлекеттiк шекарадағы халықаралық және жолаушы қатынастары үшiн ашық өткiзу пункттерi арқылы Қазақстан Республикасына келедi және Қазақстан Республикасынан кетедi. Визаның қолданылу мерзiмi шетелдiк азамат паспортының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде 6 ай бұрын аяқталуы тиiс. 5. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге (келулерге) және Қазақстан Республикасына келiп кетуге (келу-кету) визаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерi мен консулдық пункттерi, ал ондайлар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының уәкiлеттiк берiлген органдары бередi. 6. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасынан кетуге (кету) және Қазақстан Республикасынан кетiп, қайта келуге (кету-келу) визаларды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, сондай-ақ ол уәкiлеттiк берген аумақтық iшкi iстер органдары бередi. Төлқұжаты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде және оның өкiлдiктерiнде тiркелген шетелдiк азаматтарға кету және кету-келу визаларын берудi осы ұйымдар жүргiзедi. 7. Қабылдаушы ұйымдардың өтiнiшi бойынша шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге бiрнеше мәртелiк виза берiлуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 29.05.02 ж. N 595 қаулысына сәйкес 8-тармақ толықтырылды 8. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн: 1) халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұйымдарының заңдарда белгiленген тәртiппен ресiмделген жазбаша өтiнiштерi; 2) Қазақстан Республикасына жеке iстерi бойынша, турист ретiнде және мемлекеттiк емес ұйымдардың шақыруы бойынша iскерлiк мақсаттармен немесе тұрақты тұруға келетiн шетелдiк азаматтар үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтарға iшкi iстер органдарының рұқсаты; 2-1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгілейтін тәртіпке сәйкес шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін заңды немесе жеке тұлғалардың заңнамада белгіленген тәртіппен ресімделген жазбаша өтініштері. ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 9-тармақ толықтырылды 9. Келу визаларын берудiң негiздемесi шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болу мақсаттарына сәйкес келуi тиiс. Қазақстан Республикасына туыстары мен таныстарының шақыруы бойынша, яғни жеке iстерi бойынша келген, сондай-ақ iскерлiк мақсатпен, оқуға және турист ретiнде келген шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында жұмысқа орналаспайды, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, визада көрсетiлген келу мақсатымен байланысты емес өзге де қызметпен айналыса алмайды. Шетелдiк жұмыс күшiн лицензиясыз тартуға (әкелуге), сондай-ақ Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiктердiң тиiстi рұқсатсыз еңбек қызметiн жүзеге асыруына тыйым салынады. Еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн (жұмысқа) Қазақстан Республикасына келуге визаны тек Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің шетелдегі мекемелерi ғана, олар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы уәкiлеттi өкiлдерi бередi. 10. Визалардың санаттары мен түрлерiн, оларды берудiң, сондай-ақ олардың қолданылу мерзiмдерiн қысқарту мен ұзартудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгі айқындайды. 11. Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген негіздер бойынша шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасына келуiне және Қазақстан Республикасынан кетуiне тыйым салынуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. N 241 қаулысымен 11-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. N 881 қаулысымен 11-1-тармақ өзгерді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 11-1. Қазақстан Республикасына келу кезiнде 16 жасқа толған әрбiр шетелдiк азаматқа көшi-қон карточкасы беріледi. Көшi-қон карточкалары Қазақстан Республикасынан кету кезiнде тапсырылуы тиiс. Көшi-қон карточкалары: Қазақстан Республикасының дипломаттық, қызметтiк және инвесторлық визасы бар адамдарға; әуе, теңiз және өзен кемелерi экипаждарының мүшелерiне; поезд, оның iшiнде рефрижератор, локомотив бригадаларының жұмыскерлерiне және темiр жол көлiгiмен тасымалданатын жүктердi бiрге алып жүретiн адамдарға; Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн поездардың жолаушыларына; халықаралық автотасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiне берiлмейдi. Көшi-қон карточкасын беру ережесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген органдар айқындайды. 3. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтарды тiркеу 12. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтардың өздерiмен бiрге осы Тәртiпте белгiленген ретпен тiркелген төлқұжаты болуы және оларды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша көрсетуге мiндеттi. Шетелдiк азамат төлқұжатын жоғалтқаны туралы тез арада, азаматтың өтiнiшi бойынша ол туралы анықтама беретiн, iшкi iстер органына хабарлауы қажет. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. N 241 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 13-тармақ толықтырылды 13. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Шетелдiк азаматтарды тiркеу жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. 14. Қазақстан Республикасында шетелдiк азаматтардың төлқұжаттарын тiркеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ішкi iстер министрлiгi айқындайды. