Елшінің Блогы
Осында Сіздердің сұрақтарыңызды қоюға болады. Оларға жақын арада жауап беріледі.
Тез және сапалы жауаб алу үшін, сұрау анкетаны толығымен толтырыңыз.
Риза Алмуханова
 
08. 06. 2014 11:51 Uhr
Құрметті Нұрлан Баймолдаұлы! Әулетіңізге амандық, еңбегіңізге абырой, табыс тілеймін.Одер өзені үшін 1945ж. ақпан айындағы соғыста шейіт болған жауынгерлердің мүрдесі табылғаны туралы хабар 2012 ж. айтылған. Қырғыз бауырлар өз азаматтарын жерлеуге барыпты, бұл жерде біздің де атамыз жатқан болуы керек деген ойдамын. Сол жерден табылған мүрделердің кімге тиесілі екені анықталды ма екен, соның хабарын білуге көмек етіңізші. Атам: Бисенбиев (Бисембаев) Алмукан (Альмухкан), Гурьев (Атырау)облысы Есбол (Индер)ауданынан шақырылған. 1943 ж.18-қарашада "За боевые заслуги" медалімен наградталған. Жақша ішіндегі аты-жөні сол марапаттау қағазындағы жазылуы, соңғы хаты 1945 ж. ақпан айында жазылған.
Сіздің атаңыз Алмухан Бисенбиевтің жерленген жерін іздестіру жөнінде РФ-ның ГФР-дағы Елшілігінің Әскери-мемориалдық бөліміне сауал жолданған болатын. Олардың берген ақпаратына сәйкес, Германия аумағында жерленгендердің тізімін тексеру барысында жауынгер А.Бисенбаевтың жерленген жерін анықтау мүмкін болмаған.
Германия аумағында оның жерленген жерін іздестіру жұмыстарын ары қарай жалгастыру үшін оларға толығырақ деректер қажет: туылған күні, туған жері, соңғы қызмет еткен жері және т.б.! Айтылмыш мәліметтерді алғаннан кейін, Сіздің сауалыңыз одан әрі қарастырылатын болады.
Сонымен қатар, Сізге Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатына (мекенжайы: 142100, Мәскеу обл., Подольск, Киров көшесі., 74 үй) сауал жіберуді ұсынамыз.