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. N 241 қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 15. Тiркеу шетелдiк азаматтың ұлттық паспорты мен визасының қолданылу мерзiмiнен аспайтын кезеңге ресiмделедi. Қазақстан Республикасымен келудiң және болудың визасыз тәртiбi туралы халықаралық шарттары бар елдерден Қазақстан Республикасына келген азаматтарды тiркеу тоқсан тәулiктен аспайтын мерзiмге жүргiзiледi және кейiннен дәл осындай мерзiмге ұзартылуы мүмкiн. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға заңда белгiленген тәртiппен ресiмделген рұқсаты бар шетелдiк азаматтарды тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi. Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын шетелдiк азаматтарды тiркеу бiр оқу жылына ресiмделедi. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес паспорттарды тiркеуден босатылуы мүмкін. 16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен оның өкiлдiктерiнде: 1) шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшыларының, дипломатиялық қызмет мүшелерiнiң, консулдық лауазым иелерiнiң, дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелердiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсететiн қызметшiлерiнiң, әскери атташе аппараты мен сауда өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ егер қонақтар көрсетiлген өкiлдiктер мен мекемелердiң аумағында тұратын болса, шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер басшылары қонақтарының; 2) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген және дипломатиялық немесе қызметтiк төлқұжаты бар шетелдiк мемлекеттердiң Сыртқы iстер министрлiктерi қызметкерлерiнiң және олардың отбасы мүшелерінің; 3) Қазақстан Республикасына қызметтiк iс бойынша келген халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының, аталған ұйымдардың Қазақстан Республикасындағы өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасында штаб-пәтерi бар халықаралық ұйымдардың жанындағы елдер өкiлдiктерiнiң халықаралық шарттарға сәйкес дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттi пайдаланатын қызметкерлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң; 4) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi тиiстi визалар беретiн шетелдiк ұйымдар-инвесторлар басшыларының немесе өзге де басшы қызметкерлерiнiң; 5) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шақыруы бойынша келген адамдардың төлқұжаттары тiркеледi. ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. N 881 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 17. Iшкi iстер органдарында осы Тәртiптiң 15-тармағының бесiншi абзацында және 16-тармағында көрсетiлмеген шетелдiк азаматтардың паспорттары тiркеледi. Iшкi iстер органдарымен келiсiм бойынша шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерi, тiркеу құқығы берiлген қонақ үйлер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерiнде, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде және қонақ үйлерде шетелдiк азаматтардың паспорттарын тiркеу туралы ақпарат тiркелген күнiнен бастап бес тәулiк iшiнде iшкi iстер органдарына хабарланады. ҚР Yкiметiнiң 17.07.03 ж. N 702 қаулысымен 3-1-бөлiммен толықтырылды 3-1. Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын шетелдiк азаматтарды есептiк тiркеу. 17-1. Дiни-ағартушылық қызмет (бұдан әрi - миссионерлiк қызмет) арқылы қандай да бiр дiн iлiмiн уағыздау және (немесе) таратумен айналысатын шетелдiк азаматтарды есептiк тiркеудi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзедi. 17-2. Есептiк тiркеу үшiн шетелдiк азаматтар төлқұжаты тiркелген сәттен бастап үш тәулiк iшiнде жергiліктi атқарушы органға мынадай құжаттар мен материалдарды: 1) дiни нанымға тиесiлiгiн, миссионерлiк қызметтiң аумағы мен мерзiмiн көрсете отырып, өтiнiштi; 2) миссионерлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына дiни ұйым берген сенiмхаттың немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн; 3) миссионер мүддесiн бiлдiретiн дiни ұйым өз елiнiң заңнамасына сәйкес ресми тiркелгендiгiн куәландыратын тiркеу туралы куәлiктiң немесе өзге де құжаттың көшiрмесiн; 4) Қазақстан Республикасында тiркелген дiни ұйымның шақыруын; 5) миссионерлiк қызметке арналған әдебиеттi тыңдау, бейне материалдарын және (немесе) өзге де дiни мақсаттағы заттарды ұсынады. Көрсетілген құжаттарды ұсыну кезінде өтініш беруші белгіленген тәртіппен тіркелген төлқұжатын көрсетеді. 17-3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтарды есептік тіркеуді құжат берілген күнінен бастап жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жергілікті атқарушы орган жүргізеді. 4. Шетелдiк азаматтарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар беру 18. Iшкi iстер органдары берген рұқсат, сондай-ақ тұруға ықтиярхат алған шетел азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратындар деп танылады. 19. Өзге заңдық негiздемедегi шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасына уақытша келген болып саналады. Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдiк азаматтар өздерiн тұрақты тұруға қалдыру туралы өтiнiш жасай алады. 20. Шетелдiк азаматтарды Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға қалдырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi айқындайды. 21. Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжаттар: шетелдiк азамат үшiн - шетелдiк азаматтың Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адам үшiн - азаматтығы жоқ адамның куәлiгi болып табылады. 22. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы өтiнiштi, осы Тәртiптiң 20-тармағына сәйкес белгiленген тәртiппен, уәкiлеттi органдарға бередi. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасында тұру құқығына арналған қолда бар құжаттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы немесе жаңасын беру туралы өтiнiштi өздерiнiң тұратын жерi бойынша iшкi iстер органдарына, оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн екi айдан кешiктiрмей, ал ол жоғалған жағдайда - үш тәулiктен кешiктiрмей бередi. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. N 241 қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 23-тармақ толықтырылды 23. Шетелдiк азаматқа және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беруден Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген негіздемелер бойынша мыналарға бас тартылуы мүмкiн: 1) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) . Тұрақты тұру рұқсатын және азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдалуы мүмкiн. 24. Шетелдiк азаматтар өз төлқұжаттарының қолданылу мерзiмi аяқталған күнiнен бастап 6 айдың iшiнде жаңа немесе ұзартылған құжаттарды көрсетпесе, iшкi iстер органдары оларға азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн бередi. Азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, егер оның иесi iшкi iстер органдарына жарамды төлқұжатын көрсетсе, ықтиярхатқа ауыстырылады. 25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар, заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн көзделген тәртіппен, тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тiркеуге жатады. 5. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп-тұруы мен транзиттiк өтуi және олардың Қазақстан Республикасында тұратын жердi таңдауы 26. Шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының шетелдiк азаматтардың болуы үшiн ашық аумағы бойынша еркiн жүрiп-тұра және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес тұратын жердi таңдай алады. Жүрiп-тұру мен тұратын жердi таңдаудағы шектеулер, ол: мемлекеттiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, қоғамдық тәртiптi, халықтың денсаулығы мен өнегесiн сақтау, Қазақстан Республикасының азаматтары мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн қажет болғанда Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң немесе Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 27. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасы бойынша жүрiп-тұруының, сондай-ақ олардың шетелдiк азаматтар үшiн жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) баруының тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Iшкi iстер министрлiгi айқындайды. 28. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтетiн шетелдiктердiң Қазақстан Республикасына келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi үшiн Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы ресiмделедi. ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. N 881 қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) 29. Шетелдiктердiң Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiне, оларда үшiншi елге кiру үшiн жарамды құжаттар (визалар) болған жағдайда, бес тәулiктен аспайтын мерзiмге рұқсат етіледi. 30. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мемлекеттерге олардың азаматтығының визасыз келу туралы келiсiм бар елдерге транзитпен өтетiн шетелдiктерде Қазақстан Республикасының транзиттiк визасы болуы мiндеттi. 31. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарымен транзитпен өтетiн, оның iшiнде жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдiктер халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық жолдар бойынша ғана жүредi. 32. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өтуiнiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайды. 6. Осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауаптылық. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болуы мерзiмiн қысқарту және кетiру 33. Осы Тәртiптiң нормаларын бұзу заңдармен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. 34. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту және оларды Қазақстан Республикасынан кетiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша жүргiзiледi. 35. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында болуының мерзiмiн қысқарту туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес iшкi iстер органдары немесе ұлттық қауiпсiздiк органдары қабылдайды. ҚР Үкіметінің 13.03.03 ж. N 241 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 756 қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 36. Кетiру туралы шешiмдi сот қабылдайды. Бұл ретте шетелдiк азаматтарды кетiрудi ұйымдастыру үшiн қажетті мерзiмге ұстауға жол берiледi. Оларды ұстау iшкi iстер органдарының арнайы мекемелерiнде жүргізiледi. Кетiру бойынша шығыстарды кетiрiлетiн шетелдiк азаматтар не шетелдiктi Қазақстан Республикасына шақырған ұйымдар немесе жеке адамдар, ал ерекше жағдайларда iшкi iстер органдары көтередi. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына келу құқығынсыз келген адамдарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшiн ол адамдарды әкелген көлiк ұйымы жауапты болып табылады. 37. Шетелдік азаматтар заңдарда белгiленген тәртiппен өзiн Қазақстан Республикасынан кетiру және Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы шешiмге шағымдануға құқылы. 38. Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланатын шетелдiк азаматтардың осы Тәртiптi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту туралы мәселе дипломатиялық арналар бойынша шешiледi. 7. Халықаралық келiсiмдер 39. Егер Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiнде осы Тәртiпте қамтылғандардан өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық келiсiмнiң ережесi қолданылады. |
|
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВИЗАЛАРДЫ АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ |
|
|
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды. Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз. Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВИЗАЛАРДЫ АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп көзделмесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу үшін Қазақстан Республикасының визасы қажет. ҚР визаларын беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 08-1/77 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 806 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеледі. ҚР визасы жарамды паспортқа немесе Қазақстан Республикасы танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Қазақстан Республикасының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен ҚР аумағын кесіп өтуге құқық береді. 1. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің Астанадағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе Алматыдағы КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады. Туристер ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді. Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Андорраның, Аргентина Республикасының, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Бразилия Федеративтік Республикасының, Ватиканның, Венгрия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Кипр Республикасының, Корея Республикасының, Коста-Рика Республикасының, Куба Республикасының, Латыш Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының Монаконың, Наурудың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румыния Республикасының, Сан-Марино Республикасының, Сингапур Республикасының, Словакия Республикасының, Словения Республикасының, Түркия Республикасының, Уругвай Шығыс Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Хорватияның, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Эстон Республикасының, Ямайканың азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатпен шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді, яғни қабылдайтын ұйымдардың шақырулары (Астана, Алматы қалаларындағы) ҚР СІМ КҚД-ға тікелей тапсырылады. Қазақстан Республикасына жеке істерімен келетін шетел азаматтары үшін келуге арналған рұқсатты Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдейді. 2. ҚР визаларын алу үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының өкілдігі орналасқан елдегі дипломатиялық/консулдық мекемесіне өтініш білдіріп, жарамды паспортты (немесе халықаралық жол жүру құжатын), ҚР СІМ КҚД визалық қолдауының нөмірі қойылған шақыру хаттың көшірмесін (немесе Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген жеке шақырудың түпнұсқасын), толтырылған визалық сауалнаманы және фотосуретті береді. Визаның қолданылу мерзімі шетелдік азамат паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын аяқталуы тиіс. Басқа құжаттардың беру қажеттілігін консул жергілікті жерде белгілейді. 3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын – жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін шетел азаматтары үшін бір айға дейінгі, бірақ бір жыл ішінде екі реттен артық емес мерзімге, визалар жоғарыда аталған туыстардың өтініштері (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды) негізінде ресімделуі мүмкін. 4. Қазақстанда тұратын шетел азаматының туыстары немесе таныстары ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда, визалар нотариалды куәландырылған қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмелері, не дәрiгер куәландырған халықаралық жеделхат (телеграмма) негізінде ресімделуі мүмкін. 5. Қазақстан Республикасынан қоныс аударған шетел азаматтарына туған жерлеріне және туысқандарының зираттарына болып қайту үшін олардың жеке өтініштері және Қазақстан Республикасымен байланыстығын растайтын құжаттары (ұлттық паспорттағы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаттың, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшірмесі) негізінде үш айға дейінгі мерзімге жеке визалар берілуі мүмкін. 6. Тарихи отанына келу тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында қазақ диаспорасының шетелдік өкілдеріне ҚР СІМ-мен келісімі бойынша жыл ішінде екі рет үш айға дейінгі мерзімге олардың жеке өтініштері негізінде жеке визалар берілуі мүмкін. Шетелдегі ҚР консулдық мекемелерінде ҚР-дық бір мәртелік визалары 3, 4, 5 және 6-тармақтарда көрсетілген шетел азаматтарына, сондай-ақ қызметтік, туристік, жеке және іскерлік мақсатпен келетін Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарына шақырусыз беріледі. 7. Дипломатиялық визалар дипломатиялық паспорттың иелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелерiне, Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлерге консулдық алымдар алынбай беріледі. 8. Қызметтiк визалар шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң персоналына, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк iстермен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетел азаматтарына, қызметтік паспорттың иелеріне беріледі. 9. Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысатын шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 46 қаулысына сәйкес инвесторлық виза тегін беріледі. 10. Егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе «жұмыс iстеуге арналған» санаттағы ҚР визаларын ресімдеу үшін басқа құжаттармен қоса шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат болуы қажет. 11. Iскерлiк визалар (iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, түрлі форумдарға, конференцияларға қатысу, келісім-шарттар жасасу, бiрлескен кәсiпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсету және т.б.) Қазақстан Республикасына iскерлiк мақсатпен келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде беріледі. 12. ҚР туристiк визалары шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ КҚД-нiң визалық қолдауы болған жағдайда беріледі. 1-тармақта көрсетілген елдердің азаматтарына (ішкі істер органының рұқсаты талап етілмейтін) туристік ұйымдардың қолдаухаты бойынша туристік визалар Астана, Алматы, Атырау, Орал және Өскемен қалаларындағы әуежайларда ҚР СІМ-нің консулдық пункттерінде ресімделуі мүмкін. 13. Оқуға арналған визалар оқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына оқуға, оқу тәжiрибесінен өтуге, тағылымдамаға және осылар тәрізді себептермен келетiн, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi. 14. Емделуге арналған визаларды медициналық мекемелердің шақыру мақсатын растайтын құжаттары негізінде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетін, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi. 15. Тұрақты тұруға арналған визаларды ҚР ҰҚК-нің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон жөніндегі комитетінің келісімі бойынша ресімделетін, ҚР СIМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарына бередi. 16. Транзиттік визалар үшiншi елге келуге жарамды құжаттары (визалары) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүрулері үшiн беріледi. Қазақстанның аумағы арқылы транзитпен өтетін шетел азаматтарының өзімен бірге Қазақстан Республикасының аумағына кірген күнін растайтын құжаттары (жол билеттері) болуы тиіс. 17. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарынның паспорттарын тіркеу ҚР-дың шетелдегі мекемесінде визаны ресімдеу кезінде жүзеге асырылады. Тіркеу визаның берілген күнінен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді. Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелері арқылы тікелей өткізу бекеттерінде (12 халықаралық әуежайларда, «Достық» темір жол өткізу бекетінде, «Қорғас», «Достық», «Бақты», «Майқапшағай», «Қордай», «Көлжат» автомобиль өткізу бекеттерінде және Ақтау мен Баутино теңіз өткізу бекеттерінде) шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарға және көші-қон карточкасының «Кіру» және «Тіркеу» бағандарына белгі қою жолымен жүзеге асырылады. Тіркеу шекараны кесіп өткен күннен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді. Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу Iшкi iстер органдарында жүзеге асырылады. 18. ҚР визаларын беру үшін төлем мөлшері бекітілген консулдық алым мен нақты шығыстар үшін төлемнің сомасын құрайды және АҚШ долларымен немесе ҚР-дың шетелдегі мекемесі орналасқан елдің валютасымен өзара түсіністік негізінде алынады. ҚР-дың шетелдегі мекемелері орналасқан елдің өмір деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысымен бекітілген консулдық алымдардың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкалары мөлшерлерінің шегінде консулдық алымдардың түрлі тарифтері белгіленген. Консулдық алымдардың ставкалары: бір мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 30 евро; екі мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 70 евро; үш мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 85 евро; көп мәртелік виза немесе оны: бір жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 150 евро; екі жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 300 евро; 30 күнге дейінгі бір мәрте туристік виза – 30 евро; 60 күнге дейінгі екі мәрте туристік виза – 48 евро; транзиттік виза – 25 евро құрайды. Елшіліктің есеп шоты: Botschaft von Kasachstan Konto-Nr.: 756 970 000 BLZ: 100 700 00 Deutsche Bank Berlin
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының шегінде үшінші мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының беретін туристік визаларын өзара тану туралы Келісім 2008 жылғы 4 тамызда күшіне енді.
Қырғыз Республикасының аумағында үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін Қазақстан Республикасының туристік визалары танылатын елдер: Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Румыния, Америка Құрама Штаттары, Финляндия, Франция, Германия, Швейцария, Швеция, Жапония, Корея Республикасы, Словакия, Венгрия, Польша, Израиль, Хорватия, Чехия.
Қазақстан Республикасының аумағында үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін Қырғыз Республикасының туристік визалары танылатын елдер: Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Румыния, Америка Құрама Штаттары, Финляндия, Франция, Германия, Швейцария, Швеция, Жапония, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Словакия, Венгрия, Польша, Израиль, Хорватия, Чехия, Кипр, Мальта, Словения, Литва, Латвия, Эстония. |
|
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВИЗАЛАРДЫ АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ |
|
|
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды. Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз. Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВИЗАЛАРДЫ АЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп көзделмесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу үшін Қазақстан Республикасының визасы қажет. ҚР визаларын беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 08-1/77 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 806 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеледі. ҚР визасы жарамды паспортқа немесе Қазақстан Республикасы танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Қазақстан Республикасының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен ҚР аумағын кесіп өтуге құқық береді. 1. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің Астанадағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе Алматыдағы КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады. Туристер ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді. Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Андорраның, Аргентина Республикасының, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Бразилия Федеративтік Республикасының, Ватиканның, Венгрия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Кипр Республикасының, Корея Республикасының, Коста-Рика Республикасының, Куба Республикасының, Латыш Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының Монаконың, Наурудың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румыния Республикасының, Сан-Марино Республикасының, Сингапур Республикасының, Словакия Республикасының, Словения Республикасының, Түркия Республикасының, Уругвай Шығыс Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Хорватияның, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Эстон Республикасының, Ямайканың азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатпен шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді, яғни қабылдайтын ұйымдардың шақырулары (Астана, Алматы қалаларындағы) ҚР СІМ КҚД-ға тікелей тапсырылады. Қазақстан Республикасына жеке істерімен келетін шетел азаматтары үшін келуге арналған рұқсатты Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдейді. 2. ҚР визаларын алу үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының өкілдігі орналасқан елдегі дипломатиялық/консулдық мекемесіне өтініш білдіріп, жарамды паспортты (немесе халықаралық жол жүру құжатын), ҚР СІМ КҚД визалық қолдауының нөмірі қойылған шақыру хаттың көшірмесін (немесе Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген жеке шақырудың түпнұсқасын), толтырылған визалық сауалнаманы және фотосуретті береді. Визаның қолданылу мерзімі шетелдік азамат паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын аяқталуы тиіс. Басқа құжаттардың беру қажеттілігін консул жергілікті жерде белгілейді. 3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын – жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін шетел азаматтары үшін бір айға дейінгі, бірақ бір жыл ішінде екі реттен артық емес мерзімге, визалар жоғарыда аталған туыстардың өтініштері (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды) негізінде ресімделуі мүмкін. 4. Қазақстанда тұратын шетел азаматының туыстары немесе таныстары ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда, визалар нотариалды куәландырылған қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмелері, не дәрiгер куәландырған халықаралық жеделхат (телеграмма) негізінде ресімделуі мүмкін. 5. Қазақстан Республикасынан қоныс аударған шетел азаматтарына туған жерлеріне және туысқандарының зираттарына болып қайту үшін олардың жеке өтініштері және Қазақстан Республикасымен байланыстығын растайтын құжаттары (ұлттық паспорттағы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаттың, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшірмесі) негізінде үш айға дейінгі мерзімге жеке визалар берілуі мүмкін. 6. Тарихи отанына келу тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында қазақ диаспорасының шетелдік өкілдеріне ҚР СІМ-мен келісімі бойынша жыл ішінде екі рет үш айға дейінгі мерзімге олардың жеке өтініштері негізінде жеке визалар берілуі мүмкін. Шетелдегі ҚР консулдық мекемелерінде ҚР-дық бір мәртелік визалары 3, 4, 5 және 6-тармақтарда көрсетілген шетел азаматтарына, сондай-ақ қызметтік, туристік, жеке және іскерлік мақсатпен келетін Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарына шақырусыз беріледі. 7. Дипломатиялық визалар дипломатиялық паспорттың иелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелерiне, Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлерге консулдық алымдар алынбай беріледі. 8. Қызметтiк визалар шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң персоналына, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк iстермен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетел азаматтарына, қызметтік паспорттың иелеріне беріледі. 9. Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысатын шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 46 қаулысына сәйкес инвесторлық виза тегін беріледі. 10. Егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе «жұмыс iстеуге арналған» санаттағы ҚР визаларын ресімдеу үшін басқа құжаттармен қоса шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат болуы қажет. 11. Iскерлiк визалар (iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, түрлі форумдарға, конференцияларға қатысу, келісім-шарттар жасасу, бiрлескен кәсiпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсету және т.б.) Қазақстан Республикасына iскерлiк мақсатпен келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде беріледі. 12. ҚР туристiк визалары шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ КҚД-нiң визалық қолдауы болған жағдайда беріледі. 1-тармақта көрсетілген елдердің азаматтарына (ішкі істер органының рұқсаты талап етілмейтін) туристік ұйымдардың қолдаухаты бойынша туристік визалар Астана, Алматы, Атырау, Орал және Өскемен қалаларындағы әуежайларда ҚР СІМ-нің консулдық пункттерінде ресімделуі мүмкін. 13. Оқуға арналған визалар оқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына оқуға, оқу тәжiрибесінен өтуге, тағылымдамаға және осылар тәрізді себептермен келетiн, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi. 14. Емделуге арналған визаларды медициналық мекемелердің шақыру мақсатын растайтын құжаттары негізінде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетін, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi. 15. Тұрақты тұруға арналған визаларды ҚР ҰҚК-нің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон жөніндегі комитетінің келісімі бойынша ресімделетін, ҚР СIМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарына бередi. 16. Транзиттік визалар үшiншi елге келуге жарамды құжаттары (визалары) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүрулері үшiн беріледi. Қазақстанның аумағы арқылы транзитпен өтетін шетел азаматтарының өзімен бірге Қазақстан Республикасының аумағына кірген күнін растайтын құжаттары (жол билеттері) болуы тиіс. 17. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарынның паспорттарын тіркеу ҚР-дың шетелдегі мекемесінде визаны ресімдеу кезінде жүзеге асырылады. Тіркеу визаның берілген күнінен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді. Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелері арқылы тікелей өткізу бекеттерінде (12 халықаралық әуежайларда, «Достық» темір жол өткізу бекетінде, «Қорғас», «Достық», «Бақты», «Майқапшағай», «Қордай», «Көлжат» автомобиль өткізу бекеттерінде және Ақтау мен Баутино теңіз өткізу бекеттерінде) шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарға және көші-қон карточкасының «Кіру» және «Тіркеу» бағандарына белгі қою жолымен жүзеге асырылады. Тіркеу шекараны кесіп өткен күннен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді. Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу Iшкi iстер органдарында жүзеге асырылады. 18. ҚР визаларын беру үшін төлем мөлшері бекітілген консулдық алым мен нақты шығыстар үшін төлемнің сомасын құрайды және АҚШ долларымен немесе ҚР-дың шетелдегі мекемесі орналасқан елдің валютасымен өзара түсіністік негізінде алынады. ҚР-дың шетелдегі мекемелері орналасқан елдің өмір деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысымен бекітілген консулдық алымдардың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкалары мөлшерлерінің шегінде консулдық алымдардың түрлі тарифтері белгіленген. Консулдық алымдардың ставкалары: бір мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 30 евро; (01.11.2009 ж. бастап 32 евро ) екі мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 70 евро; (01.11.2009 ж. бастап 72 евро) үш мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 85 евро; (01.11.2009 ж. бастап 84 евро ) көп мәртелік виза немесе оны: бір жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 150 евро; (01.11.2009 ж. бастап 159 евро) екі жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 300 евро; (01.11.2009 ж. бастап 318 евро) 30 күнге дейінгі бір мәрте туристік виза – 30 евро; (01.11.2009 ж. бастап 32 евро) 60 күнге дейінгі екі мәрте туристік виза – 48 евро; транзиттік виза – 25 евро құрайды. (01.11.2009 ж. бастап 24 евро) Елшіліктің есеп шоты: Botschaft von Kasachstan Konto-Nr.: 756 970 000 BLZ: 100 700 00 Deutsche Bank Berlin Назарларыңызға Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Қырғыз Республикасы, Ыстықкөл, Талас, Шу облыстарының Қазақстан Республикасымен шекаралас аудандарының шегінде үшінші мемлекеттердің азаматтарына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының беретін туристік визаларын өзара тану туралы Келісім 2008 жылғы 4 тамызда күшіне енді. Қырғыз Республикасының аумағында үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін Қазақстан Республикасының туристік визалары танылатын елдер: Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Румыния, Америка Құрама Штаттары, Финляндия, Франция, Германия, Швейцария, Швеция, Жапония, Корея Республикасы, Словакия, Венгрия, Польша, Израиль, Хорватия, Чехия. Қазақстан Республикасының аумағында үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін Қырғыз Республикасының туристік визалары танылатын елдер: Австралия, Австрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Румыния, Америка Құрама Штаттары, Финляндия, Франция, Германия, Швейцария, Швеция, Жапония, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман, Словакия, Венгрия, Польша, Израиль, Хорватия, Чехия, Кипр, Мальта, Словения, Литва, Латвия, Эстония. |
|
|
Қазақстанның Алманиядағы консулдық өкілдіктері |
|
|
Қазақстан Республикасының Алмания Федеративтік Республикасындағы өкілдіктері - Берлин қаласы - Бонн қаласы - Майндағы Франкфурт қаласы - Ганновер қаласы - Вольфратсхаузен қаласы - Штутгарт қаласы - Гамбург қаласы - Бремен қаласы
Назар аударыңыз: 2008 жылы 10 желтоқсандағы № 99-IV ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген Салық кодексінің 7 пункті, 554 бабының, 2 параграфына сәйкес, консулдық алымдардың төленген сомалары қайтаруға жатпайды. Осыған байланысты, ҚР ның Германиядағы Елшілігінің немесе Франкфурт Майн қаласындағы Бас Консулдығының банк шоттарына әр түрлі консулдық әрекеттер үшін қаражат төлер алдында, консулдық алымдардың көлемі мен банктік шоттарға қатысты керекті ақпаратты ұқыптап оқуды сұраймыз. Қателікпен аударылған және артық төленген консулдық алымдарды қайтару туралы өтініштер және де осы сұраққа қатысты талаптар қарастырылмайды.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі Дәуренбек Ырысқали Рақымұлы, Консул Қаламбаев Марлен Қабланұлы, Вице-консул Мекен жайы: Nordendstr. 14-17 13156 Berlin Teл: (030 47 007 110 Факс: (030) 47 007 125 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық аймағы: Берлин, Бранденбург, Мекленбург Алдыңғы Померания, Саксония, Саксония- Ангальт, Бремен, Гамбург, Шлезвиг-Гольштейн
Қазақстан Республикасының Бонн қаласындағы бөлімшесі Бейсеева Гауһар Халилқызы, Елшілік бөлімшесінің кеңесшісі Мекен жайы: Rathausstr.3, 53225 Bonn Тел.: (0228) 403 87 0 Факс: (0228) 403 87 20 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық мәселелері бойынша сервистік ақылы телефоны (1,86 евро/мин): - Консулдық аймағы: Солтұстік Рейн-Вестфалия
Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас Консулдығы Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы, Бас Консул Мекен жайы: Beethovenstrasse 17, 60325 Frankfurt am Main Тел.: (069) 97 14 6 44 Факс: (069) 97 14 68 18 Консулдық мәселелері бойынша сервистік ақылы телефоны (1,86 евро/мин): 0900 544 44 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық аймағы: Гессен, Баден-Вюртемберг, Райнланд-Пфальц және Заарланд
Қазақстан Республикасының Ганновер қаласындағы Құрметті Консулдығы Вальтер Кляйне, Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Қашабаев Аян Нурғазыұлы, Консул Мекен жайы: Landschaftstrasse 4/5, 30159 Hannover Тел.: (0511) 301 868 99 Факс: (0511) 301 868 95 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық аймағы: Төменгі Саксония
Қазақстан Республикасының Мюнхен қаласындағы Құрметті консулдығы Райнхольд Креммел, Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Хамидуллин Сәкен Ерденбайұлы, Консул
Мекен жайы: Hans-Urmiller-Ring 46A, 82515 Wolfratshausen Тел.: (08171) 62 99 156 Факс: (08171) 62 99 157 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық аймағы: Бавария және Тюрингия
Қазақстан Республикасының Штутгарт қаласындағы Құрметті Консулдығы Доротея Халлер-Лайбле, Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Мекен жайы: Rotenwaldstrasse 100, 70179 Stuttgart Тел.: (0711) 656 52 35 Факс: (0711) 656 52 88 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық аймағы: Баден-Вюртемберг
Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Құрметті Консулдығы Профессор доктор Пеер Виттен, Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы Мекен жайы: Rothenbaumchaussee 40, 20148 Hamburg Тел.: (040) 411 72 328 Факс: (040) 411 72 325 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық аймағы: Гамбург
Қазақстан Республикасының Бремен қаласындағы Құрметті Консулдығы Профессор доктор Манфред Фукс, Қазақстан Республикасының Құрметті Консулы
Мекен жайы: Karl-Ferdinand-Braun Str. 8, 28359 Bremen Тел.: (0421) 2020 614, 2020 8 Факс: (0421) 2020 613 Электрондық пошта:
Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
Консулдық аймағы: Бремен
|
|
|
|
|
|
|
Елшінің алғы сөзі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
 Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...
Пайдалы сілтемелер
|